- •1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
- •1.3 Депозиттік нарықтың құрылымы
- •2 Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау
- •Қр едб халықтың депозиттері. Аймақтар. Қазан 2013
- •2015 Жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы
- •3.3 Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуал және 2014-2016 жылдардағы республиканың депозит нарығының даму болашағы
- •3.1 «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» ақ қызметіне шолу жасау
- •2012-2013 Жылдардағы негізгі жетістіктер
- •2014 – 2016 Жылдардағы халықтың банк депозиттерінің және
- •2014-2016 Жылдарға арналған алдағы дамудың негізгі бағыттары
- •3 Депозиттік нарықты қалыптастыру мәселелері мен даму жолдары
2 Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау
Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі – макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды.
Қазақстанда 1994 жылы, яғни депозиттік нарықтың жаңадан аяқ басқан кезеңде, салымдар, депозиттер небәрі 15-35%-ын құрады.
Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1 кезең (1994-1995). 1994 жылдың аяғына қарай жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, 1995 жылдың аяғына қарай қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады.
Шын мәнінде халықтың жинақтары аталған сомадан анағұрлым жоғары болды, олардың көлемі 1,5-2 млрд.АҚШ долларын құрады. Халық өз қаражаттарын дұрыс және сенімді сақтау үшін тәсілдер іздей бастады.
Осы кезеңде бәсекелестік коммерциялық банктер арасында ғана бола қоймай, сонымен қатар басқа да коммерциялық құрылымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын тарту үшін үлкен жарнаманың компанияларын құрды, халықты қызықтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді немесе басқа да табысты шарттарды ұсынды, дегенмен олардың қызметі халықты алдау екендігі тез айқындалды. Сондықтан, халық өз сенімін көбінесе банктерге артты, сол себептен банктер өз несиелік, депозиттік саясаттарын жақсартуға үлкен көңіл бөле бастады.
1994 жыл аяғында инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалғандықтан, салымдар мен депозиттер бойынша банктік пайыздар өз нәтижелерін көрсете бастады. Бұл мәселе ақша құралдарын банкке салу керектігіне тағы да көз жеткізді. 1995 жыл бойы халықтың банкке салымдары көбейе бастады, 1995 жылдың қаңтар айында 7,7 млрд.теңге болса, 1995 жылдың қараша айында 18,5 млрд.теңгеге көбейді.
Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.
2 кезең (1996-2000) 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады. Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жағдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Инфляция деңгейін жабатын пайызды анықтау қиын, себебі оған көптеген факторлардың әсерін есептеу керек. Ал екінші пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.
1996 жылы мерзімі 6 айдан асатын депозит барлық мерзімді депозиттердің 55%-н құрады. Ең көп орын алған депозиттер 3 ай мерзімдегі мерзімді депозиттер болды, олар барлық мерзімді депозиттердің 40%-н немесе жалпы депозиттердің 16%-н құрады. Барлық депозиттердің 60% депозиттері халық салымдары болды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артуын білдіреді. Ең көп салымдар Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау қалаларында байқалды.
ҚР ҰБ-ң мәліметтері бойынша 2001 жылдың 1 қыркүйегінде, банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 21,9 млрд.теңгені құрады, валютада – 10,5 млрд, соның ішінде мерзімді депозит көлемі – 9,1 млрд. теңгені құрады.
3 кезең (2001-2003жж) Бұл кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында тұрды.
Дегенмен, бұл кезеңде салымдарды қорғау депозиттерді сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарына сай келген жоқ.
Банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 7,86%-ға төмендеді, ал ұлттық валютада 6,24%-ға көбейді. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары 7,36%-ға өсті және 2004 жылдың басында 141,579 млн.теңгені құрады, ал шетел валютасында 5,73%-ға төмендеп, 192,973 млн.теңгені құрады.
Шетел валютасында жалпы салымдар көлемі 7,071 млн.теңгеге азайды, ал ұлттық валютада керісінше көбейді, бұл жағдай халықтың салымдарды ұлттық валютада салуына үлкен сенімін артқанын көрсетеді.
Сонымен, біздің елімізде депозиттік нарықтың дамуында келесі қорытындыларға келеміз:
банктік депозиттік нарық 1994 жылдың аяғынан дами бастады, осы уақытта депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесі оңтайлы болып, ақша жинауға нақты мүмкіндік болды
депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне сенімінің артуын білдіреді, ең алдымен бұл Ұлттық Банк пен Үкіметтің заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің конвертациясы бойынша өз міндеттерін орындаумен байланысты. әрине, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша сақтандыру жүйесінің және банк құпиясы туралы заңның қабылдауын ескерусіз қалдыруға болмайды.
Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзiнiң жеке заңдылықтары мен ерекшелiктерiне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық мәлiметтер негiзiнде депозит нарығына мiнездеме бере отырып, оны сaлыстырмалы тaлдay негiзiнде көpceтyгe болады
Депозит нарығында шетел валютасындағы салымдар басым
Депозит нарығында шетел валютасындағы салымдар басым
Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті, ал, жыл басынан бері 13,9%-ға артты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 6496,8 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өссе, жеке тұлғалардың депозиттері 3745,7 млрд. теңгеге дейін 0,8% - ға ұлғайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 15,5%-ға және 11,1%-ға артқан.
2013 жылғы қазанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6277,1 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға төмендеген. Ал, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3965,4 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 6,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%-ға артты. Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 62,6%-дан 61,3%-ға дейін кеміді.
Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қазанда 3778,5 млрд. теңгеге дейін 0,8 %-ға ұлғайса, жыл басынан бері 10,8%-ға өсіпті. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2082,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 1695,8 млрд. теңгеге дейін 2,9% - ға көтерілді.
Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 56,0%-дан 55,1%-ға дейін төмендеді.
2013 жылғы қазанда мерзімді депозиттер 7060,6 млрд. теңгеге дейін 1,8% - ға ұлғайды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4225,3 млрд. теңгеге дейін 2,0% - ға артты, шетел валютасымен депозиттер 2835,3 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті.
2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,8% (2013 жылғы қыркүйекте – 4,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (6,3%) болды.
Шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейді
Астана. 22 қазан. Baq.kz – Биылғы жылдың тамыз айында шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейіп, ұлттық валютадағы депозиттер 27 млрд. теңгеге азайды. Қаржы нарығындағы күрт өзгерістер «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның шетел валютасындағы депозиттердің сыйақы мөлшерін төмендетуімен байланысты деп хабарлайды Ranking.kz сайты.
Порталдың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда салымшыларда девальвация болуы мүмкін деген қорқыныш бар. Оның үстіне, 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен ұсынылатын жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5% - дан 4,5% - ға дейін төмендетілді.
Бүгінде екінші деңгейлі банктерге салымшылар 3,6 трлн. теңгені сеніп тапсырған. Оның ішінде 43,8% немесе 1,6 трлн. теңгесі шетел валютасындағы депозиттер болып табылады.
Айта кетерлік жайт, еліміздегі қаржы институттары депозиттің осы түрін ел арасында кеңінен насихаттауда. Олардың ішінде долларлы депозиттер сұранысқа ие. Салымның бұл түрін 38 қаржы орталықтарынының ішінен 28 ұсынуда.
Бөлшек депозиттер нарығында шетелдік валютаның үлесі көбеюде. Қазан айында шетелдік валютадағы мерзімді және шартты салымдар көлемі 3%-ға өсіп, 1,6 триллион теңгеге жетті
Ұлттық валютадағы бөлшек депозиттер көлемі 1,7 триллион теңгеден төмен түсті (0,9%-ға).
Шетелдік валюталардағы салымдарға деген ең үлкен сұраныс Алматы және Астана қалаларында. Мегаполистерімізде, аталмыш нарықтың 75%-ы шоғырланған (1,2 триллион теңге).
