- •1.Өзін өзі танудың теориялық негіздері.Ақиқат құндылығы.
- •2.(24,26,28)Өзін өзі тану және басқа пәндердің ықпалдасуының мәні мен түрлері.
- •3.Педагогиканың үш типі
- •4. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі.
- •5.(50,69) Ішкі (рухани адамгершілік) және сыртқы зияткерлік білім. Жанды білімдер.
- •8. Ізгілік психологиясының классиктері рухани- адамгершілік білім туралы
- •9. Жарыққа шығару қағидаты.
- •10. Әлемдік тарихи өткенді шолудағы рухани-адамгершілік білім Гуманист-ойшылдың өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
- •12. Әр кім өзі жасаған әдебиет пәнінің жоспарын апарсын
- •13. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім. Қазақстанның үш ойшылының немесе педагогінің өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
- •14. Ұлы және шынайы көшбасшылар.
- •15. Риясыз қызмет ету – шынайы көшбасшының іргетасы.
- •16. Өзін-өзі танудың психологиядан өзгешелігін ашу.
- •17.(18) Заманауи философия бастауларына оралу. Жалған материализм тұжырымынан тұтас рухани-материалдық әлем тұжырымына өту (руханилық, адамгершілік, олардың өзара байланысы).
- •19. Заманауи педагогика бастауларына оралу. Рухани ізгілік (ш.А.Амонашвили). Ізгілік педагогикасының манифесі.
- •20.Шынайы көшбасшылық – тұлғаны рухани-адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі. Көшбасшылық үдерісіне нелер жатады? Амбиция және көшбасшылық.
- •21.(33,42,60)Сабақтардың құрылымдық – мазмұндық ерекшеліктері. Сабақтың құрылымдық-мазмұндық компоненттері:
- •22.Тұлға құрылымы.
- •23.Шынайы көшбасшының үлгілері. Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.
- •25. Заманауи психология бастауларына оралу (к.Г.Юнг, в.Франкл, к.Роджерс және басқалары). А.Маслоу қажеттілік, өзін-өзі өзектендіру, метоқажеттілік, метапатология иерархиялары туралы.
- •27.Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
- •29. Мұғалімнің үш типі. Мұғалімдерге арналған ережелер. Мысалдар.
- •30.Адамның құндылықтар жүйесінің жіктемесі, мысалдар.
- •31.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын тиімді жүзеге асыру шарттары (әр шартының мәнін нақты ашуға мысалдар келтіру).
- •32.Тыңдаушыларға ақпарат беру тиімділігі. Рухани-адамгершілік білім беруде мұғалімге қажет қасиеттер. Мысалдар.
- •5 «Т» Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық.
- •34.Классиктер еліктеу үлгісі ретіндегі ата-аналар мен мұғалім туралы. Мұғалім өміріндегі жағымды көңіл күйге енудің маңызы туралы.
- •35.Сабақтың құрылымдық элементтерін қолдану реті. Оқулық материалдарын сабақта қалай пайдалану керек.
- •36.Мұғалім өміріндегі шабыттандырушы мысалдар (үш мысал). Оларға ортақ не бар?
- •37.Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Олардың адам тұлғасының құрылымымен байланысы.
- •1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
- •38.. Классиктер абсолюттік ақиқат туралы.
- •39.Сүйіспеншілік энергиясы. Ғалымдар сүйіспеншілік энергиясы туралы. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі.
- •41.Адамзаттың ұлы тұлғалары өмірінен Дұрыс әрекетке мысал.
- •43.Риясыз сүйіспеншіліктің мәні. Сүйіспеншілік пен басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы.
- •44.Сабақтың дәйексөзі. Сабақта дәйексөзбен қалай жұмыс жүргізу керек.
- •45.Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі.
- •46.Қарсылық көрсетпеу, пікір білдірмеу және байланып қалмау (үш өсиет әңгіме) – шынайы еркіндік пен дұрыс әрекет қырлары (сіздің түсінігіңіз бен мысалдар).
- •47.Дұрыс әрекет практикасы (тәннің, тілдің және ақылдың үш дұшпандары). Қанағат шегі (мысалдар).
- •48.Оқытудың диалогтік әдісінің мақсаты. Оқиға айту өнері. Оқиға айту кезіндегі мұғалімнің міндеттері.
- •49.Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Ішкі тыныштық және басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы. Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері қандай?
- •51.Әңгімелердің дереккөздері. Әңгіме таңдау кезінде жас ерекшеліктерін ескеру (мысалдар).
- •1 Жастан бастап 10 жасқа дейін.
- •11 Жастан 15 жасқа дейін:
- •15 Жастан жоғары
- •52. Қиянат жамсамау құндылығының мәні. Өзіңе қатысты қиянат жасамау. Қазіргі әлемдегі қиянат жасаудың себептері.
- •53. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қайырымдылық акциялары, драма үйірмелері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).
- •54. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.
- •55.Жағымды көңіл күй (сабақтың басында және аяғында). Жағымды көңіл күйді жүргізу әдістемесі. Жағымды көңіл күйді жағымды әсері
- •56.Жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақтан тыс іс-шараларға енгізу. Мысалдар.
- •57.(63)Топтық жұмыстың түрлері (мысалдар), оның пайдасы.
- •58.Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі шаттық шеңберлері, ақындар бұрышы, пікірсайыс клубтары, ғылым күндері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).
- •59. Шығармашылық жұмыстар (мысалдар), оның пайдасы.
- •61.Адам тұлғасының құрылымы. Ақылдың табиғаты. Парасат (интеллект).
- •62. Өзін-өзі тану және жаратылыстану циклындағы пәндерді ықпалдастыру мысалдары.
- •64.Ақылды тыныштандыруға қол жеткізу үшін пайымдау және ажырата білу қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.
- •65.Сабақта музыка қолдану әдістері, музыканың пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту, хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері.
- •66.Бала мінезіне кері әсер ететін ата-аналардың балаларға қарым-қатынасының типтері.
- •67.Қиянат жасамау тәжірибесі. Өзін-өзі тануды оқытудағы қиянат жасамау.
- •68.Педагогикадағы сүйіспеншілік.
- •70.Классиктер рухани-адамгершілік әңгімелердің мәні және басымдылығы туралы (мысалдар).
- •71.Тәрбие ісіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Ынтымақтастықтағы тәрбие.
- •72.Музыканың өсімдіктерге, жан-жануарларға және адамдарға әсері. Адам өмірінің әуені.
- •73.. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні, оның ар-ұжданмен байланысы.
- •74. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.
- •75. Сабақта бағалау формалары. Тестілеу. Сабақ мониторингі.
- •«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру сапасын мониторингілеу бағдарламасы
- •Өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалы құрамы:
- •2. Ұйымдағы моральдық-психологиялық ахуал:
- •3. Өзін-өзі тану кабинеттерінің жай-күйі:
- •4. Сабақтарға қатысу:
- •7. Жинақ кестесі үшін ескертпе:
- •8. Мектептің жалпы бағасы:
- •Тест. Тестілеу.
62. Өзін-өзі тану және жаратылыстану циклындағы пәндерді ықпалдастыру мысалдары.
Интеграциялаудың жолдары
Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру
Қазіргі ғылыми жаналықтармен таныстыру
Әрбір оқу пәндерінің мазмұнын жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау
Мысалдар:
Химия пәнінен Атом туралы айтқанда:
Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек.
Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыру; Рух “рухани бастаудың” қайнар көзі.
Астрономияда Күн жүйесі
Күн жүйесі күннен оны сегіз үлкен планетадан тұрады. “Күн” күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады.
Күнді жүрекке теңеп, жан-жағына нұрын шашып, өзгелерге жылылық сыйлайды.
Физика пәнінен. Тақырып: Толқын
Толқын – ай мен күннің тартылыс күшінен, желдің әсерінен атмосфералық қысымның ауытқуынан, су асты жер сілкісінен, жанартау атқылауынан пайда болатын теңіздермен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.
Адамның мінез-құлқына теңеп, мінез-құлық ауыспалы болмауы үшін жаны тыныш, жүрегі жақсылықты қабылдайтындай рухани деңгейде болу керек.
Биология сабағы:
Топырақ - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат.
(Адамға сүйіспеншілік, мейірім-шапағат беріп, дұрыс-әрекет жасауға тәрбиелесе, онда ол рухани бай болып қалыптасады. Топырақты да күтіп баптамаса, құнарландырмаса, онда ол дұрыс өспейді. Құнарсыз топырақ өсімдікті жойып жібереді. Ал сүйіспеншіліксіз, мейірімсіз тәрбиеленген адам қатыгез, жаман әрекетке жақын адам болып өседі). (Топырақ - тіршілік бесігі, қорек көзі) (Топырақ өсімдік қорегі баспана), (Адам өмірі топырақпен байланысты).
Ауа: сығылады, жылуды сақтайды, отты жанғызады
(Ізгілік жан-жағына шуағын шашып, жүрекке нұр, күш қуат береді).
«География» пәні. 5-сынып. Күн барлық адамға бірдей өз нұрын төгеді. Күн – кіршіксіз, риясыз таза сүйіспеншіліктің ұлы белгісі. Егер із күнге қарай жүрсек, онда көлеңкеміз артта қалады, ал күннен бері қарай жүрсек, көлеңкеміз алдымызда жүреді. Күн – мәңгілік, жалпыадамзаттық құндылығы болса, көлеңке – жағымсыз әрекеттер. Ендеше, «Өзін-өзі тану» пәнінің интеграциялануында жалпыадамзаттық құндылықтарға бет бұрсақ, онда жағымсыз әрекеттеріміз артта қалады да, үйлесімді нұрлы өмір сүруімізге өз кедергісін тигізбейді.
«Геометрия» пәні. Тақырып: «Сәуле және кесінді».
Сәуле мен кесінді екеуі де түзу сызыққа жататын математикалық ұғым. Сәуле бір шеті тұйықталған түзу. Ол шексіз, қиылысады,жалғаса береді. Руханилыққа,сүйіспеншілікке, адамгершілікке толы жан болса, сәуле сияқты шексіз кеңістікке шығып,қиылысу сияқты тұста бойындағы барын жан-жағына таратады. Ал, кесінді екі жағы тұйықталған түзу сызық. Ол тұрақты қалыпта тұрады. Руханилықты сіңіріп,бойына ештеңе дарыта білмеген адам да бір орында тұрақтап қалып,күйзеліске ұшырайды. Адам да өз бойындағы құндылықтарды дамыта білгенде және өз әрекеттерінде шынайы болғанда ғана оның ойларының және істерінің қосындысында тепе-теңдік болады.
«Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
Су қатты, сұйық және газ күйінде болады. Осы 3 өлшемге 1 өлшем қосылып, 4-ші өлшемге жетсе онда ол адам нұрға жоғары санаға жетеді. Біз табиғи жарық көзі болуымыз керек. Өзімшілдік – табиғи күй емес. Екі бірдей ыдысқа құйылған суға ұдайы екі түрлі мағынадағы сөз айтылған: «сен кереметсің» деген ыдыстағы су кристалданып, әдемі өрнек түзген, ал «сен жамансың»деген ыдыстағы судың түрі бұзылып, ретсіз кристалл пайда болған. Демек, табиғаттың өзі жамандыққа қарсы, оны қаламайды, сұлулық , жақсылық бар жерде, үйлесімділік пайда болады.
