Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

39.Сүйіспеншілік энергиясы. Ғалымдар сүйіспеншілік энергиясы туралы. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі.

Сүйіспеншілік- эмоция емес, ол дүниені өзгертуге бейім, өмір еруші және демеуші қуатты энергия

Адам сүйіспеншілік энергиясын өткізгіш.

Сүйіспеншілікэнергиясын қалай береміз?

- Ізгі ниетпен жақсы істер жасау, таза ой арқылы, жан жадыратар жылы сөзбен, мейірім шуағы төгіліп тұрған көзқараспен, жүзіңде еш бояусыз риясыз, таза күлімсіреумен және өзара түсінісумен.

I= U

R

I- сүйіспеншіліктің ток күші

U- зейінді қуатқа шоғырландыру

R- қарсылық, эго

Сүйіспеншіліктің жетіспеуі қуаттың аздығы .

Қосымша:

Атымтай Жомарт(аңыз)

Заманында Атымтай жомарттың атағы әлемге таралыпты. Соған күйінген бір патша жендетін шақырып алып: - Менің де қолым береген еді, бірақ атақ-абырой Атымтайда. Сондықтан сен оны өлтіріп, басын осында жеткізсең, алтын-күміспен жарылқаймын, - депті. Сонымен тәтті қиялы тамсандырған жендет елден-ел, жерден-жер қоймай дүниені кезеді. Арып-ашып келе жатқан оған бір күні иман жүзді бір жігіт ұшырасады - Алыстан жолаушылап келе жатқанға ұқсайсыз. Жүріңіз біздің үйге, қонақ болыңыз. Әл жинап, демалып, асықпай аттанарсыз, - деп қоярда-қоймай үйіне шақырып бәйек болады. Жігіт үш күн бойы таудан отын шауып әкеп, оны сатып, түскен ақшасына бейтаныс қонағын күтумен болады. Төртінші күні қонақ: - Бауырым, құрметіңе ризамын. Мен кетемін демесем, тік тұрып қонақ етуден жалықпайтын сияқтысың. Әрі менің кім екенімді, не шаруамен жүргенімде де жұмысың жоқ. Сондықтан мен саған өзім жағдайымды айтайын. Мен бір елдің патшасының жендетімін. Атымтай деген жомартты іздеп шықтым. Оның басын шауып, патшама алып барсам, алтын мен күміске қарық болайын деп тұрмын. Сондықтан мен жолымнан қалмағаным дұрыс. Жолаушы жұмысы жүрсе бітеді деген, - деп асығыстық жағдайын баян етеді. Оны естіген жігіттің көзінде қуаныш нұры оянып:

- О, менің құрметті қонағым, сіздің жолыңыз болды ендеше. Іздеген Атымтайыңыз мен боламын. Мінеки, басым, алыңыз. Патшаңызға аман-есен жеткізіңіз де, сый-құрметке ие болыңыз, - деп басын иеді. Жендет аң-таң. Сенбейін десе, алдындағы жігіт өтірік айтатын, қалжыңдайтын адам емес. Өзін құрмет тұтып, сый көрсеткен адамға қол көтере алмай еліне құр қол аттанады.Келген соң патшасына көрген-білгенін түгел айтып береді. Соңында: - Сіздің бұйрығыңызды орындай алмағаным үшін оның орнына өз басымды алуыңызды өтінем, - деп сөзін тәмәмдайды. Патша ойланып қалады. - Апырай-ә, мен де өзімді жомартпын деп жүрмін. Шын берем десем, аса жақын адамға ең арысы жарты патшалығымды бере алатын шығармын. Алайды Аллаһ берген аманат-жалғыз жанымды атын-затын білмейтін белгісіз біреуге қия салу деген - ақылға сыйымсыз жайт қой! Қой, мұнан кейін Атымтаймен жомарттық салыстыруым ұят екен, - деп райынан қайтыпты. 40.Сүйіспеншілік түрлері. Біздің жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашылуына нелер кедергі жасайды және нелер ықпал етеді? Сүйіспеншілікке толы өмір (Мысалдар).

Өзімшіл сүйіспеншілік-адам тек өзін ғана ойлайды, сүю оның «маған» деген эгоистік қажеттіліктеріне құрылады. ( шамның жарығымен салыстыруға болады)

Өзара сүйіспеншілік- «сен-маған, мен-саған» деген есеп пен міндетке құрылады, жағдайға қарай (құбылмалы, уақытша, өткінші болып өзгереді. (Ай сәулесімен салыстыруға болады)

Риясыз сүйіспеншілік - бәріне бірдей нұр шуағын шашады, ештеңе қажетсінбейді, қайтарымын сұрамайды, бәріне қол ұшын береді.( Әлем жүйесі - жер, күн , су, от салыстырамыз)

Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі келтіреді ?

Эгоизм, ашу-ыза, көре алмаушылық, шыдамсыздық, қалаулар, сараңдық.

Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не ықпал етеді ?

Біз тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүл жарады.

Мысалдар:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]