- •31.Герменевтика және мәтінді түсіндіру мәселелеріне сипаттама беріңіз ( в. Дильтей г. Гадамер).
- •32.Философия мен ғылымдағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
- •33.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •35.Кеңістік пен уақыт материя болмысының формаларын ашыңыз. Кеңістік және дүниенің ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •38.Сананың функцияларын атаңыз. Сана және ойлауға анықтама беріңіз. Сана және тіл мағыналарын сипаттаңыз.
- •39.Марксизм философиясындағы "тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру"және "қоғамдық- экономикалық формация"ұғымдарына түсінік беріңіз.
- •41.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын көрсетіп берініз.Қазіргі замандағы маңызы қандай деп ойласыз?
- •42.Танымның көптүрлігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалар жайлы қысқаша анықтама беріңіз.
- •48. Ақиқат өлшемдері. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқат, адасу және жалған. Анықтама беріңіз.
- •49.Сезімдік және рационалдық таным формаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •50.Метод және методология ұғымы. Ғылыми методтар типологиясың.Сипаттаңыз.
- •51.Эмпирикалық таным методтары: бақылау, өлшеу,салыстыру, эксперимент мағынасын ашыңыз.
- •52. Теориялық танымның методтары: анализ және синтез, индукция және дедукция, иделизация және моделдеу. Жүйелі қатынас. Қысқаша анықтама беріңіз.
- •53.Абстрактіліктен нақтылыққа өту жолы диалектикалық логиканың методы ретінде сипаттама беріңіз.
- •54.Ғылыми танымның мәні және құрылымы; проблема, гипотеза, теория. К. Поппердің ғылыми танымның дамуы концепциясының мағынасын ашыңыз.
- •56.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •57.Ғылым - танымның арнаулы формасын айқындап көрсетіңіз.
35.Кеңістік пен уақыт материя болмысының формаларын ашыңыз. Кеңістік және дүниенің ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз.
Материя жаралмайды, уақыт жағынан мәңгі, кеңістікте. Өзінің құрылымы мен көрінісі де шексіз, мәңгі қозғалыста болатын, өз бетінше дамуға қабылетті. Материя белгілі бір кезенде, қолайлы жағдайлар туған кезде тіршіліктің және ойлайтың жанның пайда болуына әкелді. Материяның белгілі бір түрі немесе күйі, оның қасиеті немесе қозғалыс формасы, тарихи дамуының жемісі болмайтын әлемде ештеңе жоқ. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән. Уақыт - қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің (не элементтердің) бір - бірінен туындап ұласу формасы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Философияда көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікірге ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсінген. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде нәрсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші алпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық - қозғалыстың біршама, бір сәткі тұрақтылығы.
Кеңістік және уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік – материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші.
36.Сана адамның өмір сүру формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгерту құралы ретінде ашып берініз. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді филос-сындағы жанның көшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға ұмтылады. Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғ. (ғылыми-революция ғ-ында) мен 18 ғ. (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классик. филос-сы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19-20 ғ. постклассик. философия (Ницше, Шопенгауэр, Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және тағы сол сияқты адамның ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. ). Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Т ә н — табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның н ә з і к б о л м ы с ы н а — сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және “мен” деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеум. ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша — хауас сәлим, қазақша — рух, санскритте — аура, орысша — дух, латынша — спирит, ғылымда — психоэнергетикалық жүйе т.с.с. Ж а н — адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы
37.Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларына сипаттама беріңіз.Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi. Өйткенi, көне дәуiрлердегі Сократ (м.б. 469-399), Платон (м.б. 427-347), Аристотель (м.б. 384-322) секiлдi мәшһүр ойшылдар уә хакiмдер жазған фәлсәфи шығармаларды жер-жерден iздестiрiп, оларды арабшаға аудартқызып, оларға түсiнiктемелер жазып, философиялық ойлардың сапасы мен деңгейiн жаңа сатыға көтерген мұсылман ойшылдар мен хакімдер болған.Ислам философиясының кейбiр негiзгi туындылары мыналар: Йақұб Исхақұлы әл-Кинди (800?-873) – «Рисалә фи хұдұд-ил әшйа уә рұсұмұмиһә», әл-Фараби (870-950) – «әт-Тағлиқат», Әбу әл-Фараж Мұхаммед Исхақұлы Әби Йақұбұлы әл-Нәдимұлы әл-Бағдади (Ибн әл-Нәдим, уаф. 995) – «Фиһрист әл-ұлұм», Сұлейман Хасанұлы Жұлжұлұлы (Ибн Жұлжұл, 919-987) – «Тарих әл-әтибба уә-л-хұкама», Қазы Саид Ахмедұлы әл-Әндұлұси (Қазы Ибн Саид, 1030-1070) – «Табақат әл-ұмәм», Әбу Уәлид Абдұллаһ әл-Фарази (962-1013) – «Тарихұ ұлама-ил Әндалұс». Ислам философиясының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгi философиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз:1-Дәһриййұн: Философиялық материализмнiң уәкiлдерi. Бұларға «маддиййұн», «мұаттыла» және «занадықа» да делiнген.
