- •1.Өзін өзі танудың теориялық негіздері.Ақиқат құндылығы.
- •2.(24,26,28)Өзін өзі тану және басқа пәндердің ықпалдасуының мәні мен түрлері.
- •3.Педагогиканың үш типі
- •4. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі.
- •5.(50,69) Ішкі (рухани адамгершілік) және сыртқы зияткерлік білім. Жанды білімдер.
- •8. Ізгілік психологиясының классиктері рухани- адамгершілік білім туралы
- •9. Жарыққа шығару қағидаты.
- •10. Әлемдік тарихи өткенді шолудағы рухани-адамгершілік білім Гуманист-ойшылдың өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
- •12. Әр кім өзі жасаған әдебиет пәнінің жоспарын апарсын
- •13. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім. Қазақстанның үш ойшылының немесе педагогінің өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
- •14. Ұлы және шынайы көшбасшылар.
- •15. Риясыз қызмет ету – шынайы көшбасшының іргетасы.
- •16. Өзін-өзі танудың психологиядан өзгешелігін ашу.
- •17.(18) Заманауи философия бастауларына оралу. Жалған материализм тұжырымынан тұтас рухани-материалдық әлем тұжырымына өту (руханилық, адамгершілік, олардың өзара байланысы).
- •19. Заманауи педагогика бастауларына оралу. Рухани ізгілік (ш.А.Амонашвили). Ізгілік педагогикасының манифесі.
- •20.Шынайы көшбасшылық – тұлғаны рухани-адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі. Көшбасшылық үдерісіне нелер жатады? Амбиция және көшбасшылық.
- •21.(33,42,60)Сабақтардың құрылымдық – мазмұндық ерекшеліктері. Сабақтың құрылымдық-мазмұндық компоненттері:
- •22.Тұлға құрылымы.
- •23.Шынайы көшбасшының үлгілері. Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.
- •25. Заманауи психология бастауларына оралу (к.Г.Юнг, в.Франкл, к.Роджерс және басқалары). А.Маслоу қажеттілік, өзін-өзі өзектендіру, метоқажеттілік, метапатология иерархиялары туралы.
- •27.Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
- •29. Мұғалімнің үш типі. Мұғалімдерге арналған ережелер. Мысалдар.
- •30.Адамның құндылықтар жүйесінің жіктемесі, мысалдар.
- •31.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын тиімді жүзеге асыру шарттары (әр шартының мәнін нақты ашуға мысалдар келтіру).
- •32.Тыңдаушыларға ақпарат беру тиімділігі. Рухани-адамгершілік білім беруде мұғалімге қажет қасиеттер. Мысалдар.
- •5 «Т» Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық.
- •34.Классиктер еліктеу үлгісі ретіндегі ата-аналар мен мұғалім туралы. Мұғалім өміріндегі жағымды көңіл күйге енудің маңызы туралы.
- •35.Сабақтың құрылымдық элементтерін қолдану реті. Оқулық материалдарын сабақта қалай пайдалану керек.
- •36.Мұғалім өміріндегі шабыттандырушы мысалдар (үш мысал). Оларға ортақ не бар?
- •37.Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Олардың адам тұлғасының құрылымымен байланысы.
- •1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
- •38.. Классиктер абсолюттік ақиқат туралы.
- •39.Сүйіспеншілік энергиясы. Ғалымдар сүйіспеншілік энергиясы туралы. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі.
- •41.Адамзаттың ұлы тұлғалары өмірінен Дұрыс әрекетке мысал.
- •43.Риясыз сүйіспеншіліктің мәні. Сүйіспеншілік пен басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы.
- •44.Сабақтың дәйексөзі. Сабақта дәйексөзбен қалай жұмыс жүргізу керек.
- •45.Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі.
- •46.Қарсылық көрсетпеу, пікір білдірмеу және байланып қалмау (үш өсиет әңгіме) – шынайы еркіндік пен дұрыс әрекет қырлары (сіздің түсінігіңіз бен мысалдар).
- •47.Дұрыс әрекет практикасы (тәннің, тілдің және ақылдың үш дұшпандары). Қанағат шегі (мысалдар).
- •48.Оқытудың диалогтік әдісінің мақсаты. Оқиға айту өнері. Оқиға айту кезіндегі мұғалімнің міндеттері.
- •49.Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Ішкі тыныштық және басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы. Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері қандай?
- •51.Әңгімелердің дереккөздері. Әңгіме таңдау кезінде жас ерекшеліктерін ескеру (мысалдар).
- •1 Жастан бастап 10 жасқа дейін.
- •11 Жастан 15 жасқа дейін:
- •15 Жастан жоғары
- •52. Қиянат жамсамау құндылығының мәні. Өзіңе қатысты қиянат жасамау. Қазіргі әлемдегі қиянат жасаудың себептері.
- •53. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қайырымдылық акциялары, драма үйірмелері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).
- •54. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.
- •55.Жағымды көңіл күй (сабақтың басында және аяғында). Жағымды көңіл күйді жүргізу әдістемесі. Жағымды көңіл күйді жағымды әсері
- •56.Жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақтан тыс іс-шараларға енгізу. Мысалдар.
- •57.(63)Топтық жұмыстың түрлері (мысалдар), оның пайдасы.
- •58.Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі шаттық шеңберлері, ақындар бұрышы, пікірсайыс клубтары, ғылым күндері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).
- •59. Шығармашылық жұмыстар (мысалдар), оның пайдасы.
- •61.Адам тұлғасының құрылымы. Ақылдың табиғаты. Парасат (интеллект).
- •62. Өзін-өзі тану және жаратылыстану циклындағы пәндерді ықпалдастыру мысалдары.
- •64.Ақылды тыныштандыруға қол жеткізу үшін пайымдау және ажырата білу қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.
- •65.Сабақта музыка қолдану әдістері, музыканың пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту, хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері.
- •66.Бала мінезіне кері әсер ететін ата-аналардың балаларға қарым-қатынасының типтері.
- •67.Қиянат жасамау тәжірибесі. Өзін-өзі тануды оқытудағы қиянат жасамау.
- •68.Педагогикадағы сүйіспеншілік.
- •70.Классиктер рухани-адамгершілік әңгімелердің мәні және басымдылығы туралы (мысалдар).
- •71.Тәрбие ісіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Ынтымақтастықтағы тәрбие.
- •72.Музыканың өсімдіктерге, жан-жануарларға және адамдарға әсері. Адам өмірінің әуені.
- •73.. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні, оның ар-ұжданмен байланысы.
- •74. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.
- •75. Сабақта бағалау формалары. Тестілеу. Сабақ мониторингі.
- •«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру сапасын мониторингілеу бағдарламасы
- •Өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалы құрамы:
- •2. Ұйымдағы моральдық-психологиялық ахуал:
- •3. Өзін-өзі тану кабинеттерінің жай-күйі:
- •4. Сабақтарға қатысу:
- •7. Жинақ кестесі үшін ескертпе:
- •8. Мектептің жалпы бағасы:
- •Тест. Тестілеу.
3.Педагогиканың үш типі
Педагогиканың 3 типі Г. Батищев пайымдауынша:
Қалыптастыру педагогикасы - әлеуметтік ортада жетістікке жету үшін тұлғаның қабілеттерін жан-жақты жетілдіру (мұғалім оқушы). Адам және әлем – бастапқыда ешбір рухани әлеуеті болмайтын биоәлеуметтік құбылыс. Қалыптастыру педагогикасының ортақ стратегиясы постулат бойынша анықталады: зат адамға билік етеді, жетелейді және бағыттайды. Қалыптастыру педагогикасы тәрбиеленушінің таңдау мүмкіндігін және өмірдегі орнын табуды қабылдауын жабады немесе жанғыртпай өзіндік жеке тұлғалық ұятын басады. Бұл адамды белсенділігі төменділікке, әлеуметтік- топтық бекінуде жауапкершіліксіз сыбайластыққа әкеледі(әлеуметтік- топтық эгоизм).
Қабілеттерін дамыту педагогикасы- әлеуметтік ортада жетістікке жету үшін тұлғаның қабілеттерін жан-жақты жетілдіру (мұғалім оқушы). Адам және әлем – бастапқыда ешбір рухани әлеуеті болмайтын биоәлеуметтік құбылыс.
Тұлғаның біліктерді, мамандықты меңгеруіне, қоғам меншігіне айналуына мүмкіндік беретін қабілеттерін қара бастың қамы үшін дамыту талаптарынан туындайды.
Кемелдендіру педагогикасы - адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару, рухани бастауын ашу. Адамды өзін-өзі жүзеге асыруға талпынатын шексіз рухани әлеует ретінде қабылдайды. Бұл тұрғыдан алғанда оқытудан басымдылығы және шын мәнісінде оқытуды тәрбиенің бөлігі құқығында ғана енгізу қарастырылады.
4. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі.
Жаһандану, ғаламдану, әлемді ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - жаңа әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт.
Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың“ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық,ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A8%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1"ыстық,мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының - компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар: а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы; 3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастық-тардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%96%D0%B0%D2%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83&action=edit&redlink=1"Жаһандану -қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін —өндірісті, ғылымды, қаржыларды,тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0&action=edit&redlink=1"сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
Дағдарыс:
1. Жеке тұлғалық: зияткерлік, эмоционалдық, тәндік.
2. Қоғамдық: экономикалық, саяси, мәдени, тбасылық, білім беру.
3.Экологиялық: ниет бұзылуы, климаттық, ресурстық, табиғи.
Рухани дағдарыс: жеке тұлғалық, экологиялық, қоғамдық: .иетің жолдасың.
Неге арналсаң соны істе. Ж.Аймауытов.
Шығудың жолы: «жаңа аскетизм». Руханилық ойдың, істің таза болуы.
Аскетизм рақымшылдық жасау, материалдық құндылықтарды рухани құндылықтарға өзгерту. Іс әрекеттің дұрыс болуы.
Жаһандық теңсіздік ғаламдық тепе теңдіктің бұзылуына ікеп соғады. Мысалы: Арал!!! Семей Невада. тб.
Жаһандану жағдайында оған жұтылып кетпеу керек. Жаһандық теңсіздікті сүйіспеншілікпен, руханилықпен жеңуге болады.Жүректі тыңдау.
Қаталдық қатыгездікке айналмауы керек. Ғ.Мұстафин.
Ауере Печчи: адам өзін өзі өзгертуді ойлауы керек. Мәселенің шешмі адамның рухани дүниесінде.
Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі
ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады,ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек.
