Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazaxtan_geografiasy_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.8 Кб
Скачать

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі

Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.

Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді.

Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.

Белсенді температуралар жиынтығы орманды дала зонасында 1800- 2000°-ка, дала зонасында - 2000-2600°, шөлейт зонада - 2400-3000° және шөл зонасында 3000°-тан жоғары болып келеді.

Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіруге көп мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентінің көмегімен анықтайды.

Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады.

Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа,жүгерікүрішсұлықарақұмықтары және қарабидай.

Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар.

Оны негізінде 3 тың облыстары - ҚостанайАқмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.

Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш, бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді.

Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.

Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімдітарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.

Техникалық дақылдар - мақтақант қызылшасы және күнбағыс.

Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.

Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары.

Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-і Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады.

Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ, құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін ҚызылордаОңтүстік ҚазақстанЖамбыл және Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды.

Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.[1]

  1. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенінің қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.

Машина жасау өнеркәсібі қарапайым бөлшектерден бастап күрделі автоматты, авиациялық, космостық, техникалық, электронды-есептеу машиналарын жасайды. Машина халық шаруашылығының барлық саласына қажет.

Қолдану сипатына қарай машиналар технологиялық, транспорттық және тасымалдық болып бөлінеді. Технологиялық машиналарға технологиялық процестерге қатысатын металл өңдеуші. ағаш өңдеуші, есептеуіш, т. б. машиналар жатады.

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмассасинтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар өрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды кеп қажет ететін енімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіругеографиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]