Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру сапасын мониторингілеу бағдарламасы

  1. Өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалы құрамы:

  • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары сертификаттарының болуы («Бөбек» ҰҒПББСО, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалдары).

  • Мұғалімдерге сауалнама жүргізу (мотивация, пәннің рухани-адамгершілік негізін түсіну тереңдігі, пәнді оқыту әдістемесін меңгеруі, өзін-өзі жетілдіру ықыласы, ой, сөз және істің бірлігі тәжірибесі, мұғалімнің оқушылары үшін үлгі болуын түсіну).

  • Сабақ барысындағы шығармашылық бағытты және мұғалімнің әдістемелік сауаттылығын анықтау (сабақтарға қатысу, сабақ жоспарын қарау және әңгімелесу кезінде).

2. Ұйымдағы моральдық-психологиялық ахуал:

  • Ұйым әкімшілігінің жұмыс стилі (әкімшілікпен, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу; ұйым басшылығына сауалнама жүргізу, пәнге және өзін-өзі тану мұғалімдерін іріктеуге деген қатынасын анықтау).

  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің сабақтан тыс іс-әрекетіне ықпалдастыру (өзін-өзі тану бойынша мектеп ішілік іс-шараларды өткізу).

  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің оқу іс-әрекетіне ықпалдастыру (жалпыадамзаттық құндылықтарды гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнына ықпалдастыратын мұғалімдердің болуы, тәжірибе алмасу).

3. Өзін-өзі тану кабинеттерінің жай-күйі:

  • Кабинеттердің саны (оқушылардың санына сәйкес)

  • Техникалық құрал-жабдықтардың болуы (магнитофон – міндетті түрде, қалған құрал-жабдықтар – мектептің материалдық мүмкіндіктеріне қарай)

  • Парталардың орналасуы (мектептің материалдық мүмкіндіктеріне қарай шеңбер құрып отыру абзал)

  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының бұрышы

4. Сабақтарға қатысу:

  • Сабақ құрылымын талдау:

а) Сабақтың ұйымдастыру сәті шаттық шеңберін немесе позитивтік күйге енуді, сабақ тақырыбын хабарлауды қамтуы тиіс;

б) позитивтік ой-пікірлер оқушылардың есте сақтауы үшін қысқа әрі жеңіл болуы керек (қайталаған абзал);

в) сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік құрылымын терең айқындайтын оқиға немесе тәмсілдер (мұғалімнің қалауы бойынша оқулықтан немесе басқа да кітаптардан алынады) және оқушыларды рухани-адамгершілік ойларға жетелейтін әңгіме құру;

г) сабақ тақырыбын ашуға мүмкіндік беретін шығармашылық іс-әрекет немесе топтық жұмыстар (шығармашылық іс-әрекет кезінде салмақты музыкалық сүйемелдеу абзал);

д) музыка және топтық ән салу мұғалімнің қалауына байланысты сабақтың кез келген уақытында қолданылуға болады (топтық ән салу оң бейнелердің пайда болуын қамтамасыз етеді);

  • Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін ашу (сабақтың әрбір кезеңінде мұғалімнің пайдаланатын барлық әдісі оқушыларды адам табиғатының мәні, өмір мәні, адамның шынайы құндылықтары туралы ойларға түрткі болуы керек; мұғалімнің ебін тауып құрған әңгімесі үлкен маңызға ие);

  • Мұғалімнің басым стилі: авторитарлық (мұғалім өз пікірін алға қояды, үнемі оқушыларды түзетіп, олардың ойларын аяқтап отырады және т.б.); либералдық (мұғалім бір-біріне кереғар пікірлердің барлығымен келісе береді, оқушыларды сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік өзегіне терең бойлауға бағыттамайды, маңызды қорытындылардан алшақтап, риторикалық бірыңғай сұрақтар қояды); гуманистік (мұғалім ықыласпен барлық оқушылардың пікірлерін тыңдап шығады және дұрыс қойылған сұрақтар арқылы терең рухани-адамгершілік жауаптарға бағыттайды);

  • Сабақ барысындағы тәртіп (оқушылардың оқулықтары мен жұмыс дәптерінің болуы, жұмыс дәптерлерінің арналуы, оқушылардың оқу процесіне белсене қатысуы).

5. Білім беру ұйымына жасалған мониторинг нәтижесін талдау (он төрт көрсеткіш бойынша шартты үш балдық бағамен жинақ кестесін толтыру).

6. Әдістемелік қолдау көрсету (қатынасқан сабақтарды талдау, мини-семинар өткізу).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]