Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

27.Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.

Алғаш рет З.Фрейд адам санасынан басқа оған бағынбайтын бөлігін тауып, түсінік берді. Невроздарды зерттей келе, ол сана бөлігінен бөлектенген сезімдерді тауып, оны «түпкі сана» деп атады. Ашу, сараңдық, жек көру, қорқыныш, қызғаныш және т.б. төменгі сананың ішінде орын алады. К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа «жоғарғы сана» бар екенін айтты. Егер сырттан алған ақпаратты дұрыс, сүйіспеншілікпен қабылдасақ, төменгі санамыз таза болады. Егер төменгі санамыз таза болса, онда интуиция арқылы жоғарғы санаға қол жеткізуге болады. Біз сонда ғана руханилыққа қол жеткіземіз.

Сананы тазарту

Сананы тазарту жалпыадамзаттық құндылықтардың жарық сәулесін біртіндеп бойға сіңіру арқылы іске асырылады. Бұл құндылықтарды өмірімізге енгізу арқылы біз түпкі санамызда орын алған негативті үдерістерден арыламыз, осы орайда эмоция күші мен билігінен айрылып, біртіндеп өмірімізден алыстай бастайды. Сондықтан да санамызды тазарту барысында эмоциямызға бақылау жасап, тыныштыққа қол жеткізуіміз керек. Біз әрқашанда жоғары сана аймағына жетеміз деген позитивті оймен өмір сүруге үйренуіміз керек. Бұл күрделі жолға, тек жақсы позитивті ойлар, әдемі суреттер, жақсы кинофильмдер, табиғаттың әдемі бейнесі т.б. арқылы жете аламыз. Сонымен қатар жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік те тыс қалмайды. Бұндай риясыз сүйіспеншілікті бастан кешіру санамызды оятатын рухани энергияны қажет етеді. Ол бізге тыныштықты табуға, кемел адам дәрежесіне жетуге көмектеседі.

29. Мұғалімнің үш типі. Мұғалімдерге арналған ережелер. Мысалдар.

Мұғалімнің үш типі.

  • Шағымданушы

  • Түсіндіруші

  • Шабыттандырушы

Мұғалімдерге арналған ережелер.

1.ереже -басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында

2.ереже- бірінші ережеге қара.

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбайұлы Мұғалім өз оқушыларына жақсы біліммен қатар, озық тәрбие береді. Әр мұғалім оқушыларын шабыттандыра алуы тиіс. Олардың болашаққа деген бағдарын айқын таныту керек деп білемін. Оқушылардың сабаққа ынтасы мұғалімге байланысты. Оқушы мұғалімге еліктеп, бой түзейді. Жақсы ұстаз әр балаға шабыт сыйлайды. Мұғалім - түсіндіруші. Мұғалім сабақты жақсы әрі жан-жақты түсіндіре алуы қажет. Сабақ барысында түрлі ойындар өткізіп, оқушылар қызығушылығын арттарған жөн. Сабақ кезінде өмірден алынған әңгімелер, аңыздар арқылы сабақтың жақсы өтуін қадағалау – әр мұғалім қызметі.

30.Адамның құндылықтар жүйесінің жіктемесі, мысалдар.

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.

Аксиология (грек тілінен аударғанда axios – құндылық, logos – ілім, оқыту) – құндылық ұғымын зерттейтін философия саласы

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп аталады.

Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды, өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезексе шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады

Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін  білеміз.    Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.  Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]