- •Акмеология туралы жалпы түсінік
- •Адамның тұлғалық және кәсіби дамуы
- •Акмеология – тұлғаның әлеуметтік жетістік деңгейін зерттейтін ғылым
- •Акме ұғымының мазмұны
- •Тұлғалық-кәсіби дамуды акмеологиялық зерттеу
- •Қарым-қатынас стильдері
- •Кәсібилік – акмеологиялық категория ретінде
- •Этика және этикеттің тұлғалық өсуге әсері
- •Акмеологиялық қызмет мәртебесі
- •Жетістікке жету жолдары
- •Акмеологиядағы ұстанымдардың жіктелуі
- •Акмеограмма туралы түсінік
- •Кәсібилік – кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде
- •Акмеологияның өзекті мәселелері және оларды дамыту жолдары
- •Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде
- •Өзіндік сана-сезім дамуы
- •Акмеологиялық ықпал ету
- •Өзін-өзі тәрбиелеу және өзіндік баға
- •Акмеологиялық технологиялардың атқаратын қызметі
- •Акметектоника туралы түсінік
- •Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
- •Еңбек психологиясындағы шеберлік
- •Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістері
- •Тұлғалық-кәсіби даму барысындағы өзгерістер
- •Акмеологияның ғылыми бағдарлары
- •Жаңа тұрпатты педагогтың акмеологиялық бағыттылығы
- •Педагогикалық және басқару акмеологиясы
- •Кәсібилік дамуының акмеологиялық факторлары
- •Өзіндік сана-сезімнің дамуы
- •Жеке адамның психологиялық құзіреттілігі
- •Кәсібиліктің акмеологиялық инварианттары
- •Өздігінен білім алу факторлары
- •Педагогикалық шеберлік – акме шыңына жетудің тиімді тәсілі ретінде
- •Кәсібиліктің акмеологиялық жүйесі
- •Іскерлік қарым-қатынас мәселелері
- •Акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастырудағы эксперимент түрлері
- •Акмеологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтар
- •Кәсібилік мәселесінің зерттелуі
- •Акмеологияның пәнаралық байланысы
- •Кәсібиліктің акмеологиялық түсінігі
- •Акмеологияның мақсаты, нысаны және пәні
Кәсібилік – акмеологиялық категория ретінде
Акмеологияға адам дамуының тетіктері мен тәсілдерін зерттейтін ғылым ретінде әрине, психология өте жақын тұр. Жалпы және қолданбалы психологиядан жинақталған білімдер нақты акмеологиялық зерттеулерде адамның психикалық мүмкіндіктері жайлы фрагменттік деректерде қолданылады. Дегенмен психологияның дифференционалдық және жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық, сондай-ақ еңбек және шығармашылық психологиясы, ойлау мен рефлексия, түсіну мен басқару, дарындылық пен даралық сияқты салалары акмеология үшін аса маңызды болып табылады.Акмеология үшін негізгі ұстанымдардың бірі тіршілік әрекеттері- адамның өмірінің мәні жетілу, алға ұмтылу үрдісі деген құнды ойға негізделеді. Осы ойға өзінше К.А.Абульханова кей адамдар бұл жолда жаяу жүрсе, кейбірі поезбен, ал енді біреулері ұшаққа мінеді деген образды түрдегі сипаттама береді. Таңдау әр адамның өмірлік стратегиясына байланысты деген пікір білдіреді .Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасына мыналар жатқызылады:
- кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
- жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
- инновацияға бейімділік;
- жалпы және кейбір арнайы интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы;
- ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік;
- жақсы дамыған елестете алушылық;
- мінез-қүлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлілік;
- дербестік;
- өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік.
Акмеология бағыттары:
Жалпы акмеология негіздері (А. А. Бодалев, Ю. А. Гагин, А. А. Деркач, Н. В. Кузьмина, Г. И. Хозяинов).
Кәсіби акмеология (А. А. Бодалев, Н. В. Кузьмина, К. Е. Перепелкина) оған:
Педагогикалық акмеология (А. А. Бодалев, А. А. Деркач, В. Н. Тарасова);
Әскери акмеология (В. Г. Михайловский, Л. Г. Лаптев, В. Н. Новиков);
Әлеуметтік акмеология (А. И. Лященко, Г. П. Филиппова);
Мектеп акмеологиясы (В. Н. Максимова);
Медициналық акмеология (В. П. Андронов, А. Г. Васюк, С. Н. Толстов).
Басқару акмеологиясы (А. А. Деркач, В. Г. Зазыкин)
Креативті акмеология (Н. Ф. Вишнякова, А. А. Деркач, К. Е. Перепелкина).
Білім беру акмеологиясы (Н. В. Кузьмина, А. А. Деркач, Н. П. Фетискин и др.).
Коррекциялық акмеология (В. Н. Тарасова).
Этникалық амеология (В. П. Бранский).
Этика және этикеттің тұлғалық өсуге әсері
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.
Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады.Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.
