Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

64.Ақылды тыныштандыруға қол жеткізу үшін пайымдау және ажырата білу қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.

Ойлану және ажырата білу

-Бізді толғандыратын дүниелер қаншалықты мәнді?

-Мені толғандырған жайлар мен уайымдар өмірде бір нәрсені жақсы жаққа қарай өзгерте ала ма?

-Бізді толғандыратын жайлар мен уайымдар ол біздің жақтыртпаушылық сезімдерімізбен өзімізе "меншіктеп алған" дүниелеріміз

-Айнала қоршаған әлем ол біздің ойымыз бе езіміміздегі бейнелердің қайта шағылысуы немесе жаңғырық деуге болады.

"Жақсы адамдарды кездестірсең одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез-құлықтағы адамды кездестірсең өзінді зертте" КОНФУЦИЙ

Пайымдау - ойлаудың алғашқы сатысынан оның тұжырымына өту жолы.  Ойдың  ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтастыруға, білімдерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Пайымдау  жеке тұлғаның міндеттерді орындауға үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді. Пайымдау — ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой  тұжырымдардың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы.

65.Сабақта музыка қолдану әдістері, музыканың пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту, хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері.

Джослин Годвин «Аспан мен жер үйлесімділігі» атты еңбегінде Музыка әлем бейнесін біртұтас жинақтайды, сондықтан да ол рухани әлемді ояту үшін құнды және әлем бейнесін жарық дүниеге келгенше иеленеді. Сондықтан өнерді бала өмірінің құрамды және сүйікті бөлігі ету керек.

Әлемдік педагогикалық тәжірибеде музыкалық тәрбие туралы бірнеше белгілі тұжырымдамалар бар. Кең тараған тұжырымдаманың бірі Карл Орфтың «Шульверк. Музыка для детей» деп аталады.

Бұл тұжырымдаманың негізгі принципі былай айқындалады: «іс әрекетке түсу арқылы шығармашылықпен оқимыз (учимся, делая и творя)». Балалар музыканы жан даусымен, қимылмен, шынайы қалпында бірлесіп орындайды да, танымдық іс әрекетке түседі. Музыкалық тәрбиенің мақсаты: балалардың қабілеттерінің ашуға мүмкіндіктер жасау, олардың өзбетінше болуына көмектесу, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Сабақта музыкалық аспаптар қолданылады, әуенді қимылдармен қосып үйрету ұсынылады, балаларды дамытуға шығармашылық ойындарды қолдану талап етіледі.

Музыкалық аспапты меңгеру: Бала қандай аспап таңдаса да қолау көрсету қажет. Пианино, скрипка, сырнай, қобық, домбыра, тсс.

Дауылпаз, тамбурин, цимбала, металдық үшбұрышты меңгеру қажет. Соңғы аспаптар өте белсенді немесе агрессивті, сонымен бірге олар эмоциялық, психикалық мәселелері бар балалар үшін пайдалы.

Музыкалық аспаптар игерген балалар біртіндеп сабырлы күйге келіп, өздеріне сенімді және тұрақты болады. Сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі зор. Ол оқушылар назарына бір объектіге тұрақтандырады және денелерін босаң қалыпқа келтіреді. Ол үшін классикалық немесе халық әуендерін қолнауға болады. Хор айту дағдылары: 1) Әнді отырып орындағанда, орындыққа жартылай, екі аяқты жерге тең басып, қолды екі тізенің үстіне қойып, түзу еркін отыру. 2) Тұрып орындағанда екі аяққа тең тұрып, қолды жанына түсіріп, еркін тұру 3) Басты тым жоғары көтермей, тым төмен түсірмей, өз деңгейінде ұстау 4) Әнді орындағанда иықты көтермей денені еркін ұстау керек. 5) Хор шығармасын біркелкі көркем орындау, үшін мұғалімнің қол қимылын түсініп, ұқыптылықпен іске асыру. 6) Хор шығармасын орындағанда әнші өзгелерден ерекшеленбей, бірін - бірі тыңдап біркелкі орындау.Хормен ән айтудың пайдасы: оқушылар денелерін тік ұстауға дағдыланады, бір-бірінен озбай,бәрі бірге,ынтымақтастықта ән айтып үйренеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]