Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

46.Қарсылық көрсетпеу, пікір білдірмеу және байланып қалмау (үш өсиет әңгіме) – шынайы еркіндік пен дұрыс әрекет қырлары (сіздің түсінігіңіз бен мысалдар).

Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» дұрыс әрекетке өсиет әңгіме.

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:

- Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді? – деді.

Үйші айтты:

- Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.

Көрші:

- Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? – деді.

Үйші айтты:

- Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе, - деді.

Жалшының байлығы, дұрыс әрекетке аңыз әңгіме. Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүріпті.Оның ешкімі жоқ екен. Ол мал- мүлкі және ақшасын баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанады. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Бай бір күні жалшысының үйіне есігін бір теуіп кіріп барады. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

— Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мыналарды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.

— Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, — деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

— Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді “мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

— Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.

Сонда жалшысы: — Қожайын, жағдайың құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым отбасым, екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құла ниектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді. Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. Бұл күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…

Отанға деген сүйіспеншілік дұрыс әрекетке (аңыз әңгіме)

Ерте кезде жиі болатын шапқыншылықтардан әбден шаршаған қазақ елі бір күні жаудың күші ала алмайтындай бір қамал соғуға шешім қабылдайды. Бұл қамалды салу үшін тұрғындар ынтымақмен, бар күш жігерлерін салады. Алайда бұл қамалдың бір жақ қабырғасы еш нық тұрар емес, қайта қайта құлай берді. Шаршаған жұрт, әбден қажыды. Сонда халық арасынан бір дана шығып, бұл қамалды нық тұрғызудың амалын білемін дейді. Ол үшін жалғыз ұлы бар ананы тауып, ол ұлын өз еркімен осы қабырғаға тірідей қалауы керек және жігіт те өз еркімен Отан үшін жанын пида ету керек деп айтады. Көп іздемей ақ, ондай ана мен бала табылды. Ер жігіт қамалға келіп, Отан алдындағы парызым, елімді аман алып қалуға дайынмын деп, қабырға тұсына келіп тұра кетеді. Анасы қайғыдан әрең шыдап,тұрғанда дана одан сен қалай ғана балаңды қидың деп сұрапты, сонда ол, менің ұлымның екі анасы бар, бірі мен болсам екіншісі Отан анасы, бүгін оны екінші анасы шақырды, қалай жібермеймін деп Отан үшін жалғыз ұлын қиюға әзір екенін көрсетіп, қайратталық танытады. Сонда дана жасалғалы жатқан әрекетті тоқтатып, келесідей сөзді айтады: «бізді жау алдындағы қорқыныш пен шарасыздық көзімізді жұмып қойғандай, алайда біздің жасағалы тұрған ісіміз дұрыс болмас, мен мына ана мен баланың әрекетін көріп, мұндай аналар мен балалары бар бізді жеңу мүмкін емес, баланы жіберіңдер де қамалды аяқтаңыздар деп бұйырады. Ол уақыттардан бері талай шапқыншылықтар болды, қиын замандар өтті және ол қамал он рет құлады, алайда халықтың күшімен оны он бірінші рет қайта тұрғызды. Расыменде, Отанға деген сүйіспеншілік, рухты өшіру мүмкін емес. Халықтың Отанға деген сүйіспеншіліктің шегі жоқ, ол мәңгі. Егер Отан алдында парызын сезінген ұл болса, Отанға деген шексіз ризашылығымен оған деген сүйіспеншілігін дұрыс әрекетімен көрсете білсе, ондай елде тәртіп те, тәрбие де, рух та мәңгі болмақ!

Шіріген картоп

дұрыс әрекетке өсиет әңгіме

Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке-бірлік кетеді.

Олардың бұл келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып алып, мынандай тапсырма береді:

- Айналайын, балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.

Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.

Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдар да оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды.

Енді балаларға ауыр, сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.

- Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке, сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік, - дейді.

Әкесі: - Айналайын, құлындарым, мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім, сендердің бір-біріңе, айнала қоршаған ортаға өкпе-реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніш те осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал, бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, - дейді.

Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]