- •Акмеология туралы жалпы түсінік
- •Адамның тұлғалық және кәсіби дамуы
- •Акмеология – тұлғаның әлеуметтік жетістік деңгейін зерттейтін ғылым
- •Акме ұғымының мазмұны
- •Тұлғалық-кәсіби дамуды акмеологиялық зерттеу
- •Қарым-қатынас стильдері
- •Кәсібилік – акмеологиялық категория ретінде
- •Этика және этикеттің тұлғалық өсуге әсері
- •Акмеологиялық қызмет мәртебесі
- •Жетістікке жету жолдары
- •Акмеологиядағы ұстанымдардың жіктелуі
- •Акмеограмма туралы түсінік
- •Кәсібилік – кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде
- •Акмеологияның өзекті мәселелері және оларды дамыту жолдары
- •Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде
- •Өзіндік сана-сезім дамуы
- •Акмеологиялық ықпал ету
- •Өзін-өзі тәрбиелеу және өзіндік баға
- •Акмеологиялық технологиялардың атқаратын қызметі
- •Акметектоника туралы түсінік
- •Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
- •Еңбек психологиясындағы шеберлік
- •Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістері
- •Тұлғалық-кәсіби даму барысындағы өзгерістер
- •Акмеологияның ғылыми бағдарлары
- •Жаңа тұрпатты педагогтың акмеологиялық бағыттылығы
- •Педагогикалық және басқару акмеологиясы
- •Кәсібилік дамуының акмеологиялық факторлары
- •Өзіндік сана-сезімнің дамуы
- •Жеке адамның психологиялық құзіреттілігі
- •Кәсібиліктің акмеологиялық инварианттары
- •Өздігінен білім алу факторлары
- •Педагогикалық шеберлік – акме шыңына жетудің тиімді тәсілі ретінде
- •Кәсібиліктің акмеологиялық жүйесі
- •Іскерлік қарым-қатынас мәселелері
- •Акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастырудағы эксперимент түрлері
- •Акмеологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтар
- •Кәсібилік мәселесінің зерттелуі
- •Акмеологияның пәнаралық байланысы
- •Кәсібиліктің акмеологиялық түсінігі
- •Акмеологияның мақсаты, нысаны және пәні
Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістері
Акмеологиялық әдістер сан түрлілігімен ерекшеленеді. Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістеріне төмендегілер жатады:
- логикалық: анализ, синтез, дедукция, ойша тәжірибе жасау.
- талдаудың математикалық әдістері: корреляциялық, факторлық, дисперсиондық, дискриминаттық, кластерлық және т. б.
- пәнаралық: кешенді, жүйелілік, функционалдық, генетикалық, логитюдті, модельдік, биографиялық және т. б.
Акмеологиялық зерттеудің практикалық әдістеріне төмендегілер жатады:
- жалпы ғылыми: бақылау, эксперимент, эксперттік баға;
- өзара байланысты пәндер: психологиялық (тестілеу, бақылау, әңгіме, өзіндік бақылау, өзіне есеп беру, психосемантикалық); социологиялық (санақ, сауалнама, сұхбат, анкета); психофизиологиялық;
- акмеологиялық.
Акмеологиялық эксперименттегі әдістер тұлғаның маман ретінде қалыптасуы, оның тұлғалық және кәсіби дамуындағы мінез-құлқының өзгерісін зерттеу.
Акмеологиялық эксперименттің өзіндік ерекшеліктері:
зерттеу нысаны ауыспалылығын анықтауға қиын болатын, жеке тұлға ретінде қалыптасқан адам;
зерттелушінің тұлғалық өзгеруіне, кейде күрделенуіне ықпал етуі мүмкін, сондықтан эксперименттік зерттелуге оның келісімін алу маңызды;
кәсіби-тұлғалық дамуына бақылауға алынбаған өзгермелілігі де әсер етуі мүмкін, сондықтан қол жеткізген тұлғалық-маңызды нәтижелер жоспарланғанға сай келмеуі мүмкін.
кәсіби-тұлғалық дамудың кейбір көріністері жасырын болуы мүмкін, сондықтан акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастыруда нақты параметрлерін белгілейтін эксперименттік әдістерді таңдау маңызды.
Тұлғалық-кәсіби даму барысындағы өзгерістер
Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады. Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.
Кәсіби іс-әрекеттің мотивтерінің құрылымы кез келген іс-әрекеттің төменде көрсетілген факторлар жиынтығы - оның себептері бола алады. Олар мыналар:
1. іс-әрекеттің жүру барысынан рахат алу, қанағаттану;
2. іс-әрекеттен өнім немесе қорытынды алу (жасайтын өнім, білім, тәжірибе жинақтау және тб. );
3. іс-әрекет үшін марапатталу (жалақы, қызметінің жоғарлауы, табысқа жету және тб. );
іс-әрекеттен ауытқу және оны дұрыс орындамау жағдайында болатын шаралардан аулақ болуға ұмтылу, жауапқа тартылуды болдырмау.
Еңбек іс-әрекеттерінің мотивтері құрылымын зерттеуде румын ғалымы К. Замфир өз ұсыныстарын айтқан. Олар: ішкі мотивация, сыртқы дұрыс мотивациялар және сыртқы кері мотивациялар. Ішкі мотивтерге автор жұмыс бараысында қызметкер санасында пайда болатын сезімдерді жатқызады. Оның қоғамның пайдалы екенін тұсінуі, қанағаттануы, жұмыстан алатын жақсы әсер, еңбек процесі мен оның қорытындылары. Автордың ойынша, жалпы сыртқы мотивациялар адамның өз қажеттіліктьерінен туады. Сондықтан да, осының негізінде жұмыскер ішкі қысымдарсыз-ақ өз еркімен, ойындағыдай істер атқарып, еңбек етеді. Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу — адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның екбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің белсенділік формасы, қозыдырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Мотив бұл адамның белгілі ір әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Е. П. Ильин: «Адамның әрқандай қылық әрекеті оның себеп күштеріне байланысты» - деп ой қорытындылаған. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің обьективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, оның қрытынды нәтижесіне, бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңдекке қатынасы да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек әрекетінің негізгі мотивтерін құрайды. Еңбек ету - өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды.
