- •«Риторика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •6.Троптар мен фигуралар теориясы, олардың шешен сөйлеудегі ролі
- •7.Мнемотехника, оның көпшілік алдында сөз құрылымындағы ролі.
- •9. Көпшілік алдындағы сөз мәдениеті.
- •10. Шешендік сөздер түрлері
- •11. Іскер қарым-қатынас ерекшеліктері
- •12. Академиялық шешендік
- •13. Пікірсайыс тәсілдері
- •14. Пікірсайыс мәдениеті
- •15. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық
- •32. Аристотельдің шешен сөздегі тілдің біріншілігі туралы пайымдауы.
- •33. . Сот шешендігіне тән белгілер. Солон заңы
«Риторика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
1. Шешендік өнер қоғамдық құбылыс
2. Шешен сөз теориясының дамуы мен қалыптасу тарихы
3. Риторика ғылым пәндері жүйесінде
4.Көпшілік алдындағы сөздің құрылым принциптері
5. Көпшілік алдында сөздің логикалық негіздері
6.Троптар мен фигуралар теориясы, олардың шешен сөйлеудегі ролі
7. Мнемотехника, оның көпшілік алдында сөз құрылымындағы ролі.
8. Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары
9. Көпшілік алдындағы сөз мәдениеті
10.Шешендік сөздер түрлері
11. Іскер қарым-қатынас ерекшеліктері
12. Академиялық шешендік
13. Пікірсайыс тәсілдері
14. Пікірсайыс мәдениеті
15. Көпшілік алдында сөзге дайындық кезеңдері
16. Шешендік өнердің қоғамның тарихи дамуындағы ролі
17. Антикалық риторика. Ежелгі Рим шешендік өнері
18. Риториканың негізгі салалары
19. Көпшілік алдындағы сөздің композициясы
20. Материалды дәйектеу мен мазмұндау құрылымы
21. Көпшілік алдындағы сөзді безендіру. Тілдік құралдарды пайдалану тактикасы
22. Көпшілік алдында сөздегі вербальдық емес құралдардың ролі
23. Шешеннің өзін-өзі ұстау мәдениеті
24. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің стилі мен техникасы
25. Шешендік сөздер негізгі салалары.
26. Іскер қарым-қатынас түрлері
27. Педагогикалық шешендік
28. Пікірсайыс түрлері
29. Пікірсайысқа дайындық
30.Нақты тақырыпқа жұрт алдында сөздің жоспарын құру және сөйлеу 31.Шешендік сөздерде метафоралардың қолданылуы.
32. Аристотельдің шешен сөздегі тілдің біріншілігі туралы пайымдауы.
33. Сот шешендігіне тән белгілер. Солон заңы
34.Грек және Рим шешендік өнерінің дамуы
35. Цицеронның шешенге берген анықтамасы. 36.М.Т.Цицеронның шешендік өнерге берген сипаттамасы.
37.Шешенге қойылатын талаптар.,
38.Шешендік өнердің синкреттілігі.
39.Шешен –табиғи дарын иесі.
40.Инверсия айшығы, сөзге интонация беру,дауыс ырғағы, лептілік, дыбыстар үндестігі.
41.Қазіргі шешендік өнер ерекшелігі.
42.Шешендік сөздің ұйқасқа құрылуының мәні.
43.Білім-ғылым мазмұнды шешендік.
44.Шешендік сөздің сапалық белгілері.
45.Риторикалық айшықтардың қызметі.
46. Түркі халақтарының шешендік өнері
47. Қазақ халқының шешендік өнері
48. Аристотельдің шешендік өнерге байланысты еңбектері
49. Ломоносов М. Шешендік өнерге байланысты еңбектері
50.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы туралы
51.Қабдолов З. Сөз өнері туралы ойлары
52.БайтұрсыновА. Шешендік өнерге байланысты ой-ікірлері
53.С.Негімовтің Шешендік өнерге байланысты еңбегі
54. Дадебаев Ж. Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері
55. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің этикалық негіздері
56. Цицероннның Шешен туралы, Брут, Шешен трактаттары.
57.Инвенция (лат.сөзі – жаңалық ашу). Тақырып таңдап анықтау, таба білу туралы жазыңыз
58. Испозиция (лат.сөзі - орналастыру) жанрды, сөздің түрін таңдау, материалды жүйелеу принциптері мен шешен сөздің құрылысы туралы жазыңыз
59.Элокуция (лат.сөзі – тілмен көркем айту, безендіру). жазыңыз
60. Мемория (лат.сөзі – есте сақтау) сөйлеушінің есте сақтау қабілетін жаттықтыру және есінде сақталған ақпаратты пайдалану, Акцио (лат.сөзі – айту,орындау) туралы жазыңыз
1)Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысыӨмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі
2) Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.
3) Риторика (гр. rhetorike, шешендік)[1] — шешендік өнер - дәстүрлі ұғымда Риторика деп шешендік өнерді, сөзбен иландыру өнерін айтады. "Шешендік - дейді, грек философы Платон - сендіру шеберлігі". Риторика тек қана өнер емес, ол - ғылым. "Риторика атасы" Марк Фабий Квинтиллиан оны жақсы сөйлеу өнері және жақсы сөйлеу ғылымы деп атады. Риториканың бастауында адамдарды өзінің сөз шеберлігімен тамсандырған, иландырылған артистер, бишілер мен әншілер тұрды. Алайда Риторика рационалды білімдікке, нақтыны сағымнан, ақиқатты жалғаннан ажырата білуге де негізделеді. Сондықтан, Риториканың қалыптасуына логика, философия, т.б. ғалымдар да зор үлес қосты.
Шешендік өнер теориясы. Онда мәнерлеп шешен сөйлеудін тиімді тәсілдері зерттеледі, поэтика жәнестилистикамен тығыз байланысты.
4) Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.[1]
Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.
5) Көпшілік алдында сөйлеу барысында көптеген адамдарда ұяңдық,сөзін ұмытып қалу,абыржу байқалады.Сондықтан ең алғаш адам өзін іштей дағдыландыруы керек.Бойындағы қорқыныш сезімінен арылғаны дұрыс.Негізінен мектеп кезде оқушыларға қарап сабақ айтудың өзі кейін келе адамның басқалардың алдында өзін еркін ұстауына септігін тигізеді.Сонымен қатар айна алдында өзіңіздің көзіңізге қарап сөйлеуге дағдылана берсеңіз кейін келе қорқыныш сезімі азаяды.Қай кезде де адамның көзіне қарап сөйлеген дұрыс.Ал ұялу ол да өз алдына бір мәселе.Басқалар бөтен немесе беделді деп қараған дұрыс емес.Олар да өзіңіз секілді адам екенін жадыңызда ұстауыңыз ұялшақтықтан арылтады.
6) Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді.Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:
көріктеу,
меңзеу,
әсерлеу дейді.
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота,кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді.
Фигура- сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистікқұрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.[1]
"Сөз айшықтары" термині эр түрлі мағынада қолданылады, бірақ оны лингвистикалық мағынада қалыптастыру үрдісі бар. Фигура риториканың поэтикалық семантикамен байланысты негізгі бөлімі ретінде қарастырылып, мағынаны өзгертудің, нормадан ауытқудың құралы деп түсіндіріледі. Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыс барлығына күмән келтірген элеаттық Философиялық мектептін өкілдері (б. з. д. 6—5 ғасырлар) мұндай байланыстың шарттылығын ескерігі, бұрынғыдан өзгеше, стилистикалық жағынан бейтарап жаңа формалар жасауға болады деп жорамалдаған. Белгілі бір мазмұнды эр түрлі тілдік формалармен (айшықты оралымдармен) беруге болатындығын мойындау стилистикалық қажетті формаларды тандау идеясына және оларды тындаушының жан дүниесіне эсер ету мақсатында қолдануға алып келді. Сөйтіп, тіл әзінің айшықты оралымдары арқылы тыңдаушыға психикалық әсер етудін құралына айналады. Сөз айшықтары туралы ілімнің бастауында "фигура" терминің сөйлеу құрылымына жатқызған Аристотель тұр. Аристотель мен оның жолын куушылар Сөз айшықтарын алғаш рет зерттеу объектісі етті.Эллинизм дәуірінде Сөз айшықтары термині қолданыска толық енген. Оның толық топтастырылуы Цецилий (1 ғасыр) шығармаларында берілген.
Сөз айшықтарының антикалық топтастырылуында екі принципке мән берілген:
Бірі — семантика-стилистикалық принцип, оған Сөз айшықтарының дәлдігі (жіктеу, санамалау, қайталау, сөйлеудің қатандығы, майдалығы, шапшандығы, қызулығы, маңыздылығы) жатады,
Екіншісі — құрылымдық принцип, оған Сөз айшықтарын өзгерту, қосымшалармен үстемелеу, қысқарту, орын ауыстыру, қарама-қарсы қою т.б. жатады. Сөз айшықтарымен мақсаты бір троптардың топтастырылуы да осыған құсас.
Мәтін лингвистикасының қалыптасуы, танбалар жүйесі туралы біртұтас ғылымның пайда болуы, мәтін мен риторикағатілдік дәстүрдің енгізілуі Сөз айшықтарын жаңаша қарауға, ен алдымен Сөз айшықтары мен стилистикалық(риторикалық) айшықтардың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.
Мәтіннің лингвистикалық теориясында Сөз айшықтары деп парадигма жасайтын кез келген қарапайым синтаксистіктиптердің сөйлеу практикасы кезінде көрінуін айтады. Бұл мағынада бейтарап мәтінге бейтарап Сөз айшықтары, яғни қарапайым синтаксистік типтер сәйкес келеді.
