Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akme_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.26 Кб
Скачать

Акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастырудағы эксперимент түрлері

Акмеологиялық әдістер сан түрлілігімен ерекшеленеді. Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістеріне төмендегілер жатады:

- логикалық: анализ, синтез, дедукция, ойша тәжірибе жасау.

- талдаудың математикалық әдістері: корреляциялық, факторлық, дисперсиондық, дискриминаттық, кластерлық және т. б.

- пәнаралық: кешенді, жүйелілік, функционалдық, генетикалық, логитюдті, модельдік, биографиялық және т. б.

Акмеологиялық зерттеудің практикалық әдістеріне төмендегілер жатады:

- жалпы ғылыми: бақылау, эксперимент, эксперттік баға;

- өзара байланысты пәндер: психологиялық (тестілеу, бақылау, әңгіме, өзіндік бақылау, өзіне есеп беру, психосемантикалық); социологиялық (санақ, сауалнама, сұхбат, анкета); психофизиологиялық;

- акмеологиялық.

Акмеологиялық эксперименттегі әдістер тұлғаның маман ретінде қалыптасуы, оның тұлғалық және кәсіби дамуындағы мінез-құлқының өзгерісін зерттеу.

Акмеологиялық эксперименттің өзіндік ерекшеліктері:

зерттеу нысаны ауыспалылығын анықтауға қиын болатын, жеке тұлға ретінде қалыптасқан адам;

зерттелушінің тұлғалық өзгеруіне, кейде күрделенуіне ықпал етуі мүмкін, сондықтан эксперименттік зерттелуге оның келісімін алу маңызды;

кәсіби-тұлғалық дамуына бақылауға алынбаған өзгермелілігі де әсер етуі мүмкін, сондықтан қол жеткізген тұлғалық-маңызды нәтижелер жоспарланғанға сай келмеуі мүмкін.

кәсіби-тұлғалық дамудың кейбір көріністері жасырын болуы мүмкін, сондықтан акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастыруда нақты параметрлерін белгілейтін эксперименттік әдістерді таңдау маңызды.

Тұлғаны зерттеу психологтың ең күрделі және жауапты жұмысы болып табылады. Ол өзіне жеткілікті кең көлемде жұмыс формаларының бөлімдерін енгізеді:

топтық психокоррекциялық сабақтар (жеке және танымдық сферадағы мәселелермен жұмыс);

жеке психоррекциялық жұмыстар (жеке және танымдық сферадағы мәселелермен жұмыс);

мектепке дейінгі балаларды оқыту мамандарымен және педагогтармен тренингтік сабақтар жүргізу;

ерекше балалармен жеке сабақтар өту;

балалардың мектеп оқуына психологиялық дайындау сабағы;

ата-аналармен тематикалық сабақтар жүргізу (мысалы, үйрететін сабақтар).

Акмеологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтар

Психологиялық зерттеулер барысында (Теплов Б.М.Проблемы индивидуальных развитий М, 1961, Шадриков В.П. Проблемы системогенеза профессиональной деятельности М, 1982 и др) тек талантты адамдардың ойлау өздігінен қайта құрылатындығы анықталған. Ол үшін ескі ойлау стеоротиптерін бұзып жаңасын қалыптастыра білу қажет. Сондықтан салыстыра зерттеу барысында айқындалған өндірістік міндеттерді шешудің нәтижелі модулін ойлауды құрастырудың құралы болып табылады. Акмеология білім берудің негізгі қарама – қайшылықтарының алдын алу мен шешудің заңдылықтарын зерттеумен де айналысады, яғни бірінші жағынан ғылыми – теориялық және ғылыми – практикалық информация көлемі мен екінші жағынан шығармашылық міндеттерді нәтижелі шешуді қамтамасыз ететін жаңа информацияны игеруге немесе жасауға бағытталған.Осы мәселені шешуге шығармашыл субъект өмір бойы айналысады.Кәсіби шеберліктің шыңына жетудегі маңызды факторлар: нышан, дарындылық, қабілет, талант, отбасылық тәрбиенің алғышарттары, бастауыш, орта, жоғарғы кластарды тәрбиелеу мен дамыту (кәсіби шеберліктің негізін қалыптастырудың бастауға дейінгі кезеңі) кәсіби білім беру орнындағы тәрбие білім беру, оқыту (кәсіби шеберліктің бастау алды кезеңі).Кәсіби өмірдің барысында өзіндік әрекеттегі кәсіби шеберлік шыңына өздігінен қозғала бастау.Акмеологияның нысанасы мен пәнінің күрделілігіне сай мамандар тобын біріктіруді талап ететін арнаулы технологияларды қолдану болып табылады.Зерттеу технологиясының элементі модельдеу, рейтинг, ауторейтинг, проективті рейтинг, өзара әрекетті талдау әдісі, тестілер операция теориясы жүйелілік қатынас. Өзге ғылымдардан бейімделіп алынған және арнайы жасалып, эксперимент жүзінде тексерілген болып табылады.Қазіргі таңда ғылымтанудың талаптарына сай акмеология бірінші іргелі көкейтесті әрекет болып есептеледі.Акмеологияның біріншісі оның адамның өмірлік жолы мен кәсіби шеберлікке жету жолын зерттеу мен айналысады, ол үшін генетика, физиология, медицина, психология, педагогика, геронтология, философия, әлеуметтану ғылымдарындағы білімдерді жинақтау арқылы өмірлік және кәсіби шыңға жетудің қиылысуын, көтерілуі мен төмендеудің шарықтау шегін айқындау, алдыңғыдан сапалы түрде өзгеше келетін «адам тағдырының» кәсіби шеберлігі жаңа заңдылықтарын айқындау.Өндірістік процестердің рациональды технологиясын жаңа заңдылық негізінде модельдеу, кәсіби шеберлерді үйрету және олардың кәсіби ойлауын қайта құру болып табылады.Акмеологияның іргелі зерттеулері әр түрлі деңгейдегі мамандарды (жақсы немесе нашар мұғалім, дәрігер, инженер, техник, жұмысшы, декан, оқушы, зерттеуші т.б.) салыстыру, соның барысында келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік туады. Нәтижелілігі әр деңгейдегі мамандардың оқу – танымдылық немесе кәсіби міндеттерін шешудегі тәсілдердің өзгешелігін табу, қандай факторлардың негізінде нәтижелілік деңгейіне жетуге болады. Осы мәселелерді нақтылау барысында жаңа субъективтік заңдылықтар шешімін табады. Акмеологияның көкейтестілігі әр профильдегі мамандардың кәсіби біліктілігін және даярлығын жақсату мақсатындағы практикалық міндеттерді шешуді жақсарту мақсатында университет жүйесінде қалыптасқан.Оны физик, математик, шет тілі мұғалімдері, яғни институтта үлкен қиындық туындайтын пәндер бойынша айқындалуы керек болды. Акмеологияның заңдылығы аралық ғылымдар жетістігін жалпылаудан туындағаны, яғни философия, таным теориясы, әлеуметтану, психология (жалпы дифференциалды, педагогикалық) еңбек психологиясы (педагогикалық, медициналық, инженерлік, әскери т.б.). Жоғарғы мектеп педагогикасы және кәсіби міндеттерді шешудегі адам қолданылатын арнаулы білім саласы болып табылады.Оның қалыптасуы электронды оқыту жүйесі көмегімен кәсіби іс - әрекетте оқыту, жетілдіру, түзету, зерттеу үшін алғашқы материалдарды жинау және өңдеу мүмкіндігімен байланысты.Акмеологиялық перспективасы қоғамды қайта құрудың маңызды факторы еңбек өнімділігін күшейту.Бұл мәселені шешу үшін мәдениет, ғылым, техника, білім беру саласындағы (балабақша, бастауыш, орта, жоғарғы мектеп тәрбиеші мұғалімдерінен бастап, ЖОО – ның оқытушы, профессорлары, кәсіби біліктілігін көтеру жүйесі қызметкерлеріне дейін) мамандардың кәсіби шеберлігі мен нәтижелігін көтеру барысында мүмкін.Қазіргі таңда акмеологияны қамтитын ғылымдар жүйесі қалыптасты. Педагогикалық (кәсіби шеберлік шыңы мен оған жетудің тәсілін оқыту технологиясы туралы); инженерлік (кәсіби шеберлік шыңы мен оған жету тәсіліне оқыту технологиясы); кәсіби техникалық кәсіби шеберлік шыңы мен оған жету тәсілін оқыту технологиясы); медициналық (кәсіби шеберлік шыңы мен жетістікке жету тәсілін оқыту технологиясы); кәсіби іс - әрекетті жетілдіру мен түзету (жағымсыз стереотиптерді жою тәсілі және қазіргі таңдағы өндірістік міндеттерді шығармашылықпен шешуді қамтамасыз ету үшін жағымды стереотиптерді қалыптастыру).Қазіргі кезде құқықтық, спорттық, әскери, салыстырмалы акмеологиялық негізін қалыптасты.Кәсіби іс - әрекеттің деңгейін көтеру үшін өндірістік міндеттерді шешудің нәтижелі және нәтижесіз шешімін салыстырмалы бақылау әдісін үйрену арқылы мүмкін болып табылады және соңғы нәтижеге сай (ұжым, топ, жеке адамдар) өз еңбегінің нәтижелілігін зерттеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]