- •Табиғи белдемдердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Қазақстан жазықтарының табиғи белдемдері және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
- •Литогендік негіздің ландшафт құрудағы рөлін анықтаңыз. Ландшафттардың аймақтық жіктелуін қарастырыңыз.
- •Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
- •Қазақстанның көлдері. Олардың қазан шұңқырларының шығу тегі бойынша жіктелуін аңықтаңыз.
- •Жер асты сулары және олардың жіктелуін сипаттаңыз. Жер асты суларының қалыптасуының заңдылықтары. Қазақстанда гидрогеологиялық тұрғыдан аудандастырун қарастырыңыз.
- •Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
- •Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Арал мен Каспийдің геоэкологиялық мәселелері және оның физикалық-географиялық салдарын қарастырыңыз.
- •Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
- •Хх ғ. Қазақстандағы физикалық-географиялық зерттелу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар мен ұлттық парктерге қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ел экономикасындағы рөліне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
- •Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
- •Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны
- •Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
- •Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.
- •Жер ресурстары. Қазақстанның жер қорына және ауыл-шаруашылық жерлерiне сипаттама беріңіз.
- •Минеральді-шикізат ресурстары. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.
Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды.[1] Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.
Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi.
нивалдық-гляциалдық белдеу (лат. nіvalіs – қарлы, суық), көп жылдық қар белдеуі (мәңгі қар мен мұз белдеуі) – таудағы ең жоғарғы табиғи белдеу; мәңгі қарлар мен мұздықтар белдеуі; қар сызығынан жоғары орналасқан таулардағы, сондай-ақ полюс атыраптарындағы нивальдық климатты ең жоғары биіктік белдеу. Қар шекарасынан жоғары жатады.
Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 –19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі6 м, ең терең жері26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі.
Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 ж. «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 ж. Қазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ гидрометеорология ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады.
Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 17ӘС, шілденің орташа температурасы 24ӘС. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі.
Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 ж. көтеріліп, 1946 және 1987 ж. төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені3,5 кмҰзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк.
Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.
