Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

5.(50,69) Ішкі (рухани адамгершілік) және сыртқы зияткерлік білім. Жанды білімдер.

Білім берудің 2 аспектісі бар

Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін)

1.Рухани-адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін) Тұтастай білім беру = сыртқы білім + ішкі білім

- Адам тұлғасының барлық аспектілері ақыл, қол, жүректің үйлесімді дамуы қарастырылады;

- Байсалды тұлғаны дамыту;

- Адамның жаратылысынан бар рухани-адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарын анықтап, күнделікті өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік жасау;

Ойы, ісі, сөзі бірлікте болатын мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсат етіледі.

Сыртқы білім

ақыл үшін

Ішкі білім

жүрек үшін

-Сыртқы, интеллектуалды

-Сыртқы дүниені зерттейді

-Кітаби білім (жеке тәжірибесіз тануға болады)

-Қалауларды оятады, сырттағыға тартады

-Дүниеде күн көру үшін қажет

-Интеллектіні дамытады

-Ақыл мен тәнге қарасты

-Сыртқы білімнің мақсаты - ақпарат беру

-Интернет

-Аллергия пайда болады

-Ішкі рухани-адамгершілікті

-Ішкі дүниені зерттейді-Практикалық білім (тек жеке тәжірибе арқылы пайда болады)

-Әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды

-Өмірлік мақсаттармен байланысты (не үшін өмір сүру керек)

-Интуицияны дамытады

-Жүрекке қарасты

-Ішкі білімнің мақсаты трансформация (сананы ояту)

-Иннернет

-Энергия (күш-қуат береді)

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани-адамгершілік мәнін айқындап беру. Бұл барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде және алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру болып табылады. Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі түп қазық болуы керек. Яғни балаларға берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы тиіс.

Өзін-өзі тану – білім беру үдерісінде тұтастық пен адамдықты, рухтылықты қамтамасыз ететін мета пән болып табылады.

6.Мұғалімнің үш стилі.

Авторитарлық стиль (өктемдік)

Либералдық стиль (хаос, тез өзгеру, бейберекеттік )

Ізгілікті стиль (ешкімге қиянат жасамау,ойы, сөзі, ісі жақсылыққа бағытталған мұғалім)

 Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушыларөз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.     Демократиялық (ізгілік)стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән.   Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.  7. Адамзаттың ғаламдық проблемаларының рухани-адамгершілік сипаты (Рим клубының тұжырымдамалары).

Бүкіл елдер мен халықтарға қатысы бар жаһандандық проблемаларды бүкіл әлем қауымдастығының бірлескен күш жұмсауымен шешуге болады. Әрі қарайғы даму осы проблемалар мен дағдарыстарды шешумен байланысты. Бір-бірімен өзара байланысты осы дағдарыстарды былайша сипаттауға болады:

1.Жеке тұлғалық:

- зияткерлік-интеллектуальдық

- эмоциональдық

- тәндік.

2.Қоғамдық:

- экономикалық

- саяси

- мәдени

- отбасылық

- білім беру.

3.Экологиялық:

- климаттық

- ресурстық

- табиғи.

Қазіргі бұл дағдарыстардың бастапқы себебі бірыңғай әлемдік шаруашылық қалыптастыруға негізделген әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді жаһандандырумен байланысты болса, екінші себеп ғылыми-техникалық революцияның кеңінен қанат жаюы, ол адамның бүкіл мүмкіндіктерін, соның ішінде өзін өзі жойып жіберуін де бірнеше есеге арттырды. Осы екі процестің әсерінен бұрын жергілікті сипатта болған проблемалар енді жаһандық мәселелерге айналуда. Жаһандану проблемаларын жете түсінуде және оларды шешу жолдарын іздестіруде Рим клубы айтарлықтай роль атқарды.

Рим клубы — 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген.

Рим клубы өз жұмысын табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа талдау жүргізуден бастаған болатын. Алғашқы зерттеу нәтижелері Дж. Форрестердің «Әлемдік динамика» (1971) деп аталатын еңбегінде жарияланып, онда табиғат ресурстары осы қарқынмен пайдаланыла беретін болса, ол 2020 жылға қарай бүкіләлемдік экологиялық апатқа алып келетіндігі дәлелденді. Ол жұмысты ілгері апарушылар мұндай апатты жағдайдан шығудың жолын өнеркәсіп өндірісі мен тұрғындар санын саналы түрде консервациялаудан іздестіріп, ғаламдық тепе-теңдік үлгісі бойынша дамуға (баяндама Пределы роста, 1972) көшуді ұсынды.

Келесі «Адамзат бетбұрыс нүктесінде» (Человечество у поворотного пункта. М.Месарович и Э.Пестель (1974) баяндамасын дайындаушылар «ғаламдық тепе-теңдік ахуалына» қол жеткізу маңызды емес, мәселе, әлемдік жүйелердің түрлі бөліктерінің жүйелі өзара тәуелді дамуға-«органикалық өсуге» көшуінде деген ұсыныс жасады, олардың ойынша бүкіл адамзаттың тепе-теңдікте дамуына осылай жетуге болады. Бұл көзқарас «Өсу шеңберінен тыс» (За пределами роста) деп аталатын  Э.Пестеля (1988) баяндамасында көрініс тапты.

Бұлардың қай-қайсысы да стихиялы өзіндік дамудан бастартып, саналы реттеуге көшуді болжаған еді.

Рим клубының Нет пределов обучению (1979) баяндамасы бұқаралық білім беруді дамыту перспективаларына арналды, осылайша түрлі әлеуметтік топтағы адамдар мәдениеті мен әлемнің түрлі елдері деңгейіндегі айырмашылықты біршама азайтуға болады деп есептелді.

Әлеуметтік ғаламдық проблемаларды шешу перспективалары бойынша Рим клубының жалпы ұстанымы А.Печчеидің «Адамдық қасиеттер» (Человеческие качества) (1977) деп аталатын кітабында көрініс тапқан. А.Печчеи жетістікке ең алдымен адамдық қасиеттерді өзгерту жолымен қол жеткізуге болады деп есептейді, ал ол «жаңа гуманизмді», яғни ғаламдану, әділеттілікке сүйіспеншілік және қиянат жасаудан аулақ болу қасиеттерін тәрбиелеу арқасында ғана мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]