- •Табиғи белдемдердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Қазақстан жазықтарының табиғи белдемдері және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
- •Литогендік негіздің ландшафт құрудағы рөлін анықтаңыз. Ландшафттардың аймақтық жіктелуін қарастырыңыз.
- •Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
- •Қазақстанның көлдері. Олардың қазан шұңқырларының шығу тегі бойынша жіктелуін аңықтаңыз.
- •Жер асты сулары және олардың жіктелуін сипаттаңыз. Жер асты суларының қалыптасуының заңдылықтары. Қазақстанда гидрогеологиялық тұрғыдан аудандастырун қарастырыңыз.
- •Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
- •Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Арал мен Каспийдің геоэкологиялық мәселелері және оның физикалық-географиялық салдарын қарастырыңыз.
- •Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
- •Хх ғ. Қазақстандағы физикалық-географиялық зерттелу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар мен ұлттық парктерге қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ел экономикасындағы рөліне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
- •Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
- •Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны
- •Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
- •Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.
- •Жер ресурстары. Қазақстанның жер қорына және ауыл-шаруашылық жерлерiне сипаттама беріңіз.
- •Минеральді-шикізат ресурстары. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.
Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.
Топырақтарды ауыл шаруашылығының өндірісіне қатыстыру және соған байланысты биогеохимиялық циклдың интенсивті үрдісін кұрт жылдамдату, топырақ түзу ырғағын жылдамдатады. Энергетикалық материалдардың (жаңа органикалық заттар, химиялық жағынан бай минералдар) үнемі түсуін талап етеді. Бұндай түсімнің жоқтығы, бар қордың мобилизациялануымен орны толтырылады, бұл топырақтың азуына, физикалық көрсеткіштердің нашарлауына, құнарлылықтың күрт төмендеуіне әкеліп соғады. Зоналылық ерекшеліктер бұл үрдістің интенсивті дамуы мен топырақтың құнарлылығының төмендеу деңгейінде айқындалады. “Энергетикалық материалдың” үнемі қажетті мөлшерде түсіп туруы, топырақ түзілу үрдісінің интенсификациялануы жүреді, бұл топырақтың қасиетімен режимінің жақсаруына, құнарлылықтың тұрақты көтерілуіне әкеліп соғады.
Қазақстанның дала топырағын егін шаруашылығында нәрлі заттарды қайтару заңдылығын бұза отырып экстенсивті қолдану, қарашірік балансының терістігіне әкелді: құрамындағы қарашірік мөлшері орта есеппен 20-30 % -ға төмендеді. Біздің даламыздың егістік топырағының физикалық жағдайы өте қиын жағдайда тұрғанына жүргізілген зерттеулер (Науменко, 1996) растайды. Егістік жиектердің көлемдік салмағының тең салмақтылығының жоғары маңыздылығы, құрамындағы берік сулы агрегаттардың деңгейі, оның қажетті тұрақты қосуын қамтамасыз етпейтіндігі туралы айтады. Тең салмақты төменгі су откізгіштік, оның нөсерлі жауын-шашын мен еріген суларды толығымен сіңіре алмайды ал бұл – топырақтағы ылғалдың жиналуын қиындатады, орларды көбейтеді, 1о-тан төмен тік беткейлерде де пайда бола бастаған эрозияның үрдісін күшейтеді. Б.А. Көпеевтің мәліметтері бойынша (1990), Қазақстанның солтүстік облыстарындағы пар айдайтын жерлерде топырақ қорғау шараларын сақтамағаннан, беткі орлармен қоса еріген сулардың жыл сайынғы шығыны 24-37 %, ал бөлек жылдары 50 %-ға дейін жетеді. Сонымен қатар әр гектардан 1,5-нан 3,7 тоннаға дейін топырақтар шайылады, ал кейбір бөлек жерлерде бүкіл жыртынды жиегінің барлығы шайылады. Бүтіндей Қазақстанның дала зонасында жыл сайынғы шайылу 20 млн. т-ға жуық майда топырақтардың, бұл 700 мың т қарашіріктің, 35 мың т азоттың үлесіне сай келеді. Бидай дәніне алмастырса бұл сандар 875 мың тоннаға тең бағалы (Давятшин және т.б. 1996).
Топырақ құрлысының шашырауына байланысты дала айдауына үнемі дефляция қаупі төніп тұрады: 1 мм-ден үлкенірек құрлымының бөлігінің 0-5 см қабаттағы мөлшері, саны теңсалмақты деңгейде 50 %-ға да жетпейді. Дефляцияға көбінесе 50-ші жылдары ірі сілемдерме жыртылған құрғақ дала зонасының топырақтары ұшырады (Павлодар Ертісі, Каспий маңы ойпаты, Орал үстірті, Солтүстік-Торғай жазығы).
Топырақтың беткі қабатының (желге қақтырылып) ұшып кетуі, су эрозиясы қарашірікты жиектің қалыңдығының қысқаруына әкеліп соғады, қарашірік қорының және т.б. нәрлі элементтердің азаюына әкеледі. Мысалы 5 см қабаты ұшырылса, әр гектардан 11-16 тонна қарашірік, 150-300 кг азот және 120 кг фосфор жоғалады.
Тың жерді жыртудың нәтижесінде топырақ режимі өзгерді. Мысалы, дала айдауының топырақ қырын пішіні ылғалдырақ және суығырақ болып қалды, ал белсенді температура сомасы орта есеппен 290о С төмендеген. Бұл барлық топырақ үрдісін айтарлықтай ыпаын тигізеді, “мәдениетті топырақтар” қалыптасуына, олардың жаңа морфологиялық қырын пішініне әкеледі.
Қазіргі уақытты барлық айдалатын топырақтардың морфологиялық қырын пішінін өңдеуінің ықпалы айқын көрініп тұр – жақсы көрсетілетін айдалатын жиекті құру, биологиялық белсенді қалыңдығын топырақтарда көбейту, карбонатты жиылулардың шекарасын төмендету, ғанышты жиекті төмендету. Бүтіндей жерді жырту қарашіріктың қырын пішіні бойынша терең кіруіне әкелді, ал Қазақстанның қара топырағының қырын пішініне тән тілімделінуі жоғалып кетеді.
Кең көлемдегі зерттеулердің анализі мен материалдарды талдау, үшінші мыңжылдықтың босағасында Қазақстанның дала топырағының жыртылатын жиегінің қалыңдығы 21-27 см аралығында құбылып тұр, және орта есеппен 24 см-ді құрайды. Бірақ “мәдени топырақтардың” жыртылатын жиегінің қолайлы қалыңдығы 35-45 см-ге үлкею, нақты тенденциясына ие. Бір уақытта төменде жатқан жиектің қалыңдығынің бірте-бірте үлкеюі жүреді (Давлятшин және басқалар 1996).
Сулындыру – топырақ түзілудегі ең қуатты антропогенді факторы. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, суландыру кезінде топырақтың көлемдік массасының ұлғаюы жүреді, жыртылатын жиектердің топырақтың құрлымы нашарлайды, су өткізгіштігі төмендейді, қарашірікын жоғалтады. Бірақ суландыру кезіндегі топырақ түзілу үрдісінің бағыты туралы бірдей ойлар жоқ, себебі әрбір нақты жағдайда көптеген факторлармен анықталады – бастапқы топырақтың қасиеттерімен, шаруашылық қызметінің ерекшелігімен және т.б.
Жырту мөлшерін сақтамау, суғарудың үдемелі тәсілдерін жайла енгізу, коллекторлы-дренажды жүйенің жоқтығы, ирригациялық системаның инженерлік жабдықтаудың нашарлығы, суғаратын судың ирригациялық белгілерінің төмендігі барлығы қайтара тұзданатын аудандардың үлкеюіне әкеліп соғады, сортаңдануына және батпақтануына, ал кей жағдайда – топырақтардың ирригациялық розиядан деградацияға ұшыруына әкеледі. Сырдария, Іле, Ертіс және т.б. өзенднрдің ағып түсуін реттеу, су қоймаларын салдың арқасында экологиялық жағдайлар мен топырақ түзілу шарттарын өзгерту, атыраулы жазық топырағымен жайылмаларға өзінің үлкен әсерін тигізді, олар біртіндеп өз құнарлығын жоғалтып жатыр. Мысалы, су режиміндегі шаю түрінің ауысуы Сырдария мен Іле атырауының барлық гидроморфты топырақтарының айтарлықтай тұздануына әкелді; бүліну үрдісінен қарашірік қоры 30 %-ға дейін төмендеді.
В.М. Стародубцев (1986) су қоймалары ықпал ететін зоналарда (Қапшағай мен Бугуньски су қоймалары) топырақтардың эколого-генетикалық бір қатар өзгерулерін анықтады. Топырақ жамылғысының бастапқы жағдайына, топырақ асиетіне, жер асты суларының гидрохимиялық ерекшелігіне байланысты әр түрлі су басқан зоналар бөлігінде, топырақ эволюциясы да әртүрлі. Мысалы: Қаскелен – Есік (Қапшағай су қоймасы) өзен аралықтарында, табиғи жағдайда тұзданбаған және аз тұзданған шалғынды-сұр топырақтар басым болған бөлігінде, олардың эволюциясы мына схема бойынша жүреді:
Тұзданбаған шалғынды-сұр топырақтар
Сор тәрізді шалғынды-сұр топырақтар –
Сор шалғынды-сұр топырақтар
Шалғынды сор топырақтар – шалғынды сорлар
Есік-Шелек өзен аралықтарының су қойма жағалауында бастапқы жағдайда кәдімгі сорлар,барлық қырын пішіні бойынша қатты тұзданған және тұзданған шалғынды-сұр топырақтар басым болған. Еріту ағдайында олар гидроморфтық және галоморфтық жаққа қарай мына схема бойынша күшееді:
Кәдімгі сорлар
Шалғынды-сортаңданған сұр топырақтар – шалғынды сорлар
Антропогенді өзгерулер топырақтың қасиетімен режиміне топырақ жамылғысының құрлымына өз ықпалын тигізіп отыр. Қазақстанның шөл және шөлейт жайлымдарының топырақ жамылғысының құрлымына эрозия мен дефляцияның ықпалын сипаттайтын мәліметтер алынған. Барынша мал концентрациясынаң бұзылу, айқын біліне басталуы, топырақтардың комбинациялық үйлесімділігіне және вариациялық түрлерінің бөлшектенуіне әкеліп соғады. Гранулометриялық құрамы жағынан аур топырақтарда бұл үрдіс қырын пішінінің морфологиялық өзгеруінің түрінде көрінеді, ол құмды және құмайт топырақтар тараған аудандарда – құм бөлшектерінің динамикасында және өсімдіктердің нәрлі элеметтерінің құрамында өзгерістер пайда болады. Топырақ жамылғысының құрлымының ұйымдастырыіу деңгейі, барлық айдалатын және жайылымдыққа пайдаланатын жерлерде және суландыратын сілемдерде жұреді. Топырақ жамылғысының құрлымына антропогенді қызметтің ықпалы Қазақстанда нашар зерттелген, бірақ соңғы жылдары топырақтардың антропогендік өзгерулердің карталандыру ерекшеліктерін айқындайтын баспалар пайда болды. Антропогендік ықпалдарға топырақ жамылғысының тұрақтылық карта құрастыруға және мәселелері айқын белгіленіп отыр. Топырақтардың антропогенез теориясын құру зерттеулердегі бір концепцияның жоқтығы ұстап тұр.
Сонымен, республиканың топырақ географиясының негізгі заңдарына бағына отырып, физика-географиялық жағдайлардың кешенділігіне және антропогендік қызметіне тәуелді.
