Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

41.Адамзаттың ұлы тұлғалары өмірінен Дұрыс әрекетке мысал.

 Сиқы Индира Гандидің өзінің жазғанынан:

«Бірде анамның туысы келеді. Ол маған әдемі тігілген көйлек әкелді. Алайда анам сыйлықты кері қайырып, бізге тек қолдан тоқылған киім киетінімізді түсіндірді. Қонақ анамның сөзіне кейіп:

- Сіздер мұнда жынданған боларсыздар, балаға қолдан тоқылған киім кигізіп, азаптаудың қажеті қанша? –дейді.

Анам мені шақырып алып:

- Апайың саған әдемі көйлек әкеліпті, ұнатсаң кие ғой. Алайда біздің шетелдік заттарды жаққан үлкен алауды ойла. Біз бәріміз қолдан тоқылған сари киіп жүргенде, сен сәнді көйлек кигің келе ме?-деді.

Мен қатты қызығып, көйлекке қол соза беріпедім, сол сәтте:

- Бұл көйлекті кимеймін!-деген ішкі даусымды естідім.

- Неге алмайсың? Саған әдемі заттар ұнамай ма? –деп туысым қызықтыра түсті.

Мен оған үлкндерден естігенім бойынша жауап қайтардым.

- Жарайды, періштем менің. Ал, шетелдік қуыршағың ше?-деді ойланбастан.

Мен үшін ол қуыршақ ең қымбат, жанымдай жақсы көретін досым еді.

Мен көр ойландым. Менде қуыршағыма деген махаббатым мен отан алдындағы борыш ұғымы тұрды.

Мен шешім қабылдадым. Кіре беріске барып қуыршағымды жағып жібердім. Содан бері сіріңке тұтатуды жек көремін»

Ш.Құдайбердіұлы Ахат Шәкәрімұлының әкесі туралы жазған естелігінен Шәкәрімнің сөзі, ойы және ісі бір жерден шықандығын көруге болады.

Ахат Шәкәрімнің айтуы бойынша 1918 жылы Алаш азаматтары Шәкәрімнің сыртынан сот қып сайлаған тұсында Белгібай деген байдын қызы мұғалім жігітпен қашып кеткен екен. Ол кезеңде бірін-бірі сүйген қыз бен жігіттің қашып кетуі үлкен қылмыс саналған. Белгібайдың арызымен ұсталған қыз бен жігіттің сотында сот Шәкәрім: «Біздің сот - ар соты, ардан, адамгершіліктен аспай, әділін айтамыз» - деген сөздерді айта келе: «Қыздың басына бостандық берілсін! Өзі сүйген адамына барсын!» -деп шешім қабылдаған екен. Сонда сол замандағы байлар Шәкәрімге қарсы сөйлесе керек. Сонда да Шәкәрім өзінің әділ ісі мен ізгі сөзінен таймаған екен.

Б.Момышұлы Бауыржан Момышұлының бірде қонаққа туған жері Жуалыда қонақта болыпты. Сонда ауылдың бетке ұстар азаматтары, әкімдері Бауыржан Момышұлын барын салып күтіп жатады. Өздерінің еңбектері, жасаған жақсылықтары жайында мақтанып жатыр. Ал Баукең есіктің төр жағында отырып, ашық тұрған есіктен қазан ошақ жақта әжейдің жалғыз күйбеңдеп жүргенін байқап отырады. Сонда Баукең:

- Ал бәрін жақсы екенсіңдер, жағдайларың жақсы екен. Мына қолымдағы қол сағатты жаңадан алып едім, көріңдер де көрімдігін беріңдер – депті. Барықтары сасқандарынан ақшаларын бір-бірінен қалыспай оттаға тастапты. Сонда Бауыржан батыр қазан ошақтың басындағы әжейді шақыртып, оған өзінің алғысын айып:

- Мықты болсаңда, сендер үшін қызмет еткен аналарды ардақтаңдар. – деп, көрімдіктен түскеннің бәрін сол кісінің қолына ұстатыпты. Әжей сол кезде қатты ризашылығын білдіріп, батасын беріпті. Жанындағы кісілер болса, өздерінің қылықтарын түсініп, ұялыпты.

43.Риясыз сүйіспеншіліктің мәні. Сүйіспеншілік пен басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы.

Шын мәнінде, біздің өміріміз сүйіспеншілік оқиғаларынан тұрады. Біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалу - өзімшіл сүйіспеншілік.

Өзімшіл сүйіспеншілік немесе біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалуы азап шектіртеді, қайғы-қасірет әкеледі. Риясыз сүйіспеншілік марапат іздемейді, ол өзі - Сый.

Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, жанасумен, іспен, түсінісумен, оймен

Риясыз сүйіспеншілік

  • Әрекет арқылы сүйіспеншілік-Дұрыс әрекет

  • Сезім арқылы сүйіспеншілік-Ішкі тыныштық

  • Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік-Ақиқат

  • Түсінуарқылысүйіспеншілік-Қиянатжасамау

Педагогикадағы сүйіспеншілік.

Педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студентті сыйламау студентің эмоциясына, сезімі мен ішкі толқынысына немқұрайлы қарау.Сүйіспеншілік арқылы ғана өзің жеке тұлға ретінде табуға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне енуге болады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана кемел адам бола алады.

Я .А. Коменский «.....алдымен сүю керек,сонан соң оқыту қажет....»

Ақиқатқа сүйене отырып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет етсе, ішкі жан тыныштығы болады, ішкі жан тыныштық орнаса қиянат өзінен өзі жасалмайды.

В.А. Сухомлинский «Мұғалімнің балаға махаббаты, баланың мұғалімге махаббаты ұғымына салынатын нәрсе, меніңше, бір адамның басқа адамның рухани байлығына таңырқауы, сүйсінуі....»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]