- •Акмеология туралы жалпы түсінік
- •Адамның тұлғалық және кәсіби дамуы
- •Акмеология – тұлғаның әлеуметтік жетістік деңгейін зерттейтін ғылым
- •Акме ұғымының мазмұны
- •Тұлғалық-кәсіби дамуды акмеологиялық зерттеу
- •Қарым-қатынас стильдері
- •Кәсібилік – акмеологиялық категория ретінде
- •Этика және этикеттің тұлғалық өсуге әсері
- •Акмеологиялық қызмет мәртебесі
- •Жетістікке жету жолдары
- •Акмеологиядағы ұстанымдардың жіктелуі
- •Акмеограмма туралы түсінік
- •Кәсібилік – кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде
- •Акмеологияның өзекті мәселелері және оларды дамыту жолдары
- •Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде
- •Өзіндік сана-сезім дамуы
- •Акмеологиялық ықпал ету
- •Өзін-өзі тәрбиелеу және өзіндік баға
- •Акмеологиялық технологиялардың атқаратын қызметі
- •Акметектоника туралы түсінік
- •Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
- •Еңбек психологиясындағы шеберлік
- •Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістері
- •Тұлғалық-кәсіби даму барысындағы өзгерістер
- •Акмеологияның ғылыми бағдарлары
- •Жаңа тұрпатты педагогтың акмеологиялық бағыттылығы
- •Педагогикалық және басқару акмеологиясы
- •Кәсібилік дамуының акмеологиялық факторлары
- •Өзіндік сана-сезімнің дамуы
- •Жеке адамның психологиялық құзіреттілігі
- •Кәсібиліктің акмеологиялық инварианттары
- •Өздігінен білім алу факторлары
- •Педагогикалық шеберлік – акме шыңына жетудің тиімді тәсілі ретінде
- •Кәсібиліктің акмеологиялық жүйесі
- •Іскерлік қарым-қатынас мәселелері
- •Акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастырудағы эксперимент түрлері
- •Акмеологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтар
- •Кәсібилік мәселесінің зерттелуі
- •Акмеологияның пәнаралық байланысы
- •Кәсібиліктің акмеологиялық түсінігі
- •Акмеологияның мақсаты, нысаны және пәні
Жаңа тұрпатты педагогтың акмеологиялық бағыттылығы
Ал қазіргі заман талабына сай педагог кім? Ол зиялы, рухани бай, жаңашыл, еркін, белсенді, бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі, ұстамды, өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті, эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған, ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады,Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін үнемі арттырумен, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік баға бере алады. Осыған орай педагогтың кәсіби-тұлғалық әлеуетінің акмеологиялық сипаттамасы:
кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
инновацияға бейімділік;
жалпы және кейбір арнайы интелектінің жоғарғы деңгейде болуы;
ассоциациалық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік,
болашаққа деген позитивті мотивация;
мінез–құлық пен іс-әрекетін басқарып және реттеп отырудағы күшті ерік-жігерлік;
даралық, дербестік;
өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік.
Педагогтардың кәсіби-тұлғалық өсуі, өзін-өзі ұйымдастыруы, тәрбиелеуі мен маман ретін қалыптасыруы, оның компьютерлік сауаттылығы, өз бетінше білімін жетілдіруі, ғылыми ізденіс жұмысы, түрлі біліктілікті арттыру курстарына қатысуы және т. б. Ал кәсіби іс-әрекетте жетістікке жету, оның өзіндік ұйымдастыруы, өзіндік дайындық пен өзіндік жетілуіне қолдау көрсететін және бағыттайтын творчествалық, әрі перспективалы мамандық психолог болып табылады.
Педагогикалық және басқару акмеологиясы
Aкмеология атқаратын қызметіне қарай әртүрлі салаларға бӛлінеді. Атап айтсақ, әскери, медициналық, экстримальді жағдай акмеологиясы және педагогикалық. Акмеологияның пән ретінде құрылуы педагогикалық акмеологияның пайда болуына әкелді. «Педагогикалық акмеология» бүгінгі күні қолданбалы акмеологияның барынша кӛп қарастырылған бағыттарының бірі болып табылады. Педагогикалық акмеологияның қарқынды дамуы жалпы акмеологияның және оның қолданбалы бағыттарының қалыптасуына ықпал етті. Ал қысқаша айтқанда, педагогикалық акмеология – педагог еңбегінде кәсібилікке жету жолдары туралы ғылым. Педагогикалық акмеологияға адамды тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивид ретінде зерттеп, жалпы алғанда ақыл-ой әлеуеті қалыптасқан кӛпқырлы біртұтас адам ретінде оның жеке ерекшеліктерін анықтайды, адамның қол жеткізген нәтижелерін зерттеу негізінде оның әлеуетінің заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан да педагогикалық акмеология білім сапасын арттыруда ӛте үлкен маңызға ие, болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығының жаңа моделін құруға жол ашады және адам капиталды дамыту мәселесін тиімді шешуге бағытталады.Акмеология педагогикамен тығыз байланысты, бірақ оның саласына жатпайды. Өйткені педагогика балалар туралы ғылым ретінде қалыптасты.Педагогика балалар мен жастарды тәрбиелеу туралы нормативтік ғылыми, принцип пен ережелерді айқындайтын, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру құрамы, әдісі, формасын айқындайды.Педагогика сипаттамалы ғылым, оқу – тәрбие процесінің нәтижелілігі өңдеу тәсілін іс - әрекет нәтижелілігі технологиясын, іс - әрекетті жетілдіру мен түзету тәсілін айқындаудың, өлшеудің тәсілін тапқан жоқ.Акмеология осы салада жаңа технологияны жасады, эксперимент жүзінде тексеріп және қажетті нәтиже алды.
