Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazaxtan_geografiasy_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.8 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдыменРесейҚытайАҚШЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының ВашингтонМәскеуБрюсселЛондонБейжіңКаирТегеранТашкентБішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан,ҚырғызстанТәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЕуразиялық Экономикалық ҚауымдастығыШанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - РесейБе­ло­русия Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.. Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.

  1. Қазақстан Республикасының тамақ-және жеңіл өнеркәсібі. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.

Тамақ өнеркәсібі – аграрлық - өнеркәсіптік кешеннің негігі өңдеуші саласы. Ол өңдеу үшін қажетті шикізат мал шаруашылығы мен егін шаруашылықтарымен тығыз байланысты.

Бұл өнеркәсіптің басқа салалардан ерекшелігі: халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпорындар барлық жерлерде орналасу тән болып табылады. Тамақ өнеркәсібін шикізат және тұтыну факторларының әсері дәрежесі бойынша төмендегідей үш топқа бөліп қарастырамыз:

  • Шикізат көздеріне жақын орналасқан - қант, спирт, май шайқау, сүт - консерв, крахмал - сірне жасау сияқты салалар;

  • Дайын өнімді тұтынатын жерлерге жақын орналасқан салалар - наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер бұйымдарын дайындау салалары;

  • Шикізат көзіне де, тұтынушыға да жақын орналасқан - ет, ұн тарту, шарап ашыту, темекі өңдеу сияқты салалары.

Пайдаланылатын шикізатының сипатына қарай тамақ өнеркәсібінің құрамына 20 – дан астам шағын салалар кіреді. Олардың саны жаңа бағалы тамақ өнімінің пайда болуына және ұзақ мерзімге сақтауға келетін өнімнің

( түрлі консервілер, концентраттар, бұқтырылған және тоңазытылған ет, балық жемістер және т.б. ) көбеюіне қарай өсіп отырады.

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары технологиялық процесс сатылары бойынша маманданады. Осы тұрғыдан оларды өзара байланысты екі топқа біріктіруге болады.

  1. Өңделмеген шикізатты пайдаланатын май шайқау, қант, жарма, шай, консерві,

балық өңдеу сияқты салаларды қамтиды.

  1. Наубайхана, кеспе, кондитерлік бұйымдар жасау, шай өлшеу сияқты алғашқы өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар.

Тамақ өнеркәсібі Кеңес үкіметі кезеңінде толығымен қайта құрылды. 1913 – 1940 жж. тамақ өнеркәсібінің жалпы өнімі 12 есеге өсті. 1940 ж. жан басына шаққанда ет 15,4 кг, қалбыр - 4,9 шартты қалбыр, қант - шекер - 11,5 кг, өсімдік майы 0,8 кг болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ( 1941 – 1945) тамақ өнеркәсібі эвакуациялық кәсіпорындар арқылы біршама дамыды. Алматыда темекі фабрикасы, көкөніс пен бау-бақша қалбыры, қант, ет зауыттары, Қарағанды кондитер фабрикасы, Таразда қант пен сүт зауыттары, Шымкентте өсімдік майын шығару, Балқашта балық өңдеу зауыты жұмыс жасай бастады. ХХ ғ. 90 – шы ж.ж. Экономикалық дағдарыс тамақ өнеркәсібінің дамуы мен орналасуына біршама әсер етті. Көптеген ірі кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс жасамады немесе мүлдем тоқтап қалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдейсіз тікелей ұсыну көбейді. Сонымен бірге бұл кезеңде шикізатқа таяу орналасқан кіші өндірістік кәсіпорындар ( ұн тарту, нан пісіру сияқты ) пайда болды.

Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімінде тамақ өнеркәсібінің үлесі 1980 ж. – 15,3 %, 1991 ж. – 22,3, 2003 ж. – 12,6 %, -ға төмендеді.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларының жалпы өнім үлесінде ( 2003 ж.) тамақ өнеркәсібі 48,1, соның ішінде ет және сүт өнеркәсібі - 25,7%, балық өнеркәсібі - 2,08 %, ұн –жарма және құрама жем өнеркәсәбі 16,9 % болды. Тамақ өнеркәсібінің аграрлық - өнеркәсіптік кешендегі мұндай артықшылығын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Оның ішінде бір себеп, экономикалық дағдарыс кезінде республикалық жеңіл өнеркәсіптің дамуы күрт төмендеп, оның өнімінің үлесі бар жоғы - 7,3 % - ға тең болды. Оның себептері:

  1. арзан, бірақ сапасы төмен импорттық азық – түлік тауарларына қарағанда, отандық тағамдардың бәсекелестік қабілетінің төмендігі;

  2. халықтың төлеу және тұтыну қабілетінің төмендігі;

  3. шикізат потенциалының қысқаруы;

  4. сыртқы сауданы либерализациялау және оның тамақ өнеркәсібінің дамуына негативтік әсері ( импорттық тауарларға кеңінен жол ашылуы);

  5. жалпылай жекешелендіру, үкімет тарапынан қолдау таппау ( алғашқы кезеңде ) отандық тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының шетелдік компаниялармен бәсекелестік қабілетін арттыру үшін, олардың сапасымен бірге өңдеу, сұрыптау және ұзақ уақытқа сақтау технологиясын жақсартуды керек етеді.

Халықаралық сарапшылардың есептеуі бойынша, әр елдің отандық азық– түлікпен қамтамасыз ету деңгейі 70 % - дан кем болмау керек.

Тамақ өнеркәсібі өнімдерінің түрлері бойынша 1990 – 2003 жж. аралығында олардың көлемі едәуір қысқарғанын, қант, минерал сулары алкоголь емес сулар, өсімдік майы және ұн өнімдерінен басқа, дегенмен, 2000 – 2003 жж. аралығында тамақ өнеркәсібінің салалары бойынша өндірген өнімнің көлемі 8 – 6 % - ға ұлғайды. 1995 ж. бастап тамақ өнеркәсібі өнімі көлемінің төмендегені байқалады. Ішкі рынокты импорттық азық – түліктен қорғау - әр мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыты. Ол үшін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына жаңа техника мен технологияны енгізу, отандық ауыл шаруашылығы шикізатын толығымен өңдеу үшін ірі кәсіпорындармен қатар кіші және орта бизнесті дамыту керек.

Жеңіл өнеркәсіп халықты мата, киім,аяқ киіммен қамтамасыз ететін тоқыма, тігін, трикотаж, аяқ киім, аң терісі және басқа бірқпьпр салаларды қамтиды.

Жеңіл өнеркәсіп салаларының орналасуына түрлі факторлар, атап айтқанда, әйелдер жұмысшы қолы, шикізат, тұтынушылар сұранысы ықпал жасайды. Бұлардың ішінде жұмыс күшінің, яғни шикізат пен тұтынуға деген сұранысқа байланыссыз саланың қажетті еңбек қорымен қамтамасыз етілуінің маңызы өте зор.

Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды саласы – матаның барлық түрін (мақта, жүн, жібек мата, т.б.) өндіруді қамтитын тоқыма өнеркәсібі

Мата дайындау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Металлургияда кең алдын-ала байытылатыны сияқты, жеңіл өнеркәсіптің шикізатын мақта – тазартатын, жүн – жуатын кәсіпорындарда алғашқы өңдеуден өтеді.

Мақта-мата өнеркәсібі республиканың оңтүстігінде, мақта өндіретін аудандарда орналасқан. Мақта тазалау зауыттары Шымкент, Түркістан, Мақтаарал, Славянскіде жұмыс істейді. Бұл саланың ең ірі кәсіпорны – Алматы мақта-мата комбинаты. Жоғары сапалы жүн мата (пальтолық, костюмдық шұға) Қаралы (Алматы облысында және Қостанай мауыты-шұға комбинаттарында шығарылады).

Трикотаж бұйымдарын шығаратын ірі фабрикалар Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазғанда орналасқан. Шұлық-ұйық шығаратын фабрикалар: Шымкент, Қарағанды, Семейде бар. Астанада жіп иіретін комбинат, Өскеменде жібек мата комбинаты жұмыс істейді. Тігін фабрикалары қажетті еңбек қоры бар облыс орталықтарының барлығында дерлік жұмыс істейді.

Жүн жуу өнеркәсібін Семей мен Тараздағы жүнді алғаш өңдеу фабрикалары құрайды. Былғары өнеркәсібін құрайтын тері илеу зауыттары Орал, Қызылорда, Тараз, Қостанайда орналасқан.

Аяқ киім өнеркәсібіне тұтыну және шикізат факторлары әсер етеді. Тарихи жағынан алғанда тері илеу және аяқ киім кәсіпорындары аумақтық тұрғыдан өзара байланысты. Қазіргі кезде аяқ киім өнеркәсібінде шикізат ретінде табиғи былғары ғана емес, жасанды былғары да, сондай-ақ тоқыма материалдар да қолданылады. Аяқ киім өнеркәсібі негізінен дайын өнімді тұтынушы аудандарға орналасқан. Республиканың барлық облыстарында берлік аң терісі бұйымдары өндіріледі. Оның 90 %-дайын Алматы, Орал, Семей, Шымкент, Қарағанды кәсіпорындары шығарады. Орал мен Петропавлда киіз басу фабрикалары бар. Талғарда текемет басатын фабрика бар. Республикада түбіт орамал, түскиіз және т.б. өндіретін қолөнер кәсіпшіліктері көп. Жеңіл өнеркәсіп өндірісі шетел фирмаларымен бірлесе өнім өндіруге ат салысуда. Шымкентте италяндықтармен бірлесе аса ірі жеңіл өнеркәсіп орны – ‘’Қазақиталқаракөл’’ салынды. Құрал-жабдық Италия мен Германиядан әкелінді. Кәсіпорын жылына 1,5 млн. қаракөл елтірісі мен 1 млн. астам қой терісін өңдейді.

Мақта-мата шығару;

  1. Алматы. 2. Семей. 3. Шымкент.

Жүн мата шығару;

  1. Алматы (Қарғалы). 2. Семей. 3. Қостанай.

Жүнді алғашқы өңдеу;

  1. Тараз. 2. Ақтөбе. 3. Семей.

Жасанды жібек маталар шығару;

  1. Алматы. 2. Орал. 3. Семей.

Трикотаж бұйымдарын шығару;

1. Алматы. 2. Семей. 3. Шымкент. 4. Қарағанды. 5. Ақтөбе. 6. Жезқазған.

Тері өндірісі;

  • Тараз.2. Петропавл. 3. Семей. 4. Павлодар. 5. Алматы.

Былғары аяқ-киім өндірісі;

1. Алматы. .2. Тараз. 3. қарағанды. 4. Семей. 5. Шымкент. 6. Қостанай. 7. Орал. 8. Қызылорда.

Аң терісі бұымдарын өндіру;

  1. Аламты. 2. Орал. 3. Семей. 4. Шымкент. 5. Қарағанды.

  1. Энергетика географиясы. Ірі жылу мен гидравликалық электрстанциялар. Атом энергетикасы: даму деңгейі мен болашағына баға беріңіз.

Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.

азақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi.

1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды.

1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды.

1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп.

Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды.

2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.

ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания («КЕGOC» ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.

Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясынэлектр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Атом электр станцияларының бірінші контурының өзіндік мұқтаждар қондырғыларының ерекшеліктері - атом электр станциясы технологиялық процесінің қарастырылған сұлбаларынан корінеді.

Ал, екінші контур бөлігінде өзіндік мұқтаждар кәдімгі отынды қолданып, жұмыс істейтін жылу электр станцияларының механизмдерімен бірдей. Атом элекгр станцияларының ерекшеліктері:

1.Географиялық кез-келген жерде, соның ішінде таулы жерде салынады.

2.Сыртқы қатардағы факторлардан тәуелсіз. Өзіндік режімі автономиялы.

3.Отынның шығыны аз мөлшерде.

4.Тынушылардың ерікті графигімен жұмыс істеуі мүмкін.

5.Режімнің өзгеруіне сезімтал, әсіресе АЭС-ның реакторы жылдам нейтронмен жұмыс істейтін болса.

6.Атмосфераны бәсеңдеу ластайды, радиоактивтік газдары мен аэрозолы шамалы, санитарлық мөлшерден (нормадан) асып түспейді. Осы тұрғыдан қарағанда АЭС-ы, ЖЭС-нан көбірек болып шығуы мүмкін.

Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.

Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы республикалық және солтүстік, батыс аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.

2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген.

Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.

2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұзындығы тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.

Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi.

Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.

Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ.

  1. Қазақстан Республикасының индустриальді инновациялық даму стратегияларына түсініктеме беріңіз.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезеңі адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді. 

Тау онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыт басымдықта болады:

  • дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;

  • индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;

  • болашаққа инвестиция ­– орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру;

  • тұрғындарды сапалы әлеуметік және тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету;

  • ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.     

2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:   

  • Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы әртараптандырылған және халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, әлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналады.

  • Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, әлемнің ең бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады.

  • 2020 жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.

  • 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.

  • 2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.  

2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы басты жетістік Қазақстанның экономикалық өсімінің құрылымын сапалық жақсарту және дәйектілікпен әртараптандырылуы нәтижесінде ел азаматтарының әл-ауқатын елеулі түрде арттыру болуы керек.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;  

  • индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;

  • экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;

  • экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

  • 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;

  • ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

  • экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

  • өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

  • өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.

  1. Қазақстан Республикасының халқы құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Алып жатқан жер аумағы бойынша ең үлкен экономикалық аудан- бұл Батыс Қазақстан (736 мың км2), Оңтүстік Қазақстан (712,2 мың км2, Солтүстік Қазақстан (600,9 мың км2), Орталық Қазақстан (428 мың км2), Шығыс Қазақстан (283,3 мың км2. Хылықтардың ең тығыз орналасқан ауданы- бұл Оңтүстік экономикалық аудан. Мұнда бір шаршы шақырым жерде 8,7 халық тұрады. Солтүстік Қазақстанда – 7,8, Шығыс Қазақстанда- 6,3, Орталық Қазақстан –4,3 және халық ең сирек қоныстанған Батыс Қазақстанда –2,8 халық тұрады. Жалпы республика бойынша халықтың орташа орналасу тығыздығы 5,5 адам. Қазақстанда 84 қала, 177 шамасында қала тектес елді мекендер бар.

2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[1].

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.

Халықтың қоныстануы әрқилы. АлтайТянь-Шань таулары өзен атыраптарында жиірек қоныстанған. Қазақстанның ірі қалалары немесе облыс орталықтарының көпшілігі (АстанаҚарағандыЖезқазған қалаларынан басқасы) шекараларға айнала жақын орналасқан. Халық тығыздығы ең жоғары облыстыр Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары, ең сирек қоныстанған облыстырМаңғыстауАтырау, Қызылорда облыстары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]