- •Акмеология туралы жалпы түсінік
- •Адамның тұлғалық және кәсіби дамуы
- •Акмеология – тұлғаның әлеуметтік жетістік деңгейін зерттейтін ғылым
- •Акме ұғымының мазмұны
- •Тұлғалық-кәсіби дамуды акмеологиялық зерттеу
- •Қарым-қатынас стильдері
- •Кәсібилік – акмеологиялық категория ретінде
- •Этика және этикеттің тұлғалық өсуге әсері
- •Акмеологиялық қызмет мәртебесі
- •Жетістікке жету жолдары
- •Акмеологиядағы ұстанымдардың жіктелуі
- •Акмеограмма туралы түсінік
- •Кәсібилік – кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде
- •Акмеологияның өзекті мәселелері және оларды дамыту жолдары
- •Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде
- •Өзіндік сана-сезім дамуы
- •Акмеологиялық ықпал ету
- •Өзін-өзі тәрбиелеу және өзіндік баға
- •Акмеологиялық технологиялардың атқаратын қызметі
- •Акметектоника туралы түсінік
- •Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
- •Еңбек психологиясындағы шеберлік
- •Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістері
- •Тұлғалық-кәсіби даму барысындағы өзгерістер
- •Акмеологияның ғылыми бағдарлары
- •Жаңа тұрпатты педагогтың акмеологиялық бағыттылығы
- •Педагогикалық және басқару акмеологиясы
- •Кәсібилік дамуының акмеологиялық факторлары
- •Өзіндік сана-сезімнің дамуы
- •Жеке адамның психологиялық құзіреттілігі
- •Кәсібиліктің акмеологиялық инварианттары
- •Өздігінен білім алу факторлары
- •Педагогикалық шеберлік – акме шыңына жетудің тиімді тәсілі ретінде
- •Кәсібиліктің акмеологиялық жүйесі
- •Іскерлік қарым-қатынас мәселелері
- •Акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастырудағы эксперимент түрлері
- •Акмеологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтар
- •Кәсібилік мәселесінің зерттелуі
- •Акмеологияның пәнаралық байланысы
- •Кәсібиліктің акмеологиялық түсінігі
- •Акмеологияның мақсаты, нысаны және пәні
Өздігінен білім алу факторлары
Өздігінен білім алу - күндізгі оқу орнында жүйелі курстан өтпей-ақ өздігінен жұмыс істеу үрдісінде алынан білім. Өздігінен білім алудың ең кең тараған формалары әдебиет оқу және зерделеу болып табылады.Өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту үшін сабақтарда проблемалық сұрақтар қойып, өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыру қажет. Өздік жұмыс арқылы оқушыларда мынадай қасиеттер қалыптасады.
Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
Оқуға деген қабілетінің артуы.
Басқа оқушылардың жауабына сын көзбен қарау.
Өз ойының дербестігі.
Білім, икемділік, дағды тек өзіндік жұмыстың нәтижиесінде қалыптасады. Өздігінен жұмыс істегенде оқушы өз қабілетін, мүмкіндігін біліп еңбегіне қанағаттанады. Еңбектену барысында ой - өрісі, сезімдері тереңдейді, шыдамды, еңбексүйгіш болуға үйренеді.
Рухани қарым-қатынас сипаттамасы
Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе ғана жүзеге асады.
Кәсіби құзіреттілік ұғымы және компоненттері
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.
Мотивациялық-еріктік (мотивация – себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
Функционалдық (лат. functio – орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico – байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
Рефлексиялық (лат. reflexio – артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады.
