Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zin__1257_zi_tanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.27 Кб
Скачать

20.Шынайы көшбасшылық – тұлғаны рухани-адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі. Көшбасшылық үдерісіне нелер жатады? Амбиция және көшбасшылық.

- Тұлғаның рухани- адамгершілік дамуы деген не?

Бұл өз мінезін кемелдендіру тілегі мен табандылығы.

- Кімнің ойы, сөзі және ісі бірлікте болса ғана, шынайы көшбасшы бола алады.

- Ойы, сөзі және ісі бір блған адамға біз сенеміз.

- Көшбасшының соңынан ерген адам үшін оның жеке басының үлгісі аса маңызды.

Көшбасшылық үдерісіке нелер жатады.

Болу; Істеу; Көру; Сөйлеу.

Болу- бұл көшбасшылықтың көзі.

Істеу- бұл жеке үлгісіне негізделген көшбасшылықтың силі.

Көру-(ұсақ белгісіне дейін көру).

Сөйлеу-(шабытпен, жұмсақ, сүйіспеншілікпен, жүректен жүрекке жеткізу).

Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.

Жігер шынайылық, адалдық, шешім қабылдаудағы батылдық, тиянақтылық (Ақиқат)

Дұрыс мінез- құлық, кәсіби біліктілік және білім (Дұрыс әрекет)

Тыныштық, ішкі тепе- теңдік (Ішкі тыныштық)

Жанашырлық, әлсіздерге көңіл бөлу, басқалардың пікірлеріне құлақ салу ( Қиянат жасамау)

РИЯСЫЗДЫҚ (СҮЙІСПЕНШІЛІК)

- Шынайы көшбасшы жеке басының мүддесінен риясыздықпен бас тартып, қажет болса, өзі құрбандыққа барады.

- Шынайы көшбасшы биіктерге қолжеткізу үшін осындай қасиеттерге ие болуы керек.

Амбиция және көшбасшылық.

Амбиция мен көшбасшылықтың арасындағ байланысты қарастырып көрейік. Амбициясыз құрметті көшбасшы болуға бола ма? Қазіргі заманда келесі пікір кеңінен таралған: амбиция бұл- көшбасшының маңызды қозғаушы күші. Қазіргі қоғамда үнемі мынадай ойларды естуге болады: « О, бұл өте амбициясы жоғары жас азамат! Оның үлкен болашағы бар және ол үлкен жетістіктерге қол жеткізеді!» немесе: « Жастардың дүрыс амбициясы болған жақсы!». Жоғарыда айтылған пікірлер көшбасшы іс-әрекеті тиімділігінің риясыздықпен байланысты болатынына қарсы пікір болып табылады. Өйткені адамның амбициялары мен мансапқа қол жеткізу ұмтылыстары риясыздықпен сәйкес келмейді. Сонымен, амбициясы және мансапқа ұмтылысы болмаған жағдайда көшбасшы болуға болама? Осы ойларды талдап көрейік.

Сөздіктерде амбиция ұғымын « жетістікке жету немесе қызметтік өсу» деп қарастырад. Шын мәнінде, амбициялар үлкен түрткілер болып табылады. Амбициясы бар адам міндетті түрде жетістікке қарай жылжиды және кәсіби тұрғыдан өседі, өте белсенді, жақсы, бірақ қысқа мерзімдік нәтижелерді көрсетеді. Ал мәңгі жоғары құндылықтарға бағдарланған адамдар әр кезде ұзақ мерзімдік нәтижелерге қол жеткізеді.

Френсис Бекон, адам табиғатын танитын ағылшын білгірі амбициялар туралы былай деп жазған: «Амбиция үнемі қозғалатын өтке ұқсайды, бұл адамды белсенді ететін оның ағзасындағы шырын. Бірақ оның қозғалысы тоқтатылған жағдайда өт өте ащы, зиянды және улы болады. Осылайша амбициясы бар адамдар жоғарыға қарай жолды анықтап, жылжи бастағанда мазасыз, тынымсыз болады; бірақ, олардың ойлары іске аспай бәріне белгілі болғанда, өздеріне қанағатсыз болады, адамдарға және түрлі жағдайларға ашулы көзқараспен қарайды. Түрлі дағдарыстардың болуы амбициясы бар адамдар үшін қолайлы, өйткені сол кезде өздерін көрсету үшін бар ынтасын салады, көп жағдайда оларға патшаның немесе мемлекеттің қызметкерлері жатады»Френсис Бекон амбициясы бар адамдардың табиғатын түсіндіре отырып, өз Отаны алднда борышын ақтайтын және қызмет ететін адамдар, мансапты көздемей, нағыз көшбасшы болып, қоғамға пайдасын тигізіп, үлкен игілік, мейірімділік жасайды. Басқаша айтқанда, жеке басын, мүддесін ойламайтын адамдар. Бірақ адамға « Мен, маған және менікі» шеңберінен адамдарға шығу оңай сопайды, сол себептен, түрлі мемлекеттер, қоғамдар, үйымдар өзінің жеке басының қамын ойлап кетпейтіндей етіп, олардың амбицияларын идеалар деңгейіне дейін жеткізіп, көшбасшыларға жағдай жасайды.

Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы  орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал,  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көр қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

       Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:

       · Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен

       · Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер

       · Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді

       Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады.  Көшбасшы болу үшін  сізге  өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.

       Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста  өмірілік тәжірибе жинағанда болады.

       Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді:

       · «ойыншылар»

       · «ашықтар»

        «Ойыншылар»  сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ.  Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында  өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар.

       «Ашықтар»  бұл  ұжым көзқарасымен  әрекет ететін  көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар  ұжыммен шын  қарым-қатынас құрады. «Ашықтар»   қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар   «Ойыншыларға»   қарағанда  аздау болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]