- •2) Дәрісбаян оқу процесін ұйымдастыру
- •4Ата-аналармен жұмыс.
- •7) Курстың психология және педагогикалық ғылымының орны
- •11) Оқыту әрекетін ұйымдастыру жоспарлау
- •12) Жұмыстың баршаға бірдей формасы
- •22Психологияны оқытудағы басқа ғылыммен баиланысы
- •53.Оқушылармен біріккен және жеке әрекеттерді құрастыра білу
- •54.Психологияны оқыту әдістеріндегі тренигтің алатын орны
- •55.Оқу процесін қйымдастыру формалары
- •58.Психологияны оқыту процесінде бақылау жургізуді ұйымдастыру
- •61.Оқытудың белсенді сипаттары
- •63.Оқу танымдық әрекеттің нәтижесін есеп алу және бағалау
- •64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •65.Педагогикалық колледждегі күнтүзбелік жоспар64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •69.Сабақ жоспарының негізгі мазмұны.
- •70.Білімгерлердің оқу әрекеті нәтижесін бағалау.
- •72.Әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасау.
- •75.Білімгерлердің оқу мотивациясы.
- •81.Психологияны оқыту әдістемесінде-социометрия әдісін қолдану.
- •83.Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқару.
- •85.Білімгерлердің оқу іс-әрекетін қалыптастыру
- •87.Эксперимент-психологияны оқыту әдістемесінің негізгі эмпирикалық әдісі
- •89.Ынтымақтастық педагогикасы.
81.Психологияны оқыту әдістемесінде-социометрия әдісін қолдану.
Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
82.Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістері.Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы.[1] Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
83.Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқару.
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады. «Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды.. Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады
84.Оқыту процесі-күрделі педагогикалық құбылыс. Педагогикалық процесс дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастырайық (1-сурет). Педагогикалық процесс дегенеміз – барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған. Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер – толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұлш жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б. жағдайлар жатады.
