- •Табиғи белдемдердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Қазақстан жазықтарының табиғи белдемдері және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
- •Литогендік негіздің ландшафт құрудағы рөлін анықтаңыз. Ландшафттардың аймақтық жіктелуін қарастырыңыз.
- •Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
- •Қазақстанның көлдері. Олардың қазан шұңқырларының шығу тегі бойынша жіктелуін аңықтаңыз.
- •Жер асты сулары және олардың жіктелуін сипаттаңыз. Жер асты суларының қалыптасуының заңдылықтары. Қазақстанда гидрогеологиялық тұрғыдан аудандастырун қарастырыңыз.
- •Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
- •Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Арал мен Каспийдің геоэкологиялық мәселелері және оның физикалық-географиялық салдарын қарастырыңыз.
- •Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
- •Хх ғ. Қазақстандағы физикалық-географиялық зерттелу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар мен ұлттық парктерге қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ел экономикасындағы рөліне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
- •Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
- •Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны
- •Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
- •Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.
- •Жер ресурстары. Қазақстанның жер қорына және ауыл-шаруашылық жерлерiне сипаттама беріңіз.
- •Минеральді-шикізат ресурстары. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.
Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
Физикалық-географиялық аудандастыру - ландшафтарды жүйелеудегі әдістердің бірі, ландшафтардан неғұрлым жоғары дәрежедегі ірілендірілген аумақтық жүйелерге өтуге саяды (ландшафтық аймақ, физикалық- географиялық елдер, секторлар, белдеулер және т.б.).
Қазақстанның кең-байтақ жерiнiң табиғаты алуан түрлi, бiр-бiрiн қайталамайтын табиғат кешендерiнен тұрады. Қазақстан аумағы екi дүние бөлiгiн (Еуропа мен Азия) бiрiктiрiп жатыр. Осыған сәйкес, қайталанбас көркем табиғатымен, үлкен массивтi құмдарымен, жазира даласымен, қарлы биiк тауларымен, құрғақ климатымен, теңiз деңгейiнен төмен жатқан ойыстарымен, күрделi геологиялық құрылысымен, ежелгi географиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетiн байтақ елiмiздi мынадай iрi тоғыз табиғат аймақтарына бөлуге болады:
Шығыс Еуропа жазығы; 2. Тұран жазығы; 3. Солтүстiк Қазақ жазығы; 4. Сарыарқа; 5. Орал; 6. Алтай; 7. Сауыр-Тарбағатай; 8. Жоңғар Алатауы; 9. Тянь-Шань. Ары қарай өзин қарап ал!
Климат түзуші факторлар және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
КЛИМАТ ТҮЗУШІ ФАКТОРЛАР– әр жердің климатының сипатын анықтайтын себептер мен жағдайлар. Оларға оның географиялық ендігі, теңіз деңгейінен биіктігі, орографиясы, мұз, қар және өсімдік жамылғылары, Күн радиациясы, атмосфераның жалпы айналымы, мұхит ағыстары, мұхиттан алыстығы, тағы басқа жатады.
Қазақстанның климаттық жағдайының айырмашылықтары метеорологиялық элементтердің, ал ең негізгісі, жер бетінде жылу мен ылғалдың айырмашылығынан көрінетіні анық. Бұл өз кезегімен күн радиациясының қарқындылығына, жер қыртысының құрамы мен қасиетіне, жергілікті жердің пішініне, зат пен энергия айналымына да байланысты.
Жыл мезгілдері бойынша жылу мен ылғалдың қарым-қатынасына байланысты Қазақстан аймағының әр түрлі ауа массалары мен олардың қозғалысы тәуелді дамиды.
Ауа мен ауа массаларының қозғалысы жылу мен ылғалдың айырбасына, желдің, жауын-шашынның қалыстасуына және температураның тербелмелі өзгерісіне әсері елеулі. Климаттық жағдайдың алуан түрлі болуы, олардың жыл мезгілдері бойынша өзгеріп отыруы үздіксіз бір-бірімен тығыз байланыста дамитын 3 факторға: территорияның әр түрлі бөліктеріне күн радиациясының әрқалай түсуі, төсеніш беттің сипаты мен қасиетіне және осы айрымашылықтарды бәсеңдетін ауа ағынына байланысты. Климаттың континенттік деңгейі де осы факторларға бағынышты. Осыған байланысты Қазақстанның жекелеген аудандарының климаты ғана емес табиғи жағдайлары мен кешендері дамиды.
Климаттың континенттік деңгейі. Кез - келген террриторияның табиғи және климаттық жағдайының ерекшелігін анықтайтын көрсеткіш – климаттың континеттік деңгейі. Климаттың континенттік деңгейі оған әсер ететін жер беті мен атмосфера циркуляциясының сипатымен айқындалады. Негізінде климаттың континенттік деңгейі климат құрушы үрдістерге жер бетінің тигізер әсерімен анықталады.
Қазақстан негізгі ылғал көзі болып табылатын Атлант мұхитынан шалғайда орналасқан. Сондықтан климатқа құрғақтық пен континенттік тән. Қазақстан аймағының контитненттік жағдайы бүкіл жыл бойы солтүстікпен солтүстік- батыс пен арктикалық суық, ал оңтүстіктен жылы ауа массаларының қайталанып отыруынан деп түсіну керек. Климат континенттігі ең алдымен ауа температурасы ауытқуынан көрініс табады. Континенттіктің көрсеткіші – ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқуы, салыстырмалы ылғалдылықтың төмендеуі, жаз бен қыс айларында бұлттылықтың қайталанып отыруынан байқалады. Климаттың контитненттігінің сандық шамасы – континенттік индексі. Құрылықтың ортасына қарай ауа массаларының континенттігі артқан сайын индекс те артады.
Климаттың континенттік деңгейін бірнеше топтарға жіктейді (К) : 1) теңіздік жұмсақ (К 0 - ден 20 пайыз арасында өзгереді), 2) теңіздік қоңыржай (К 20,1 – ден 30 пайызға дейін), 3) қоңыржай-континеттік (К 30,1 – ден 50 пайызға дейін), 4) континентті (К 50,1 – ден 70 пайызға дейін), 5) шұғыл континентті (К 70,1 – ден 90 пайызға дейін), 6) нағыз континентті (К 90,1 - ден 100 пайызға дейін). Континенттік индексі Горчинскийдің формуласы бойынша есептелеген (Вилесов Е.Н. және т.б. ,1986).
Континенттіктің изосызығы батыста меридианнан сәл ауытқиды, ал орталық және шығыс бөліктерде ендіктен сәл ауытқып өтеді. Континеттіктің ең максимальды шамасы шөл және шөлейт зоналарының территориясымен Шалқар – Арал - Жезқазған - Балқаш көлі, Алакөл ойпаты, Тарбағатай қыраты арқылы Зайсанға дейін созылап жатыр. Жалпы азия антициклонының батыс шекарасымен сәйкес келеді. Ең шеткі шығыста Зырянов маңында континенттік 70 - 72 пайызға тең, оның екі жағында біртіндеп төмендейді.
Жан-жағын қоршаған басқа территориялармен салыстырғанда континенттіктің төменгі мөлшері Қазақтың ұсақ шоқысының орталығы мен Көкшетау қыратында байқалады. Бұл - мұнда аласа таулы кешендер мен абсолюттік биіктіктің 500 метрден артықтығына байланысты. Батыста континенттіктің аз болуына Каспий теңізінің тигізер әсері мол.
Климаттың континенттік деңгейі таулы оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде, мұнда континенттіктің ең төменгі мөлшері биік таулы аймақтарға тән. Іле Алатауының солтүстік беткейінде 850 метр биіктіке континенттік 56 пайыз (Мыңжылқы), ал 3600-3800 метр биік гляциальды-нивальды белдеуде 24 пайызға дейін төмендейді. Сонымен, биік таулардың климаты континентттік деңгейіне қарай теңіздің қоңыржай климатына сәйкес.
Қазақстан Республикасының басым ауданы – 2262,2 мың шаршы км немесе 83 пайызы континенттік климатқа жатады. Шұғыл континентті климат (К>70 пайыз) территорияның 15,5 пайыз ауданына немесе 420 мың шаршы км - ге сәйкес келеді. Бүкіл ауданның 35 мың шаршы км - і немесе 1,2 пайызы таулы аудандардың үлесіне тиесілі.
Климаттық зоналар. Қазақстанның климаттық көрсеткіштерінің актинометриялық және метеорологиялық элементтерінің таралуы горизонтальдық зоналар мен биіктік белдеулердің алуандығынан көрініс табады.
Климаттық зоналарды жіктегенде радиациялық көрсеткіштердің нақтылы шамасымен қатар жыл мезгілдері бойынша атмосфера циркуляциясының ерекшеліктері, негізгі меетеорологиялық элементтердің режимі және климат құрушы факторлар есепке алынады. Ал климаттық зоналардың шекараларын тура анықтағанда табиғи компоненттердің орналасу заңдылықтарын анықтайтын ылғал мен жылудың қарым-қатынасы есепке алынған. Яғни климаттық зоналарды жіктегенде табиғи компоненттердің байланысы мен қарым -қатынасы және климат құрушы факторлар негізге алынды.
Барлық табиғи зоналардың шекарасында бірдей көрсеткіштің қарқындылығы есепке алынады, өйткені қарқындылық белгілі бір шекте ауытқып отырады. Сондықтан табиғи зоналарды жіктегенде нақтылы территорияның физгеографиялық үрдістерінің қарқындылығын да анықтайды.
Физгеографиялық үрдістердің солтүстіктен оңтүстік бағыттта өзгеруі сыртқы факторларға байланысты. Мысалы, жазық жерлерде жылу мен ылғалдың таралуында зоналық анық байқалады. Бұл осы бағытта, яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай және қыс мезгілінен жазға қарай түсетін күн радиациясының мөлшеріне, атмосфералық жауын-шашынның азаюына, метеорологиялық элементтердің өзгеруіне бағынышты. Негізгі метеорологиялық элементтердің зоналық таралуында ауытқу тек Қазақтың ұсақ шоқысы мен биік таулы өңірлерде байқалады. Ал тауларда жылу мен ылғалдың таралуына жер бедері пішінінің әсері анық.
Қазақтанның солтүстігі мен орталық бөліктерінде климаттың жыл мезгіліне қарай айырмашылығы байқалады. Бұл - құрылықты және сулы аймақтардың қарым-қатынасына, яғни осыған байланысты жылуды сіңірудегі өзгешелігіне, жылуды сақтау мен бөліп шығару, ылғалдың булануы сияқты ерекшелігіне тәуелді.
Таулы аймақтардың климаттық көрсеткіштеріне беткей экспозициясы, қыраттардың бағыты, негізгі ауа массаларының бағытына орналасу ерекшеліктері мен таулардың тосқауылдық рөлі негізгі рөл атқарады. Осылармен атмосфералық қысымның, ауа температурасының, ауа ағынының, бұлттылықтың, жауын-шашын мөлшерінің таралуы байланысты. Таула өңірлерде табиғи зоналардың орнына биіктік белдеулер қалыптасады.
Қазақстан Республикасының климаттық зоналарының аймақ бойынша заңдылықты таралуы жергілікті жердің ылңғалдану ерекшелігімен, орографиялық және литологиялық ерекшеліктермен, өсімдік жамылғысымен, қар мен мұздықтармен, ауа құрамының аз уақыттық өзгеруімен, елді мекендердің әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Осы факторлардың барлығы территорияның климаттық зоналарын жіктегенде есепке алынады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының климаттық жағдайы аймақтың географиялық орналасуымен және оның физгеографиялық ерекшеліктерімен анықталады. Нақтылы территорияның климаттық жағдайы климат құрушы факторлардың нәтижесі болып табылады.
Қазақстан аймағы үшін актинометриялық және метеорологиялық көрсеткіштердің зоналық таралуы мен континенттік климат тән. Климаттық жағдайдың алуандығы метеорологиялық және актинометриялық көрсеткіштердің жылдық режимінен ғана емес, жыл мезгілдері бойынша ауа райының өзгерісінен және биіктік және ендік бағытта ауытқуынан көрініс табады. Жазық жерлерде зоналық ендік анық байқалады.
әрбір климаттық зона шекарасына, белгілі бір шекте ауытқығанымен, актинометриялық және метеорологиялық элементтердің нақтылы көрсеткіштері тән. Сондықтан әрбір климаттық зонаның негізіне метеоэлементтердің нақтылы көрсеткіші алынады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде күн радиациясының мол түсуіне, топырақ пен ауа қабатының жыл бойы аз ылғалдануына және жер бетінің біртектілігіне байланысты шөл климаттық зонасы қалыптасқан.
Сонымен, Қазақстанның климаттық ерекшелігі оның табиғи кешендерінің пайда болуының негізгі факторы болып табылады.
