- •Табиғи белдемдердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Қазақстан жазықтарының табиғи белдемдері және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
- •Литогендік негіздің ландшафт құрудағы рөлін анықтаңыз. Ландшафттардың аймақтық жіктелуін қарастырыңыз.
- •Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
- •Қазақстанның көлдері. Олардың қазан шұңқырларының шығу тегі бойынша жіктелуін аңықтаңыз.
- •Жер асты сулары және олардың жіктелуін сипаттаңыз. Жер асты суларының қалыптасуының заңдылықтары. Қазақстанда гидрогеологиялық тұрғыдан аудандастырун қарастырыңыз.
- •Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
- •Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Арал мен Каспийдің геоэкологиялық мәселелері және оның физикалық-географиялық салдарын қарастырыңыз.
- •Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
- •Хх ғ. Қазақстандағы физикалық-географиялық зерттелу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар мен ұлттық парктерге қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ел экономикасындағы рөліне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
- •Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
- •Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны
- •Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
- •Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.
- •Жер ресурстары. Қазақстанның жер қорына және ауыл-шаруашылық жерлерiне сипаттама беріңіз.
- •Минеральді-шикізат ресурстары. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.
2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
Барлық облыс орталықтары жоғары сапалы әуе көлігі қызметін пайдаланады. Ұшақтар мен тікұшақтар ең алыс деген ауыл, аудандарға барады (жолаушы таситын, санитариялық, ауылшаруашылық авиация).
Республиканың әуе көлігі жетілдірілген ұшақ түрлерін іске қосу және әуежайларды одан әрі техникалық жарақтандыру жолымен дамытылып келеді.
Темір жол көлігі
түпкірлеріне қарай едәуір қысқа жолдар таралып, олар жекелеген өнеркәсіптік тораптарын, ауылшаруашылық аудандарын немесе Қазақстан аумағының тысқа шығатын қосымша жолдарды байланыстырады.
Қазақстандағы ескі темір жолдардың бірі – Орынбор – Ташкент темір жолы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай өтеді. 1905 –1907 жылдары салынған бұл жол Қазақстанды Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігімен, Украинамен және Орта Азия республикаларымен байланыстырады. Онымен жыл сайын ерсілі-қарсылы бағытта жолаушылар мен әр түрлі жүктер көп тасымалданады. Бұл Қазақстанның жүкті барынша көп тасымалдайтын темір жолдарының бірі.
Екінші республикааралық магистраль –Семей –Алматы- Құлан –Шымкент –Арыс темір жолы Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның тау бөліктерімен солтүстік-шығыстан оңтүстік –батысқа қарай өтіп, Орынбор – ташкент темір жолын Ұлы Сібір магистралімен байланыстырады. Құлан станциясынан солтүстікке қараған бөлігі Түркістан –Сібір (Түрксіб) темір жолы деп аталатын бұл жол 30-жылдардың өзінде-ақ Кенді Алтай мен Жоңғар Алатауында түсті металлургияның дамуына,Талдықорған, Тараз, Алматы төңірегінде өнімдерін өндіруді дамытуға және Семейдің, Шымкенттің, әсіресе бұл кезде республика астанасына айналған Алматының тез өсуіне мүмкіндік туғызды.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін үшінші темір жол магистралі – Петропавл – Астана - Қарағанды – Мойынты – Шу жолы Қазақстанның орта бөлігімен өтіп, оның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерін байланыстырады. Бұл жол Жезқазған мен Балқашқа, одан әрі Саяқ пен Ақтоғайға қарай кететін тармақтарымен қоса, Қарағанды тас көмір алабы мен Орталық Қазақстандағы мыс өнеркәсібінің тез өсуіне көмегінтигізді. Ол республиканың оңтүстік бөлігі мен Орта Азияға Қарағанды көмірінің, Солтүстік Қазақстан астығының және Сібір ағашының келуіне төте жол ашты.
Ұлы Сібір темір жолын есептемегенде, Петропавл арқылы батыстан шығысқа қарай өтетін темір жолдардан, Қарталы –Астана – Павлодар – Оңтүстік Сібір магистралінің бір бөлігі Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары үшін аса маңызды темір жол болып табылады. Бұл жол Екібастұз – Павлодар өнеркәсіп торабын дамытуды тездетіп, Қарағанды мен Магнитогорск арасындағы қашықтықты 928 шақырымға қысқартты. Бұл темір жол арқылы негізінен көмір, кен, боксит және астық тасымалданады.
Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар.
АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.
бұл ауыл шаруашылығы.
тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы
1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.
АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді.
Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. Еліміз шет елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады.
