- •2) Дәрісбаян оқу процесін ұйымдастыру
- •4Ата-аналармен жұмыс.
- •7) Курстың психология және педагогикалық ғылымының орны
- •11) Оқыту әрекетін ұйымдастыру жоспарлау
- •12) Жұмыстың баршаға бірдей формасы
- •22Психологияны оқытудағы басқа ғылыммен баиланысы
- •53.Оқушылармен біріккен және жеке әрекеттерді құрастыра білу
- •54.Психологияны оқыту әдістеріндегі тренигтің алатын орны
- •55.Оқу процесін қйымдастыру формалары
- •58.Психологияны оқыту процесінде бақылау жургізуді ұйымдастыру
- •61.Оқытудың белсенді сипаттары
- •63.Оқу танымдық әрекеттің нәтижесін есеп алу және бағалау
- •64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •65.Педагогикалық колледждегі күнтүзбелік жоспар64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •69.Сабақ жоспарының негізгі мазмұны.
- •70.Білімгерлердің оқу әрекеті нәтижесін бағалау.
- •72.Әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасау.
- •75.Білімгерлердің оқу мотивациясы.
- •81.Психологияны оқыту әдістемесінде-социометрия әдісін қолдану.
- •83.Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқару.
- •85.Білімгерлердің оқу іс-әрекетін қалыптастыру
- •87.Эксперимент-психологияны оқыту әдістемесінің негізгі эмпирикалық әдісі
- •89.Ынтымақтастық педагогикасы.
11) Оқыту әрекетін ұйымдастыру жоспарлау
Оқытуды ұйымдастыру формалары түсінігінің мәні. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақ түрлері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Оқтуды ұйымдастырудың қосымша формалары.
Оқытуды ұймдастыру туралы түсінік. Оқыту жұмысының ұйымдастыру формасының даму тарихы. Сабақ – оқыту процестерін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтан бақса да оқыту формалары. Мектеп тарихында оқытудың сыныптық – сабақтың жүйесінің дамуы.
Сабақтың құрылымы және типологиясы. Оқушылардың сабақта оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальді, топтық, жекелік формасы.Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.
жоспар – бұл, білім негіздерін шығармашылық жолмен игеруге оқушылар қызметінің белсенділігін арттыруға ықпал ететін мұғалімнің шығармашылық ойлауының айнасы. Әр сабақ бойынша жоспар оқып жатқан материалдың көлемі мен мазмұнын, сабақтың кезеңдерінің ретін, оқушылар қызметінің түрін, жабдықталуын, үй жұмысының көлемін көрсетеді.Оның құрылымы мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктеріне, оның жұмысына, оқушылар санына тәуелді Оқу процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс-әрекеттің құрылымын білу өте маңызды.Оның негізгі компоненттерінің тізбегін беруге болады. Олар: мотив, мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, түрлер, әдістер және амалдар нәтижесі.
12) Жұмыстың баршаға бірдей формасы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу Әдістемелік жұмыстың міндеттері: 1. Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру. 2. Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми - практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
13)білім беру тәрбиелеу дамыту нәтижелерін ынталандыру бақылау нәтижеоерін талдау
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасынжетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы. Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
14) Лекция оқу әдістемесі. Лекцияның анық жүйесі және мазмұндау логикасы, жоспардың болуы, оған қатал бағыну, жоспардан ауытқу және т.б. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді айту – лекцияның басында, оның барысында немесе соңында; негізгі және қосымша немесе тек негізгі әдебиет беріледі; ұсынылған әдебиетті таңдаудың дұрыстығын бағалау және т.б. Барлық жаңа терминдердің және ұғымдардың ұғымдылығы мен түсініктілігі. Дәлелділігі мен қисындылығы. Негізгі ойлар мен түйіндерді бөліп көрсету. Пысықтау тәсілдерін пайдалану – қайталау, түсінігін тексеруге сұрақтар қою, игеру және т.б., лекцияның соңында әр мәселені қарап болған соң, қорытындысын шығару және т.б. Көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдалану. Дәріскердің тірек материалдарды пайдалануы
15) Оқу процесін ұйымдастыру формалары Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. 16) оқу процессіндегі технология рөлі
«Технология» ұғымы педагогикаға техника жағынан келген. Технология (грекше - өнер, шеберлік, ал loqos-ұғым) шетел сөздері сөздігінде: 1) әдістер жиынтығы; 2) жасау тәсілдері жөніндегі ғылым. Технология - бұл ерекше белгі, мазмұн жөніңде, кұрам жөніңде және әрекетті жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу-тәрбие жұмысын және олардың жүйесін байлау мен оны, жүзеге асыруды қарастырады. Осыдан барып педагогикада осы ұғымға анықтама беріледі. Педагогикалық технология - бұл оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына және оқушы тұлғасын дамыту мақсаттарына жетуге бағытталған педагогикалық әрекетті ретімен ашып көрсету жүйесінің жобасы және оны жүзеге асыру.педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. 17)оқу әрекетінің жалпы тәсілдерінің қалыптастыру, жоспарлау, міндеті мақсаты Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:тақырып,сабақтың міндеттері,сабақ кезендері,оқушыларға арналған тапсырмаларОқыту үрдісі — оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі. Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесіне кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжірибесінің жан — жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді. 18)псих оқыту формасы мен оқыту сипаттамасы
Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы. Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін. Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады. Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді. 19негізгі түсініктер білім беру әрекеті оқыту мазмүны, формасы әдістері пед қызм моделіБілім беру бағдарламасы - белгілі деңгейдегі және бағыттағы білім берудің мазмұны.Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:екі жақты сипаты;оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті; оқыту жағынан басқаруы; арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару; бүтіндік пен бірлік; оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігіОқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Балалардың өзіндік дамытуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекетті.Сөйтіп, оқыту процесі –мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынас, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етедіОқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.
21)педагог психолог тұлғасына сипаттама педагог - шығармашылықпен өзін - өзі дамытушы тұлға,Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы.Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Педагог – рухани бай тұлғаОның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады..Педагог – шығармашыл тұлға.Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Педагог-психолог жұмысының негiзгi бағыттары психологиялық ағартушылық, психологиялық алдын алу, психологиялық және психо-педагогикалық диагностика, дамыту және психотүзету жұмыстары, психологиялық ақыл-кеңес беру болып табылады.
