Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

53. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қайырымдылық акциялары, драма үйірмелері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).

Оқудан тыс іс шаралардың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы сыныптар арасында, сыныпішілік т.б. түрлі спорттық шаралар, ата-аналармен бірлескен дөңгелек үстел, сайыстар, қайырымдылық акцияларын, көрме, дискуссия, драма үйірмелерін, пікірсайыс, ақындарбұрышын, саяхаттартағы да басқа көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға болады. Оқудан тыс шаралардың маңызы: 1. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытады; 2. Балалардың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени ортамен үйлесімді байланысын қалыптастырады; 3. Балаларды мәдениетті адамдарға тән адамгершілік нормалар мен таныстырады;

4. Жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірімен санасып, шығармашылық іс-әрекетте рарқылыөзін-өзі айқындауға басшылық жасайды; 5. Табиғат байлықтарына жауапкершілік пен қарайтын тұлға қалыптастырады; 6. Оқушылардың патриоттық қасиеттерін арттырып, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелейді;  Оқудан тыс шаралар арқылы құндылықтарды енгізеді;1. Спорт арқылы ұжымға, бірлікке, қамқорлыққа үйренеді;2. Дискуссия – дұрыс шешім қабылдау, татулыққа, сыйлауға, тыңдай білуге баулиды;3. Кез-келген құндылықты ала отырып, драмалық үйірмелерде оқушыларға жазуға, рөлдерге бөлуде ішкі сұлулығын көрсетуге ықпал етеді; 4. Қайырымдылық акциясы. Оны қабырға газеті, сайт арқылы жүзеге асыруда қайырымдылыққа үйретеді; 5. Клубтар (сурет, қолөнер) ұйымдастыру. Бұйымдарды сыйлық түрінде сүйіспеншілікпен сыйлауға үйретеді; 6. Ақындар бұрышы ұйымдастыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды өлеңдер, шығарма түрінде көрсетуге үйретеді.  Қайырымдылық акциясы. Оны қабырға газеті, сайт арқылы жүзеге асыруда қайырымдылыққа үйретеді. Драмаландыру – қойылымды қою барысында мәселенің рухани шешімін көрсету. Мысалы: Бауырсақ ертегісі.

54. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.

Ана от анасы. Оның қорғаушысы.Ана мен баланың ортасындағы байланыс болуы керек.Ұлт болашағы ананың алақанында. Оноре де Бальзак.

Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынана, ананың ақ сүтінене нәр алады. М.Горький

Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетті өзгелерге аудара салмауы тиіс (ата әжесіне, күтушіге, балабақшаға).

Өте ерте жастан тәрбиеге әлеуметтік мекемелерге берілген балалар анасы ғана бере алатын мейіріммен, жылылықтан, ізгіліктен сүйіспеншіліктен кенде қалды. Өкінішке орай көптеген балалар ана махаббатының не екеніні білмейді.Бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар.Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ, (үшін жақсы өзінің жақсы мінез\құлын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.) мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңына түсу, үлкендерге құрмет көрсетуді, кішілерді сыйлауды ұмыстып, жолдасын, отбасын екінші орынға ығыстырып шығарды. Мұндай өзімшілдік қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады.

Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі

Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тұтастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс. Ол ана үшін мешіті, оның мектебі, оның қызмет орны.Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар намысына, абройына нұқсан келмейтін әрекеттреге ғана барады. Әйелдің шынайы таңғажайыптығы оның мейірімді мінез құлқында ғана. Адамгершілік оның тыныс алысы сияқты, қарапайымдылығы оның өмірлік күші, ақиқат жолында жүргуі оның күнделікті парызы. Ана өзінің ар намысын сақтауда өзін құрбандыққа шала алады. Ол өз да, а лығы мен ақылдылығының арқасында күйеуінің алдында кішірейе алады. Күйеуінің амандығын, оның қуанышы, оның тілектері мен қалауларын сезініп, түсінуі, өзінің де игілікке жетуінің кілті екеніні түсінуі керек. Мұндай әйелдер жаратушының ризашылығына бөленеді. Рухани, ізгі әйелдердің күйеуіне әкелетін игіліктері:қоғамда жақсы жақсы атақ, сәттілік, әсемде мәнерлі тіл, ақыл-парасат, мақсатқа талпынушылық және шыдамдылық. Егер әйел рухани, ізгі болмаса онда осы барлық қасиеттерді күйеуінен ада етеді. Ең бірінші ол күйеуінің қоғамдағы орнын, яғни жақсы атағын жоқ қылды. Содан кейін сәттәләк оған жолдас болмайды да, ол өзіне лайықсыз әрекеттер жасай бастайды. Онан соң оның сөзі өзгереді. Ақыл\есі нашарлай бастайды. Онан соң ол жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата алмайды. Мақсатқа талпынушылықтарын қызықтырмайды. Шыдамдылығы таусылады. Нәтижесінде түрлі келеңсіз жәйттер болады.

Әйелге сыпайылық, ибалылық қажет. Онсыз әйел сұлулықтан, әдеміліктен, мәдениеттен де жұрдай болады. Сыпайы, ибалы әйел әрдайым ішкі түйсігімен сезініп дұрыс әрекеттерге барады. Сыпайы ибалы әйел өз отбасында ибалылықпен билік жүргізіп, ол қоғамға, бүкіл әлемге ықпал етеді. Сыпайы ибалы әйел тұрмыстың тауқыметімен ұсақталып кетпейді, өзі сыйлап, өзін де сыйлата алады.

Отбасындағы береке әйелге байланысты. Бұл өте нәзік көзге көрінбейтін дүние. Бірақ әрбір әйел білуге тиіс нәрсе. Егер отбасыңызда бақ, береке, мошылық болсын десеңіз отбасыңызды тек қана өзінің ішкі қзығушылымен ғана өмір сүрмейі крек.

Бұл ой ниет дастарханнан басталады. Егер отабсы мүшелері өз дастархандарына жай ғана басқаларды шақыра алатын болса, өздерінің ас тұзымен өзелерменбөлісе алса, онда ол отбасында молшылық, береке орнайды.

Егер отбасы құлқынның құлын ғана ойлап, өзімшіл болса, ондай адамдар олардан бас тартып, отбасына пайда ойлайтындар ғана бас сұғып, өздеріне қажетін ғана алып, сізге бақыт тілемейді.

Демек риясыз жақсылық жасау отбасының бақ, берекесінің негізі болмақ.

Ұлт ананың мәдениетінің негізінде қалыптасып, дамиды. Өмірге келген ұрпақ бүгінгі ананың негізінде қалыптасады. Кешегі, бүгінгі, келешекте ана бәрінің өзегі болмақ. Ұлттың жүрегі, тынысы болмақ.

Ананың міндеті\ руханилық пен адамгершіліктің негізін салу. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Егер ол адамгершілікпен әрект етсе балалары да соны жасамақ.

Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды. Шығыс даналығы.

Жақсы отбасының қасиеттері.

Үлгілі жақсы ата аналар: беделді болу керек; ажырата білуге үйретуі тиіс; сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс; өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.

Үлгілі жақсы отбасының қасиеттері:

Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;

Әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;

Қуанышты жан тыныштығында өмір сүреді;

Отбасында бір бірімен жақсы қарым қатынасты болады;

Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]