- •Акмеология туралы жалпы түсінік
- •Адамның тұлғалық және кәсіби дамуы
- •Акмеология – тұлғаның әлеуметтік жетістік деңгейін зерттейтін ғылым
- •Акме ұғымының мазмұны
- •Тұлғалық-кәсіби дамуды акмеологиялық зерттеу
- •Қарым-қатынас стильдері
- •Кәсібилік – акмеологиялық категория ретінде
- •Этика және этикеттің тұлғалық өсуге әсері
- •Акмеологиялық қызмет мәртебесі
- •Жетістікке жету жолдары
- •Акмеологиядағы ұстанымдардың жіктелуі
- •Акмеограмма туралы түсінік
- •Кәсібилік – кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде
- •Акмеологияның өзекті мәселелері және оларды дамыту жолдары
- •Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде
- •Өзіндік сана-сезім дамуы
- •Акмеологиялық ықпал ету
- •Өзін-өзі тәрбиелеу және өзіндік баға
- •Акмеологиялық технологиялардың атқаратын қызметі
- •Акметектоника туралы түсінік
- •Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
- •Еңбек психологиясындағы шеберлік
- •Акмеологиялық зерттеулердің теориялық әдістері
- •Тұлғалық-кәсіби даму барысындағы өзгерістер
- •Акмеологияның ғылыми бағдарлары
- •Жаңа тұрпатты педагогтың акмеологиялық бағыттылығы
- •Педагогикалық және басқару акмеологиясы
- •Кәсібилік дамуының акмеологиялық факторлары
- •Өзіндік сана-сезімнің дамуы
- •Жеке адамның психологиялық құзіреттілігі
- •Кәсібиліктің акмеологиялық инварианттары
- •Өздігінен білім алу факторлары
- •Педагогикалық шеберлік – акме шыңына жетудің тиімді тәсілі ретінде
- •Кәсібиліктің акмеологиялық жүйесі
- •Іскерлік қарым-қатынас мәселелері
- •Акмеологиялық зерттеулерді ұйымдастырудағы эксперимент түрлері
- •Акмеологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтар
- •Кәсібилік мәселесінің зерттелуі
- •Акмеологияның пәнаралық байланысы
- •Кәсібиліктің акмеологиялық түсінігі
- •Акмеологияның мақсаты, нысаны және пәні
Акметектоника туралы түсінік
(греч. akme – "вершина, расцвет, зрелость"; tektonike –"строительное искусство, мастерство") – акмеологическая система оценивания, коррекции, моделирования и развития профессионального образа акме субъекта деятельности. Данная категория предложена А.С.Гусевой. Акметектоника – это осознанное внутриличностное движение субъекта к эталону, которое позволяет ему на основе самопознания, саморазвития, самореализации определить свою «точку опоры» - источник, движущую силу развития. В акметектонике моделируемый эталон субъекта профессиональной деятельности определен как образ акме. Образ акме – совокупность наивысших качественных показателей ценностно-мировоззренческих, интеллектуальных, эмоционально-чувственных, мотивационных, волевых, коммуникативных характеристик и составляющих психического, физиологического и духовного здоровья субъекта деятельности как профессионала, полученных в процедурах оценивания, коррекции и развития.
Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.Оқытушы қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын ортамен, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады.Оқытушы кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады.Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, инновациялық жаңа үрдістерді дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын ортаға тез бейімделуді қажет етеді.Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой – тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында оқытушының құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:
1. Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
2.Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарын, міндет нормаларын қойып анықтауды сипаттайды;
3. Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:
· Зерттеушілік, ғылыми жұмысты жандандыру;
· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;
· Оқытушыға әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;
· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;
· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.
Бұл жұмыстардың барлығы да оқытушының өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – оқытушының қоғам және студент, болашақ мамандар алдындағы басты міндеті.
Еңбек психологиясындағы шеберлік
Еңбек психологиясы – еңбек психологиясының нақты формаларының қалыптасу заңдылықтары туралы психологиялық білімдер жүйесі жайлы және адамның еңбекте деген қатынасы туралы ғылы.Бұл пән кәсіби іс-әрекет түрлерінің психологиялық жүйесін, профессиографиясы; кәсіпкер қалыптасуын; еңбек психологиясының өзекті мәселелерін; еңбек әрекетін басқару; еңбек дағдыларын қалыптасу заңдылықтарын; еңбек іс-әрекеті кезінде адамның шаршау, жұиыс қабілеті сияқты психофизиологиялық күйлер дамуын зерттейді.Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі – оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Еңбек мәселесін психология ғылымында оның еңбек психологиясы атты саласы қарастырады. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.
