Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazaxtan_geografiasy_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.8 Кб
Скачать

Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

  1. Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.

  2. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.

  3. Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.

Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады.

Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.

Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.

Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады.

Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары). Олардың негізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтap, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер).

Егістік жерлердің жекелеген бөліктері кеп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.

Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес.

Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жердімелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор. Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргізуге де болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғаумен ұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялық шаралар тұрақты өнім алу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда кысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі казіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ әзірге жеткіліксіз.

Сондықтан егістік жерлерді өңдеудің қарапайым технологиясын қолдануға тура келеді. Жағдай дегенмен, біртіндеп жақсарып келеді. Бірақ бәрібір материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі - ауыл шаруашылық өндірісіне кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер мен мал басының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивті болар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл - ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақытта негізінен осы жол басым болуы керек.

Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 53% және 47%-ын береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]