Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akme_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.26 Кб
Скачать

Өзіндік сана-сезімнің дамуы

Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.Өзіндік сана-сезім саласындағы зерттеулерге талдау жасай отырып, олардың көпшілігі өзіндік сана-сезім генезисіне арналғанын көруге болады. Мәселен, өзіндік сана-сезімнің дамуы психикалық іс-әрекеттің дамуымен, тұлғаның қалыптасуы мен даралануымен қатар жүреді, деп кеңес зерттеулерінде дәріптелген. Өзіндік сана-сезім динамикасы оның қалыптасуы деңгейімен салыстырмалы болады. Өзіндік санадағы сапалық «өзгерістер» ұдайы түрде орын алады. Тұлғаның қалыптасуына тікелей қатысы бар өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы — психика дамуын сипаттайтын күрделі әрі ұзақ үрдіс. Қазіргі кезге дейін онтогенездегі өзіндік сана-сезімнің алғаш рет пайда болу сәті мен белгісі жайлы біркелкі пікір қалыптасқан жоқ. Сонымен қатар, кеңес психологиясында баланың өзіндік сана-сезімінің дамуы жайлы қайшы пікірлер айтылуда. Психологтар өзіндік сана-сезім туа бітпейді, бірақ оның пайда болуы мен дамуының алғы шарттары туа бітеді дейді.Тұлғаның өзіндік сана-сезімін зерттеуге гуманистикалық психология өкілдері де яғни А.Маслоу К.Роджерс және т.б.айтарлықтай үлес қосты. Гуманистикалық психология тұрғысынан қарағанда, адамның өзіндік табиғаты оны тұлғалық шығармашылығының өсуі мен өзіндік жетілуіне ұдайы түрде бағыттап отырады, бұған төтенше жағдайлар кедергі жасап қалмаса. Осындай теориялардың көбі адамның ішкі тәжірибесінің дамуы мен құрылымын сипаттауға бағытталады. А.Маслоу теориясында тұлғаның өзіндік сана-сезімінің өзін-өзі белсендірудегі бастапқы қажеттіліктен тәуелділігі жайлы ой орын алады. Сонымен, өзіндік сананы дамытудың негізгі айғақтары ретінде ішкі факторлар, «жеке адамның өзінше қабылдайтын» түріндегі іс-әрекеті арқылы жүзеге асатын өзін-өзі барынша көрсетуіндегі тұлғалық ұмтылыстары саналады.Жоғары дәріптелген тұжырымдамаларды ескере отырып, әр оқытушы өзіндік сана-сезімнің адам өмірінде өте маңызды екенін білуі қажет. Өйткені, үлкендердің түртпегінен шаршаған жеткіншектер жасандылыққа төзбейтін педагогтардың қайырымды қатынасын көріп, өздерінің құндылықтарымен толық келіспесе де, оларды бірге біртіндеп іштей өзгеруге тырысатын, түсінетін және мойындайтын адамдардың бар екенін біле бастайды. Сондықтан да, өзіндік сана-сезімнің теориялық мәселесін баяндай отырып, келешекте  педагогикалық ұжымға психологиялық көмек көрсету мақсатымен семинар, тренинг және әр түрлі психологиялық шаралар ұйымдастырылуы қажет екенін айтуға болады. Өйткені, бұл өз кезегінде оқытушының кәсіби  біліктілігін, тұлғалық қасиетін, үздіксіз білім беру үрдісін жоғарлата отырып, болашақ жас ұрпаққа өзіндік сана-сезімі қалыпты тұрғыда дамуына және адамгершілікті — өнегелі тәрбие беруіне көмек беретіні сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]