Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazaxtan_geografiasy_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.8 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.

КСРО таратылғаннан кейін сыртқы көші-қон аса өткір әлеуметтік-демографиялық мәселеге айналып, туудың азайып, өлімнің көбеюінен тереңдей түсті, бұл әрине өз кезегінде халықтың табиғи өсімін тежейтіні белгілі. Соған байланысты соғыстан кейінгі 50 жылда алғаш рет Қазақстан халқының азаюы байқалды: 1993 ж. 16963 мыңнан 1997 ж. 15860 мыңға дейін. 1990-1996 жж. сыртқы миграцияның жағымсыз сальдосы 1368,8 мың адамнан асты. Тек 2003 жылдан бастап Қазақстан халқының саны өсу үрдісіне көшті. 1990 ж. бас кезінде сыртқы миграцияда жаңа үрдіс байқалды: КСРО-ның құлауы және Қазақстан Республикасының өз алдына тәуелсіз мемлекет аталып қалыптасуы тағдыр талқысымен шетелде қалған қазақтардың өзінің тарихи отанына қайтуына жол ашты. Шетелдегі қазақтардың жалпы саны 4,5 млн. адам болса, олардың негізгі бөлігі Қытай, Монғолия, Түркия, Иран, сол сияқты Ресей мен Өзбекстанда және басқа елде де тұрады. 1991-1995 жж. ішінде республикамызға 137919 адам келсе, оның жартысынан көбі – 69819 адам немесе 5,6% жақын шетелдерден негізінен алғанда Ресей, Украина, Тәжікстан, Балтық елдері мен Кавказдан көшіп келді. Қазақтардың (иммигранттардың) 49,4% алыс шетелдерден келді. Монғолиядан 61040, Ираннан 4372, Түркиядан 2007, Қытайдан 443, Ауғанстаннан 18 адам оралды. Бірақ оларды мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету барысында едәуір қиыншылықтар кездесіп қалатындықтан кейбіреуі қайтадан қайтуға мәжбүр болуда. Қазақтардың сыртқы миграциялық қозғалысында, басқа этностарға қарағанда, едәуір айырмашылық болды. Бірақ 1990-1996 жж. жағымды айырымға байланысты бола тұра, республикадан кері қайту көріністері де орын алды. Мәселен 1993-1996 жж. сырттан 91087 қазақ келіп, 47431 адам кері қайтып, миграциялық өсім 43656 адамды құрады. Өкінішке орай, соңғы жылдардағы миграциялық өсім айтарлықтай кеміді: 1993 ж. 23490 адам келсе, 1994-1996 жж. 5-7 мың шамасында ғана болды. 1997 ж. көңіл алаңдатарлық жағдай туындап, 9 айда миграциялық кемушілік орын алды (527 адам), 8586 адам келсе, 9113 адам сыртқа кеткен. Осылайша алғаш рет қазақтардың сыртқы миграция айырымында жағымсыз құбылыс орын алды. Айналып келгенде мұның бәрі келген қазақтарды қабылдау мәселесін реттеуді алға тартады. 1960-1990 жж. қоныстандыру және көшi-қон саясаты негiзгi мәселелер болса, қазiргi кезеңде тұрғындардың көшi-қоны және демографиялық үрдiстерiн реттеу мақсатында 1997 ж. 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Үкiмiмен көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгi құрылды. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi көшi-қон үрдiсi мен тұрғындар санын өсiру жөнiндегi саясатқа байланысты айқындалған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, ҚР Білім және ғылым Министрлiгi мен Агенттiк бiрлесе отырып, ұзақ мерзiмдi «Қазақстан-2030»- даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы демографиялық саясатының негiзгi бағыттарының жобасын жасады.

Демографиялық стратегияның негiзгi мақсаты осы саладағы келеңсiздікті жою, тұрғындардың депопуляциялық үрдiстерiн керi қайтару, олардың сандық және сапалық өсiмiмен қамтамасыз ету. Сондықтан кеңестiк дәуiрдегi көші-қон саясатының орнына тұрғындардың табиғи өсiмiн қамтамасыз ету. Сөйтіп, кеңестік дәуірдегі қоныстандыру және көші-қон саясатының орнына тұрғындардың табиғи өсімін қамтамасыз ететін, еліміздің болашақ ұрпақтарын жалғастыруға бағыт-бағдар бере алатын жаңа демографиялық саясат алға қойылды.

Республикада 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады, 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар – 58,6% және орыстар – 26,1% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,3% тиесілі. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қазақтардың саны 8913,3 мың адамды, орыстар – 3979,3мың, украиндар – 448,8 мың, өзбектер – 428,9 мың, ұйғырлар – 229,8 мың, татарлар – 229,6 мың, немістер – 222,7 мың, корейлер – 101,7 мың адамды құрады. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 188,1 мың адамға немесе 2,2%-ға, өзбектер - 9,4 мыңға немесе 2,2%, ұйғырлар - 3,3 мыңға не-месе 1,4%, корейлер – 0,7 мыңға немесе 0,7% өсті; орыстардың саны 45,0 мың адамға немесе 1,1% тиісінше украиндар – 10,2 мыңға немесе 2,2%, немістер – 5,4 мыңға немесе 2,4% және татарлар – 1,6 мыңға немесе 0,2% азайғаны байқалды. Қазақтардың саны әрі табиғи өсім (134460 адам) есебінен, сондай-ақ көші-қонның оң айырымы (54958) есебінен өсті, бұл 2005 жылғы жалпы өсімнен тиісінше 71,0% және 29,0%. Өзбектер мен ұйғырлар са-нының өсуі, негізінен, табиғи өсім есебінен болды, жалпы өсімде олардың үлесі 94,7% және 96,5%, ал корейлер саны, негізінен, жалпы өсімінде 72,8% құраған көші-қон өсімімен қамтылды. Орыстардың санының азаюы әрі 20045 адамды құраған табиғи кему есебінен, сондай-ақ 22740 адамды құраған көші-қон кемуімен байланысты болды, осындай себептер украиндар санының тиісінше - 6451 және 3393, белорустардың -1252 және 603 және татарлардың - 886 және 605 адамға азаюына әсер етті. Немістердің санының азаюы тек қана 6861 адамды құраған көші-қон кемуімен байланысты. Қазақтардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (1552 мың адам), Алматы (1007 мың), Шығыс Қазақстан (748 мың), Жамбыл (684 мың) облыстарында, бұдан басқа 525 мыңнан 590 мыңға дейін - Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында тұрады; орыстар – Шығыс Қазақстан (609 мың), Қарағанды (548 мың) облыстарында және Алматы қаласында (467 мың) тұрады, 300-ден 375 мыңға дейін – Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында мекендейді; украиндар - Қостанай (109 мың), Қарағанды (66 мың), Павлодар (51 мың) және Ақмола (50 мың) облыстарында; татарлар - Қарағанды облысында (35 мың), Алматы қаласында (25 мың), Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан (22 мыңнан) облыстарында тұрады. Ең көп немістер саны Қарағанды (39 мың), Қостанай (34 мың), Ақмола (31 мың), Солтүстік Қазақстан (25 мың) және Павлодар (24 мың) облыстарының аумақтарында тұрады. Корейлер саны Алматы қаласында 23 мың адамды құрады, ал 13-тен 17 мыңға дейінгі саны - Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында. Ұйғырлардың едәуір саны Алматы облысында – 148 мың адам, ал 71 мыңы - Алматы қаласында тұрады. Қазақстандағы 428,9 мың өзбектің 385 мыңы - Оңтүстік Қазақстан, ал 23 мыңы - Жамбыл облыста-рында тұрады.

2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың адамды құрады.

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабектің айтуынша, Қазақстан халқы 2006 жылдың 11 айында 161 мың 600 адамға өсіп, сол жылдың 1 желтоқсанында 15 миллион 380 мың 900 адамға жеткен. Халықтың 131 мыңнан астамы табиғи өсіммен өссе, 30 мыңы сырттан көшіп келушілердің есебінен өскен дейді Ерболат Мұсабек: - 11 айда Қазақстанда 277 мың 49 сәби дүниеге келді. Оның 194 мың 550-і қазақ балалары. Сонымен қатар, қайтыс болғандар 145 мың 466. 1-ші желтоқсандағы есеп бойынша, 15 миллион 381 мың адамның 9 миллион 96 мыңы немесе 59 пайызы қазақтар. Сонымен қатар, Ерболат Мұсабек азайып және көбейіп келе жатқан ұлттарды да атап өтті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, 11 айда табиғи және миграциялық жағдайларға байланысты орыстар 32 мыңға, украиндер 7700 адамға кеміп кеткен. Ал республикада саны жөнінен 4-ші орында тұрған өзбектер керісінше, 10 мың адамға өсіп, өткен жылғыға қарағанда 2,3 пайызға артқан. Бұл Қазақстандағы әр түрлі ұлттар арасында әзірше, ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр дейді ол. Сондай-ақ, Ерболат Мұсабек қазақтардың 11 айда 2 пайызға өскендігін де айтты. Ал демограф-ғалым Мақаш Тәтімов тұрғындар санының жылдам өсуін халықтың түзелген әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және қазақ халқының тарихи демографиялық үрдісімен түсіндіреді. Сондай-ақ Мақаш Тәтімов үлес салмағы басым қазақтармен бірге, Қазақстанда мұсылман, түркі тілдес халықтардың да көбейіп отырғанына мән береді. - Қазақтарды демографиялық тасқын күтіп тұр. Ол тек қазақтарды ғана емес, мұсылман, түркі тілдес өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, дүнген халықтарын да күтіп тұр. Бірақ та ең жақсы көрсеткіш қазақтарда болып тұр. Өйткені қазақтар негізгі халық ретінде өсіп келеді, - дейді Мақаш Тәтімов. Осыған қарамастан, демограф президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақстан халқы санын 20 миллионға жеткіземін деген жоспары өз мерзімінде орындала қоймайды деген болжам айтады. - 2015 жылға аз уақыт қалды. 20 миллонға Қазақстан халқы 2025 жылы жетеді. Қазақ халқы кем дегенде өз жерінде 20, ал әлем бойынша 25 миллонға жетіп, биік деңгейге көтеріліп алу керек. Өйткені апаттар немесе жаман ауруларға қарсы төтеп беретін көп сан керек, - дейді демограф. Ал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев билік Қазақстан халқы санын өсірудің мүмкіндіктерін әлі де толық пайдаланбай отыр деген пікір айтады. Ол осы бағытта 3 нәрсені жақсылап қолға алу керек дейді. - Бірінші кезекте, қалай болғанда да, табиғи өсімді көбейту керек. Екіншіден, шетелдердегі қазақтарды көптеп әкелу керек. Үшінші жол, тілі, діні ұқсас, «қазақ боламын» деген халықтардың қазаққа қосылуына жол ашуымыз керек. Мысалы, Ауғанстан, Өзбекстанда тұратын ертеректе қазақ болған, бірақ кейіннен өзбек болып кеткендер қайтадан «қазақ боламыз» дейді. Соларға жол ашуымыз керек, - дейді Сұлтанәлі Балғабаев. Ұзақ жылдардан бергі адам санының азаюынан кейін, 2002 жылдан бастап Қазақстанда халық саны жыл сайын 1 пайызға өсіп келеді. Ал биылғы өсім 1,1 пайызды құрады.

Тұратын мекен таңдауда кетіп қалғандардың 63%-ы Қазақстанның басқа облыстарын, 36%-ы - ТМД елдерін, 1%-ы - алыс шетел мемлекеттерін қалайды.  Қазақтар тұрғылықты жерлерін тек Қазақстанда алмас-тыруды жөн көреді, ал негізінен қазақтар Қытай мен Моңғолиядан келеді. Орыстардың келуі және кетуі жақын шетел мемлекеттерімен алмасу шеңберінде өтеді (негізінен Ресей Федерациясымен). Неміс эмигранттарының бағыты өзгеріске ұшырады. Германияға көшіп барушыларға берілетін жеңілдіктердің азаюы мен неміс тілін жетік білуді талап етуге байланысты 2007 жылы халықаралық қозғалыс нәтижесінде кеткен немістердің 67%-ы Ресейді, 32%-ы Германияны таңдады.

Облысаралық көші-қон шеңберінде шығысқазақстандықтардың Астана, Алматы қ.қ, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен ең көп алмасу байқалды, бұл үлкен қалаларда жұмысқа орналасуға, табиғи-климаттық жағдайдың қолайлығына, сондай-ақ осы өңірлердің аумақтық жақындығына байланысты.

Шығыс Қазақстанға келушілердің жалпы санының 59%-ы Қазақстанның басқа облыстарының тұрғындары, 23%-ы - ТМД елдерінен, 18%-ы - басқа алыс шетел мемлекеттерінен келді. Облысқа ТМД мемлекеттерінен келгендердің 90%-ы ресейліктер, 6%-ы Өзбекстан тұрғындары, 4%-ы Украина тұрғындары. Алыс шетел мемлекеттерінен облысқа көшіп келіп орналасқандардың құрамында 85%-ын - Қытай, 12%-ын - Моңғолия, 2%-ын - Германия тұрғындары құрайды. 2007 жылы Қытайдан облысқа 925 (2006 жылы - 487 адам), Моңғолиядан - 132 (88), Германиядан - 22 (30) адам келді.

Көші-қон әсерінен облыс халқының ұлттық құрамы да өзгерді. 2007 жылы орыстар саны 4,6 мыңға, қазақтар 4,9 мыңға, немістер 245, татарлар 82 адамға азайды.

Қазақтар басқа облыстарда қоныстанғанмен елден кетпейді, ал басқа ұлт өкілдері Қазақстаннан кетіп қайтпай қалады. 2008 жылғы 1 қаңтарға облыстағы қазақтар саны 754,3 мың, орыстар - 590,7 мың, татарлар - 22,1 мың, немістер - 20,3 мың, украиндер - 11,2 мың адамды құрады.

Одан басқа, облыс ішіндегі көші-қонға 18,5 мың адам қатысты. Шалғай өңірлердің тұрғындары қолайлы жерлерге қоныстанады. Сонымен, 2007 жылы біздің облысымыздың қала және қала типтес кенттерінен - 6,5 мың адам, ауылдардан - 12,1 мың адам кетті. Ауылдық жерлерде облыс ішіндегі орын ауыстырулар нәтижесінде жыл ішінде 4,5 мың адам кетті, ал керісінше қалаларда осыншамаға артқаны байқалды.

  1. Қазақстан Республикасының шаруашылық салаларының құрылымы мен географиясы. Отын энергетикалық кешен салаларының географиясы. Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі дамуының негізгі аудандарына баға беріңіз.

Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.

Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.

Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.

Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.

Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.

Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды.Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.

Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.

Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.

  2. «Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.

  3. Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.

Экономиканың өсуі екі жолмен - экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Экстенсивті (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс. Интенсивті (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған «2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бағытталған.

Интенсивті факторлар экономиканың тиімділігін арттырады, оның көрсеткіші еңбек өнімділігімен анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уакыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді.

Қазақстанның дүниежүзілік ірі «жабдықтаушы» ретінде де маңызы өсуде. Еліміз әлемдік нарыққа көп мөлшерде отын, металл, астық шығарады. Бұлар қарапайым, қымбат емес тауарлар. Дегенмен де, олар экономиканың интенсивті дамуы үшін жағдай жасайды.

Қазақстан дүниежүзілік инвестиция тарту орталығына айналуда. Елімізде ірі шетелдік компаниялар («Шеврон-Тексако», «Бритиш Газ», т.б.) жұмыс істеуде. Ең алдымен олар өз мәселелерін шешумен қатар, біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына да үлесін қосады.

Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын қосатын жаңа көлік дәлізі ретінде де рөлі көтерілуде. Ең соңында біздің елімізді әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық арена ретінде атауға да болады (ғарышты игеру, қоршаған ортаны корғау, т.б.)

  1. Экономиканың ғаламдануы жағдайындағы сыртқы экономикалық байланыстар географиясы. Дүниежүзілік қаржы-экономикалық жүйелері және халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстан Республикасының қазіргі рөлін сипаттама беріңіз.

Сыртқы Экономикалық Байланыс– мемлекеттің шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бағыттарының, нысандарының, құралдарының, валюта-қаржы және несие қатынастарының жиынтығы. Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады 2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік кұралдарын сатып алуға жұмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда — халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады

“Қаржы жүйесi” ұғымы қатынастар жиынтығын қамтиды, ол қатынастар негiзiнде ақшалай қаражаттардың, сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы органдардың тиiстi қорлары қалыптасады және пайдаланылады.

Жалпы қаржы жүйесi – бұл мемлекет пен кәсiпорындардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесiндегi қаржы қатынастарының оқшауланған, бiрақ өзара байланысқан әр түрлi салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Қаржы жүйесi анықтамасының бұл принципиалды үлгiсiне сәйкес қаржы жүйесi мынандай үш бөлiктi қамтиды:

  • Қаржы қатынастарының жиынтығы;

  • Ақша қорларының жиынтығы;

  • Басқарудың қаржы аппараты.

Қаржы қатынастары өзiнiң экономикалық табиғаты жөнiнен бөлгiштiк қатынастар болып табылады, оның үстiне құнды бөлу ең алдымен субъектiлер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндiрiстегi субъектiлердiң рөлi қаржы қатынастары жiктемесiнiң алғашқы объективтi белгiсi ретiнде көрiнедi. Осыған сәйкес қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетiн тиiстi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесiнiң екiншi бөлiгiн құрайды.

Өзiнiң тарихи дамуына қаржы жүйесi ұзақ эволюциядан өттi. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезiнде қаржы жүйесi, жалпыға мәлiм, әдетте, тек бiр буынмен – мемлекеттiк бюджетпен шектелдi. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениеттi елдерi, соның iшiнде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесiн екi негiзгi буын – мемлекеттiк бюджет пен жергiлiктi қаржылар құрайды. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi, бұл буындардың көмегiмен мемлекет өзiнiң саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.

Қазақстан Республикасында макро-және микро экономиканың қаржы жүйесi реттелiп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, халық шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге байланысты бөлудi жүзеге асыратын қаржы мекемелерi құрайды.

Бүгiнде Қазақстанның қаржы жүйесi қаржы қатынастарының бiршама дербес салаларынан тұрады. Олар:

  • Мемлекеттiк бюджет жүйесi;

  • Мемлекеттiк несие;

  • Жергiлiктi қаржылар;

  • Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (қорпорациялық) қаржылары;

  • Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.

Қаржы жүйесiнiң құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлi сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесiне түрлi ақша қорлары құрылып, пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]