Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akme_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.26 Кб
Скачать

Жеке адамның психологиялық құзіреттілігі

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді  болып отырады.Жеке адам сондай- ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам және адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бір- біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі- ұсақты әлеуметтік топтардың психологиясына орайласып келеді екен.Жее адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай- ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым- қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті оғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын д, өз мінез- құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.

Кәсібиліктің акмеологиялық инварианттары

Tұлғаның кәсібилігі іс-әрекеттің нәтижелілігіне әсерін тигізетін кәсіби- маңызды қасиеттердің және тұлғалық-іс-әрекеттік қасиеттердің дамуымен байланысты. Тұлғаның интегралды психикалық қасиеттері кәсіби-маңызды қасиеттері болып келеді – зейін, ес, қиял, сонымен қатар психологиялық сипаттамалар – эмоциялық жағымды күй, тұрақтылық, шыдамдылық және т.б. Ӛзін-ӛзі дамыту мен жетілдірудің ішкі реттеушісі болып анықталатын тұлғаның күштілігі мен оның еріктік қасиеттері. Кейде кәсіби-маңызды қасиеттер тобына тұлғалық-іс-әрекеттік қасиеттер жатады: ұйымдастырушылық; жауапкершілік; тәртіптілік; инициативтілік; зеректілік. Kәсібиліктің акмеологиялық инварианттары іс-әрекет ерекшелігінен салыстырмалы тәуелсіздікке ие және іс-әрекеттің жоғары тұрақты жетістігін қамтамасыз ететін негізгі қасиеттер мен іскерліктер болып табылады. Олар, соның ішінде, субъектінің ӛзін-ӛзі дамытуға итермелейтін ішкі қозғаушы күштерден де кӛрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]