- •Табиғи белдемдердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Қазақстан жазықтарының табиғи белдемдері және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
- •Литогендік негіздің ландшафт құрудағы рөлін анықтаңыз. Ландшафттардың аймақтық жіктелуін қарастырыңыз.
- •Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
- •Қазақстанның көлдері. Олардың қазан шұңқырларының шығу тегі бойынша жіктелуін аңықтаңыз.
- •Жер асты сулары және олардың жіктелуін сипаттаңыз. Жер асты суларының қалыптасуының заңдылықтары. Қазақстанда гидрогеологиялық тұрғыдан аудандастырун қарастырыңыз.
- •Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
- •Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Арал мен Каспийдің геоэкологиялық мәселелері және оның физикалық-географиялық салдарын қарастырыңыз.
- •Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
- •Хх ғ. Қазақстандағы физикалық-географиялық зерттелу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар мен ұлттық парктерге қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ел экономикасындағы рөліне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
- •Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
- •Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны
- •Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
- •Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.
- •Жер ресурстары. Қазақстанның жер қорына және ауыл-шаруашылық жерлерiне сипаттама беріңіз.
- •Минеральді-шикізат ресурстары. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.
Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының топырағын жүйелі зерттеуге ХХ-шы ғасырдың бірінші ширегінің әр жылдарында академик К.Д. Глинка жетекшілік еткен Қоныс аудару басқармасының экспедициялары бастама болды. Бұл зерттеулерге сол кезде атағы шыққан С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, Р.И. Аболин және тағы басқа көптеген жас топырықтанушылар қатыстырылды. Осы жылдары, бұрын белгісіз болған топырақтардың бірінші мәліметтері алынды. Көбінесе, шөлді-дала белдеуінің таулы бөктерінің ашық-қоңыр топырақтарының жаңа түрлері суреттелді, ендік зонаның және биіктік белдеу топырақтарының құрылымы айқындалды, егін шаруашылыгына қолдануға ең тиімді аудандар анықталды.
Осылардың және кейбір басқа да зерттеушілердің материалдарды К.Д. Глинканың “Ресей және жанасқан елдердің топырақтары” (1923), “Қырғыз Республикасының топырағы” (1926), “Кеңестер Одағының Азия бөлігінің сортаң және сор аймақтары” (1926), Р.И. Аболиннің “Балқаш маңының шөл даласынан Хан-Тәңірінің қарлы шыңына дейін” (1930),
Л.И. Прасоловтың “Түркістан топырақтары” (1926), С.С. Неуструевтың “Топырақ географиясының элементтері” (1933) монография құруға ғылыми негіз болып табылды. Осы жұмыстарға салынған терең ойлар, әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
ХХ-шы ғасырдың 30-40 –шы жылдары топырвқ-географиясын И.П. Герасимов, М.А. Глазовская, Е.Н. Иванова, Е.В. Лобова зерттеу жүргізіп, Қазақстан Республикасының топырағын зерттеуде, үлкен үлестерін қосты.
ХХ-шы ғасырдың 40-50 –ші жылдарында топырақтарды зерттеуде ерекше ғылыми мелиоративтік топырақтану бағыты бөлініп шықты, бұл бағыттың негізін Қазақстанда академик В.М. Боровский қалады. В.М. Боровскидің негізгі оңдеулері атырау жазығының топырақ түзу теориясына, суландыруды дамытудағы топырақ эволюциясына, қарқындылығын анықтауда, еспе су топырақ жүйесіндегі су және түз алмасу бағытымен өзгешелігіне арналған.
Ірі фундаменталды топырақ географиясының зерттеулері А.И. Безсоновтың, С.П. Матусевичтің, А.В. Мухлидің, Д.М. Стороженконың, А.М. Петелинаның, П.Г. Грабаровтың, И.А. Безполуденовтың, М.К. Вяткиннің, С.С. Соколовтың, А.М. Дурасовтың, А.И. Будоның, У.У. Успановтың және басқалардың жетекшілігімен жүргізілді.
В.В. Докучаев топырақ түзілуде басты және жаппай қатысушы факторларға тау жыныстарын, климат, өсімдік және жануарлар организімін (жоғарғы және төменгі), жер бедері мен елді мекендердің жасын жатқызды. Осы жалпы факторлардан басқа бірқатар күшті, брақ тек жергілікті әсер ететін – топырақты грунттар, жер асты сулар, беткі сулар және басқа да факторлар бар. Кей жерлерде топыраққа жер асты суларының қысымы әсер етіп, әртүрл химиялық элементтердің келуіне түрткі болады. Топырақтың қайта түзілуіне ең күшті факторлардың бірі – адамның шаруашылық қызметі.
Қазақстан Республикасының топырық жамылғысын талдау кезінде топырақ географиясының 3 негізгі заңдылықтары маңызды: тік белдеулік, көлденең зоналық және провинциалдық. Соңғысы бізге белгілі болғандай, топырақ түзілуінің биоклиматикалық жағдайын айқындайды. Сондықтан контитеттік және қуаңшылық климатына байланысты. Қазақстанның жазық территориясының барлық ендік зонасындағы топырақ жамылғысы (Еуропа бөлігімен салыстырғанда) өзінің жинақылығымен ерекшеленеді. Территорияның даму тарихының, бастапқы жыныстардың, тұзданған жерасты суларының ықпалынан бұл жерлерде сортаң, сор, шақат және басқа да интразоналылық топырақтар кеңінен тараған. Сортаң және сортаңды комплекстердің ауданы дала зонасында оңтүстікке қарай үлкейіп, әдеттегі ө бөлігінің ашық қоңыр (каштан) топырақ зонасында жарты ауданына дейін алып жатыр. Сор топырақтардың 90 %-ы осылардың үлесіне тиеді. Мыс.: Каспий маңы ойпатында сортаң топырақтар зоналы қоңыр топырақтардан басым келеді. В.М. Боровскидің санауы бойынша (1978) дала зонасында сор және сортаң топырақтардың арақатынасы орташа есеппен 1:50, ал шөлді зонада – 1:3 –ке қатынасындай болып келеді.
Қазақстанның ұсақ шоқысында, Мұғалжар, Зауральск үстіртінде толық жетілмеген топырақтардың салыстырмалы салмағы өте жоғары, ал Ертіс маңындағы жазықта құрамы жеңіл гранулометриялық топырақтар. Басқа жағынан алып қарағанда зоналылық топырақтар физикалық географиялық ерекшелігіне байланысты түзулі жағынан,өз морфологиялық құрылымы жағынан және физика-химиялық қасиеттері жағынан провинциалды ерекше қасиеттерге ие. Көбінесе Қазақстанның қара топырағының жиекті қарашірікының қалындығы аз, қарашіріктылыгы бірнеше жоғары, түсі әршекті, ол қырын пішінінде ескіден қалған: гидроморфизм және сортаңдығының іздері байқалады.
Құба, сұр-құба, тақыр тәрізді және сұр топырақтар тараған, оңтүстікте, батыстан шығысқа қарай топырақтың қырын пішінінде біртіндеп құрамындағы карбонаттылығы азаяды. Бұл жағдайды гидротермиялық ерекшелігімен (суық, созылған көктем карбонаттардың сілтсізденуіне себеп болады), бастапқы карбонатсыз жыныстардың таралуымен, шөлдің режимінің жастылығымен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысының бір ерекшелігі шөл зонада шалғын және шалғынды батпақ топырағының ауданын үлкейту, сонымен бірге олардың үлесін сортаңды топырақ құрамына қатыстыру болып саналады. В.М. Боровский (1978) бұл құбылысты осы жердегі Тянь-Шань тауларынан ағатын өзеннің, ал батыста Орал өзенінің атырауымен қалыптастырған, кең аллювиалды жазықты атыраудың болуымен түсіндіреді.
