Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akme_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.26 Кб
Скачать

Кәсібиліктің акмеологиялық түсінігі

«Кәсібилік» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Кейбір жағдайларда адамның жеке тұлғасына мамандықтың қоятын нормативтік талаптар десе, ал басқа - адамда психикалық қасиеттердің нормативтік жиынтығының болуы және «кәсібилік» адамның ішкі сипаттамасы болып табылады.«Кәсібилік» бұл еңбекті табысты орындау үшін адамға қажетті тұлғалық қасиеттердің жиынтығы ретінде түсін-діріледі.«Кәсібилік» түсінгі әртүрлі аспектілерде қарастырылады : психологиялық (А.К. Маркова, Л.М. Митина, Н.В. Кузь-мина, Б.Г. Ананьев, В.В. Давыдов, В.П. Зинченко, Е.А. Климов, Б.Ф. Ломов, B.C. Мерлин, С.Л. Рубинштейн); акмеологиялық (А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин, Н.В. Кузьмина, А.П. Ситников және т.б.); әлеуметтік-психологиялық (Ю.А. Карпова, В.П. Зинченко, К.А. Абульханова-Славская, Г.М. Андреева, А.Г. Асмолов, Т.Ю. Базаров, А.И. Донцов, Б.Д. Парыгин, Л.А. Петровский, Б.Ф. Поршнев және т.б.).Мамандардың кәсібилік мәселесін ғылыми тұрғыда танымал ғалымдар Э.Ф Зеера, Е.А. Климова, Т.В. Кудрявцева, А.К. Маркова, Ю.П. Поваренкова, В.Д. Шадрикова және т.б қарастырып, зерттеген.«Кәсібилік» педагогикалық іс тәжірибеде педагогтың іс әрекетінің өнімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіші ретінде қарастырылады.«Кәсібилік» түсінігінің мазмұны және мәні толығымен әлі ашылмаған. Бұл феноменнің интерпретациясы белгілі сөздік әдебиеттерде, педагогикалық энциклопедияларда, үлкен психологиялық сөздікте (Б.М. Бим-Бад, Г.М. Коджаспирова, Б.Г. Мещеряков, В.И. Зинченко) де жоқ..Қазіргі ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «педагогикалық кәсібиіліктің» жалпы бір ауыздан шығатын ортақ анықтамасы жоқ, бұл оны мамандықта дамыту мен жетілдіру, оған жетуге ықпал ететін психологиялық факторлар мен шарттарды анықтауда қиындық туғызып, мекеменің кәсіби білім процесінің жетілдіруін шектейді.

Сонымен кәсібилік бұл адамның еңбек субьектісі ретінде кәсіби даму кезеңдерінің бірі, ол өзбетімен жұмыс істей отырып және өзінің іс әрекетінде қиындықтарды табысты жеңіп, жетістік шыңына жету болып табылады.

Акмеологияның мақсаты, нысаны және пәні

Акмеология адам туралы ғылым. Акмеология – нысанасы (педагогикалық, инженерлік, медициналық, спорттық) толыққан адамдардың кәсіби іс - әрекеті. «Акмеология» ұғымын («акме» ежелгі грек тілінен аударғанда жоғарғы нүкте, толығу, тамаша кезең»). 1928 жылы профессор Н.А.Рыбников ғылыми терминология ретінде енгізді, ол бұл ғылымды жас ерекшелік толығу психологиясы деп айқындады.Кейінірек Б.Г.Ананьев (Ленинград психологиялық мектебінің негізін салушы) бұл ұғымды осы мағынада қолданады және акмеологиялық теориялық экспериментті негіздерін айқындайды. Зерттеудің пәні ересектердің ақыл – ой қызметінің жас ерекшелігіне сай өзгергіштігін зерттеу (18 – ден 40 жасқа дейін), яғни ойлау, есте сақтау, зейінді зерттеу болып табылады. «Адамның даралық дамуының сенсорлық – перцептивтік сипаттамалары» деген мақаласында (Вопросы психологии. 1968 №1), әр түрлі көптеген модальдықтағы абсолютті және айырмашылық сезімталдықтың бозбалалық және ерте ересектік кезеңге сай келеді деп анықталды.Б.Г.Ананьев адам туралы ғылымдар арасында адамның өмірінің жас ерекшелігі мен фазасын зерттейтін ғылымдарды былай орналастырды:

- адам эмбриологиясы;

- баланың морфологиясы мен физиологиясы;

- педиатрия;

- педагогика;

- акмеология;

- геронтопсихология.

Акмеология пәні кәсіби шеберлік шыңына маманның шығармашылық ұзақтығына әсер ету үшін ықпал ететін, кері әсер ететін объективтік және субъективтік факторлар сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби шеберлігіне оқытудың заңдылықтарын, олардың әрекетінің түзелуін жетілдіру болып табылады.Объективті факторларға тәрбие мен білім берудің сапасына мән беру жатады. Субъективтік факторларға адам таланты мен қабілеті, жауапкершілік, құзырлығының өндірістік міндеттерді нәтижелі шешу іскерлігі жатады. Акмеология ұғымын ғылыми айналысқа 1928 ж. РыбниковН.А. енгізді.Акмеологияның ғылым ретіндегі мәселелерін 1969 ж. Ананьев Б.Г. «Адам танымдық зат ретінде»және 1993 ж. Бодалев А.А. «Акмеология оқу және ғылыми тәртіп ретінде» тұжырымдады.Акмеологияның негізгі саласы, кәсібилікті адам дамуының жоғарғы сатысы ретінде қарастырумен байланысты.Акмеология объектісі – адамдардың педагогикалық, инженерлік, инженерлік, медициналық, әскери, спорттық және т.б. қызметтеріндегі кәсібилігі.Акмеология ақпараттардың өсіп бара жатқан көлемі арасындағы қарама-қайшылықтардың қиындықтарын шешеді, яғни бір жағынан оны игеруге қажетті уақытты, ал екінші жағынан қызмет ету процесінде адамдарда пайда болатын ортақ және әртүрлі ерекшеліктерді, сондай – ақ «акме»сандық әрі сапалық сипаттамаларын анықтайды.Акмеология тарихының даму кезеңдері мынадай: 1926 – 1928 жылыакмеологиялық тәсілдерді дамыту Н.А.Рыбников, Б.Г. Ананеев, Н.В.Кузьмина еңбектеріндеқамтылды: кемелденудің жас ерекшелігі ретінде зерттеуден тұлғаның кәсіби шеберлігінің қалыптасуы, шығармашылық қарымын тану мен оның дамуындағы жеке, кәсіби әрі әлеуметтік жетістіктерге жету жолдарынзерттеуге дейін.1989 ж. Бүкілодақтық Акмеологиялық ассоциация құрылды. 1991 ж. Ғылым мен техника бойынша Мемлекеттік комитет акмеологияны адам туралы ғылым жүйесіндегі білімнің жаңа саласы ретінде, адам дамуының кемелдену сатысындағы және оның осы дамуда ең жоғарғы деңгейге жетуіндегі заңдылықтар,тетіктер мен тәсілдерді зерттейтін ғылым ретінде бекітті. Халақаралық акмеология академиясының президенті Н.В.Кузмина акмеологияны «адам дамуының заңдылықтары, шығармашылық әлеуетті жасампаздықпен жүзеге асыруда жетістіктерге жету туралы ғылым» ретінде тануды ұсынады. Ал белгілі ғалым В.Н.Андреев «педагогикалық акмеология» деп аталатын ғылымда адамның өмірінде жеткен табыстары мен оған бастап апаратын ішкі мүмкіндіктер мәселесіқарастырылатындығын атап өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]