Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

35.Сабақтың құрылымдық элементтерін қолдану реті. Оқулық материалдарын сабақта қалай пайдалану керек.

  • Әдістемелік тәсілдердің жіктемесі

  • Жағымды күйге келу формалары (сабақтың басында және соңындағы іштей жағымды күйге келу) - Жағымды күйге келу сабақтың басында және соңында өткізіледі, кейде сабақта тәртіп бұзылғар жаңдайда сабақтың ортасында да өткізуге болады.

  • Сабақтың дәйексөзі (жағымды ой-пікір) – Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес келетін нақты сөзді тақтаға жазу керек. Балалар оларды есте сақтау, түпкі санада сақталу үшін бірнеше рет дауыстап айтады немесе дәптеріне жазады.

  • Оқиға және әңгіме айту. – Әңгіменің мақсаты-бұрын меңгерген білімді көкейкесті ету, оқушылардың алдағы тұрған міндеттерді шешуі үшін оқу-танымдық іс-әрекетке олардың белсенді қатысуына зейінін, мүмкіндіктерін шоғырландыру. Әңгіме барысында оқушылардың жаңаны тануға дайындығы мен түсіну дәрежесі анықталады. Әңгімелесуді ұйымдастырудағы жақсы нәтиже көбінесе қойылатын сұрақтардың дұрыс болуына байланысты. Сұрақтар балалардың ойына түрткі салу үшін ақты, қысқа, логикалық тұрғыда ойластырылған болуы тиіс.

  • Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс (ойындар, сахналау, дөңгелеу үстелдер, плакат жасау, сурет салу, өлең құрастыру, ән шығару, ұсақ түйек жасау және т.б. - Шығармашылық жұмыс, топпен іс-әрекеттерді мұғалімнің оқиғаны айтып беруінен соң өткізген дұрыс. Егер оны өткізуге үлгермеген жағдайда келесі сабақта өткізуге болады.

  • Сабақты жоспарлау бойынша ұстанымдар:

  • Тақырып оқулықтан алынады, қалған материалдарды мұғалім өзі таңдайды. Мұғалімнің шығармашылық қатынасы маңызды. Оқулықтан нені алатынын, ол мұғалімнің сыйы ретінде жаңадан нені ұсынатынын жүрекпен ұғынатыны абзал.

  • Сабақтың мақсатында жалпыадамзаттық құндылық сабақтың тақырыбымен байланысты көрініс табуы тиіс.

  • Сабақтың міндеттерінде (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) таңдап алынған жалпыадамзаттық қүндылыққа сәйкес қасиеттер көрініс табуы тиіс.

  • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша практикалық сабақтардың әзірлемесі

басында: жоғары оқу орнынң аты, мерзімі, номері, тақырып, құндылық, қасиет, оқытушы, курс (топ), студенттер саны.

  • Сабақ барысының құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену, Орманға саяхат, Тыныс алу, Су түбіне саяхат.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

  • Дәйексөз.

  • Әңгімелеу.

  • Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

  • Топта ән айту.

  • Үйге тапсырма.

  • Соңғы тыныштық сәті.

36.Мұғалім өміріндегі шабыттандырушы мысалдар (үш мысал). Оларға ортақ не бар?

Көп нәрсе шабыттандырады. Адамдармен араласқанды жақсы көреді. Балаларды өте жақсы көреді. Балаларды тыңдағанды жақсы көреді. Бұл мұғалімдер үшін үлкен шабыт.

Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.

Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.

Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.

Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.

Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе, ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім ата-анасы сияқты оқушыны сүйсе, онда ол бүкіл кітаптарды оқып шыққан мұғалімнен де артық болады, бірақ өз ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілік танытпайды. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім Лев Толстой

Біз мектепте балалар үшінбіз, сондықтан олардың өздеріне сенуіне көмектесуге тиіспіз. Сонда мектеп оқушылар мен педагогтер үшін жаңалықтар мен ашылулар әлеміне, өмір қуанышына, тыныштық әлеміне, үйлесім мен ынтымақтастыққа айналады.

Жақсылық жасау, жақсылыққа үйрету, қиындықпен мақсатқа қол жеткізу, сүйіспеншілікпен ақиқатқа қызмет ету- міне, осы даналық.

(Мұғалімнің күнделігінен)

1 мысал

Шабыт- адамның белсенді қарым-қатынас жасағысы және белсенді жұмыс істегісі келуімен, сергек күймен ілесіп жүретін жалпы көңіл-күйінің көтеріңкі күйі. Мұндай күй, әдетте, адамдар олардың қолынан бір нәрселер жақсы келген өмірлерінің сәттерінде болады. Шабыт үздіксіз ізденудің нәтижесі екені даусыз, мәселен, жазушылар өздерінің ең тамаша шығармаларын жазған сәтте, актерлер ең жақсы рольдерін ойнағанда, суретшілер өздерінің ең тамаша суреттерін салған сәтте шабыттанады екен. Шабытты өз шығармашылық қызметім тұрғысынан, яғни педагогтық мамандық қырынан қарастыратын болсам, менің көтеріңкі көңіл-күйде болуым аудиториядағы жағымды қарым-қатынасқа, студент бойында сабаққа қызығушылықтың туындауына байланысты. Шәкірттің сенің пәніңді сүйіп оқуы, тапсырманы ынта-ықыласпен орындауы, сыйластықты қарым-қатынаста болуы, сені көргенде жылы шырай білдіруі – бұлардың барлығы ұстаздық қызметтің ауырлығын сездірмей, шығармашылыққа жетелейтін жағдайлар. Әсіресе, алған сенен алған білімдерінің пайдалылығын сезініп, оны тәжірибеде қолданып нәтижеге жеткені жөнінде бөліскенде ерекше бір күйге еніп, өз еңбегіңнің ақталғанына соншалықты қанағаттану сезіміне бөленесің.

2-мысал

Шабыт дегенде бірден ойға келетін - адамның ұшқыр қиялы, ойы. Осы аталғандардан барып, шабыт шырқау шегіне жетіп, өз жемісін береді. Ол үшін әрине үздіксіз іздену керек екені даусыз. Әркімнің шабыты өз алдына, өзгеден ерекшеленіп тұрады. Мысалы, ақындар өмірден көргендерін әдемі ұйқас жолдарымен оқырмандардың жүрегіне жеткізіп өлең шығарады, сол өлеңге сазгерлер әуен ойлап тауып, үйлестіріп, жақсы ән шығарады. Міне, байқап отырғаныңыздай әркімнің өзінің өнері, шығармашылық шеберлігі бар. Тек қана бұлар ғана емес, сонымен қатар, шабыттың шыңында жүрген жазушы, драматург, ұстаз, суретші, мүсінші, ғалым, және т.б. өнер майталмандары баршылық. Осылардың барлығы өз өнерлерін шабыт арқылы жарыққа шығарып, көпшіліктің ықыласына бөленіп, қошеметін көріп жүргендер. Айтып отырғанымыздан шабыттың өнермен, шығармашылықпен тығыз қарым-қатынаста екенін байқауға болады. Бірақ, бұл барлық адамдардың шабыты бірдей деген сөз емес.

Мына ғаламда тіршілік етіп жатқан әрбір адам өз жүрегінде арманын аялап ұстайды. Менің де ойласам, жүзімде еріксіз күлкі үйірілтіп, өмірге деген құлшынысымды арттыратын армандарым мен солардың негізінде құралған мақсаттарым жетіп артылады. Мен әрдайым шабытта болу үшін даналардың күш-жігер берер сөздерін оқимын.

Қорыта келсем, арман барда, оны орындауға құлшыныс бар, яғни өмір сүруге шабыт бар! Мені туған жерімнің табиғаты, самал желі, ауасы, дархан даласы шабыттандырады. Анамның маған деген мейірімінен шабыттанамын. Дүниеге әкелген нәрестелерім өмір сүруіме шабыт береді. Жолдасымның маған деген қомқорлығы мен сүйіспеншілігінен шабыттанамын. Шәкірттерім шабыттандырады. Өзімнің ұстаздарымның ілтипаттылығынан шабыттанамын.

Шабыт қайдан келеді? Шабытты адам анағұрлым әлемге көтеріледі. Ол үшін пенделік ұсақ- түйек маңызды емес. Ол қағазбен емес жүрекпен сөйлейді. Егер адам асқақ ойласа, онда оған міндетті түрде шабыт келеді. Біз шабытпен өмір сүруді үйрене аламыз. Біз шабытты өмір сүре аламыз және біз осыған үйренуге тиіспіз. Бізге ішкі жаратушымызды оятуымыз керек! Ол неліктен бостан-босқа ұйқыда жатыр? Оны ояту керек. Кейде адам шабыттанушы болуға шешім қабылдайды. Шабыт басқа жақтан емес «мен өзім қалаймын» деген сияқты іштен туады. Шабытты адам адамзат үшін бақыт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]