- •31.Герменевтика және мәтінді түсіндіру мәселелеріне сипаттама беріңіз ( в. Дильтей г. Гадамер).
- •32.Философия мен ғылымдағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •33.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •35.Кеңістік пен уақыт материя болмысының формаларын ашыңыз. Кеңістік және дүниенің ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •38.Сананың функцияларын атаңыз. Сана және ойлауға анықтама беріңіз. Сана және тіл мағыналарын сипаттаңыз.
- •39.Марксизм философиясындағы "тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру"және "қоғамдық- экономикалық формация"ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •41.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын көрсетіп берініз.Қазіргі замандағы маңызы қандай деп ойласыз?
- •42.Танымның көптүрлігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалар жайлы қысқаша анықтама беріңіз.
- •48. Ақиқат өлшемдері. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқат, адасу және жалған. Анықтама беріңіз.
- •49.Сезімдік және рационалдық таным формаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •50.Метод және методология ұғымы. Ғылыми методтар типологиясың.Сипаттаңыз.
- •51.Эмпирикалық таным методтары: бақылау, өлшеу,салыстыру, эксперимент мағынасын ашыңыз.
- •52. Теориялық танымның методтары: анализ және синтез, индукция және дедукция, иделизация және моделдеу. Жүйелі қатынас. Қысқаша анықтама беріңіз.
- •53.Абстрактіліктен нақтылыққа өту жолы диалектикалық логиканың методы ретінде сипаттама беріңіз.
- •54.Ғылыми танымның мәні және құрылымы; проблема, гипотеза, теория. К. Поппердің ғылыми танымның дамуы концепциясының мағынасын ашыңыз.
- •56.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •57.Ғылым - танымның арнаулы формасын айқындап көрсетіңіз.
51.Эмпирикалық таным методтары: бақылау, өлшеу,салыстыру, эксперимент мағынасын ашыңыз.
Ғылыми зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Еmреіrіа – тәжірибе).Бақылау- заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары -видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады. Бақылаушының бастапқы ұстанымы нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай тас деп қарайды. Бұны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен көреді, басымен түсіндіреді. Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады.Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық сипаты мен өлшемінің тәртібі бақылаудың негізін құрайды. Өлшем – зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтаупроцесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
52. Теориялық танымның методтары: анализ және синтез, индукция және дедукция, иделизация және моделдеу. Жүйелі қатынас. Қысқаша анықтама беріңіз.
Анализ және синтез жалпы мәнінде алғанда бүтіннің құрамдас бөліктеріне ыдырауы және бөлшектердің бүтінге ұдай бірігу процестері. Анализ және синтез таным процесінде маңызды роль атқарады, оның барлық стаыларында жүзеге асырылады. Ойлау операцияларында анализ және синтез абстрактілік ұғымдардың көмегімен жүзеге асырылатын және бірқатар ойлау операцияларымен және логикалық тәсілдері ретінде көрінеді.
Индукция және дедукция бұ кері әдістер, индкуция жеке фактілерден жалпы қорытынды шығарады да, дедукция керісінше, жалпыжан жалқыға , бүтіннен бөлшекке көші арқылы нәтиже шығарады.
Модельдеу әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі. Ол сол әдістердің жаңа қызметтерін ашатын модельдердің жаңа типін жасауға негіз болған ғылымның дамумен байланысты.
Иделизация идеализациялау үрдісі, табиғатта жоқ және жүзеге аспайтын, бірақ бар объектілер туралы ұғымдарды ойша құру.
Ғылыми таным логикасы мен, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логтка, мнтодология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы мен материалистік диалектиканы түсінеміз.
