Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

19. Заманауи педагогика бастауларына оралу. Рухани ізгілік (ш.А.Амонашвили). Ізгілік педагогикасының манифесі.

Педагогика – әлемдегі керемет өнер. Әр баланың өзінің педагогикасы болуы керек. Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. «Ұлы Дидактика», «Аналар мектебі». Коменский ізімен Англияда Джон Локк(1632-1704), Францияда Жан- Жак Руссо(1712-1781), Швейцарияда И.Г. Песталоцци(1746-1827), Германияда И. Герварт(1776-1841), Адольф Дистерберг(1790-1866) және т.б. ғылым өкілдері келіп шықты. ХVII ғ. мен XIXғ. аралығы педагогикалық теорияның қарқын ала дамыған, тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Ресейде К.Д. Ушинский, Н.И. Пирогов, В.В. Водовозов, Л.Н. Толстой және т.б. Ұлттық педагогикалық теория мен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Кобеев, А. Байтурсынов, С. Аспандияров және т.б. Еңбектерінде көрініс тапты.

Рухани ізгілік (Ш.Амонашвили) Әрбір бала- керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шесіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмытылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінен- ақ пайда болады, Сондықтан да кез- келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.

Ізгілікті педагогикалық ойлар постулаты:

1.Баланың бойындағы жоғарғы рухани бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.

2.Өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.

3. Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.

Ізгілікті педагогиканың кезеңдері:

- Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.

- Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады.

- Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.

Ізгілік педагогикасының идеясы:

- Педагогикалық үдерісте баланың шынайы адами құндылықтарды танып білуі және оны меңгеруі; - Педагогикалық үдерісте баланы әлеуметке қарсы бағыттайтын тәсілдердің қолдануына жол берілмеуі;

- Педагогикалық үдерістерге адами сипат беру;

- Мектеп ұжымы өмірінің заттық-материалистік және рухани ортасын, моральдық- психологиялық ортасын ізгілендіру.

Ізгілік педагогикасының 3 постулаты

  • Баланың бойындағы жоғарғы Рухани бастауға деген сенім

  • Өз бойындағы жоғарғы Рухани бастауға деген сенім

  • Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім

Ізгілік педагогикасының манифесі

Баланы философиялық тұрғыдан қабылдау;

Баланың біртұтас болмыс дегеніміз- рухани және материалдық екі болмыстың толыққандылығы: мұнда рухани болмыс жетекші болып табылады.

Ізгілікті педагогика Манифесінде мұғалім- нұр себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне бағыт-бағдар береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]