- •Табиғи белдемдердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Қазақстан жазықтарының табиғи белдемдері және олардың сипаттамаларына шолу жасаңыз.
- •Литогендік негіздің ландшафт құрудағы рөлін анықтаңыз. Ландшафттардың аймақтық жіктелуін қарастырыңыз.
- •Ландшафт құрушы антропогендік фактор. Қазақстанның антропогендік ландшафттарын талқылаңыз.
- •Қазақстанның көлдері. Олардың қазан шұңқырларының шығу тегі бойынша жіктелуін аңықтаңыз.
- •Жер асты сулары және олардың жіктелуін сипаттаңыз. Жер асты суларының қалыптасуының заңдылықтары. Қазақстанда гидрогеологиялық тұрғыдан аудандастырун қарастырыңыз.
- •Мұздықтар, олардың өзен ағынындағы рөлін аңықтаңыз. Нивальды-гляциалды ландшафттарының қалыптасуынна. Қазақстандағы қазіргі мұзбасулар көрсетіңіз.
- •Балқаш көлінің физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Арал мен Каспийдің геоэкологиялық мәселелері және оның физикалық-географиялық салдарын қарастырыңыз.
- •Қазақстандағы топырақтардың белдемдік типтерін, олардың шығу тегін, құрамы және пайдалануын көрсетіңіз.
- •Қазақстандағы физикалық-географиялық аудандастыру. Мақсаты, міндеті және ұстанымдары. Аудандастыру типтерін қарастырыңыз.
- •Хх ғ. Қазақстандағы физикалық-географиялық зерттелу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
- •Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасы аумағындағы қорықтар мен ұлттық парктерге қысқаша сипаттама беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары және олардың геологиялық құрылымға байланысты орналасуын анықтаңыз.
- •Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ел экономикасындағы рөліне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •2000 Жылы Қазақстанда 21 аэропорт іске қосылды, оның 20-сы респубкликалық, 1-і облыстық, 8-і республика қарамағында қалғандары жекеменшік.
- •Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешеніне, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз. Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
- •Ауыл шаруашылығы - аөк-тің 2 буыны
- •Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
- •Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын талқылаңыз. Кедендік одаққа сипаттама беріңіз.
- •Жер ресурстары. Қазақстанның жер қорына және ауыл-шаруашылық жерлерiне сипаттама беріңіз.
- •Минеральді-шикізат ресурстары. Қазіргі жағдайына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының халқы. Демографиялық потенциалы, урбандалу және қоныстану процесiндегi халықтың құрылымдық көрсеткiшiнде болатын негiзгi аймақтық ерекшелiктерін көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының көлік географиясына, даму деңгейіне, аумақтық ұйымдастырылуы мен болашағына баға беріңіз.
Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ оның шаруашылықтағы маңызы зор, көлік болмайынша кез келген аумақтың қазіргі экономикасы, бейнелеп айтқанда, бір күнде тіршілік ете алмайды, өйткені өндіруші өнеркәсіп пен өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өнім мен оның тұтынушылары арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын тек қана көлік. Сонымен қатар, көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және осының негізінде жекелеген республикалар мен экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың мамандануын тереңдете түсуге мүмкіндік береді. Демек, көлік - өндіргіш күштерді дамытудың қуатты құралы. Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтырады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді
Көліксіз шаруашылық салаларын дамыту мүмкін емес. Олар арқылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында өндірістік байланыс орнайды.Олардың арасында, сондай-ақ облыс , аудан, қала мен ауыл арасында өнім алмасу жүреді, сыртқы саудаға жол ашылды. Көліктің міндеті - шаруашылық салаларының және халықттың жүк пен жолаушы тасымалдау жөніндегі қажетін толық қанағаттандырып, түрлі аймақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Көлік аумақтық еңбек бөлінісінің негізі болып табылады. Тек көліктің көмегімен ғана экономикалық аудандарды мамандырып, кешенді дамыту мүмкін болады. Көлік неғұрлым жетілдірсе, республикада географиялық еңбек бөлінісіне, экономикалық аудандардың мамандануы мен кешенді дамуына соғұрылым көп мүмкіндік туады.Жер көлемі ұлан-ғайыр, табиғат байлықтары мен халқы әркелкі орналасқан Қазақстан үшін көліктің маңызы аса зор. Республикада құрғақ жолды (темір жол және автомобиль), әуе, су (теңіз және өзен), құбыр және электрондық (электр жеткізу желілері) сияқты көліктің барлық түрі дамыған. Олардың барлығы қосылып біріңғай көлік жүйесін түзеді. Өзара көліктік тораптармен біріккен барлық көлік түрлерінің жиынтығы көлік кешенін құрайды.
Көліктік тораптар дегеніміз – көліктің бірнеше түрі тоғысып, олар өзара жүк алмасатын пункттер.
Көліктің жұмыс нәтижесін жүк айналымнан білуге болады, оны тонна-километрмен өлшейді.
Жүк айналымы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалдайтын жүк мөлшері.
Көлік түрлерінің, оларды жасап және пйдалануға жұмсалған шығындары, яғни тасмалдың өзіндік құны бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Темір жол, тас жол, жүз мыңдаған тонна құбыр кететін құбыр жолын салу өте қымбатқа түседі. Өзен, теңіз, әуе жолдары едәуір арзан.
Көліктің еңбекті көп қажет ететін түрлері-автомобиль және әуе көлігі, еңбекті аздау қажет ететіндері-құбыр,өзен, теңіз, темір жол көліктері. Жүкті тікелей алушыға жеткізу мүмкіндігінің маңызы зор. Өзен және теңіз көлігі арқылы жүкті тікелей баратын жеріне жеткізу мүмкін емес, өйткені ол жер порттан бірнеше шақырым қашықта орналасуы мүмкін. Жүкті түсіріп, темір жол вагонына қайта тиеу қымбатқа түседі. Автомобиль көлігі жүкті қайта тиеусіз, бірден қақпадан-қақпаға жеткізе алады.
Автомобиль көлігі
Автомобиль көлігі-қазір басты қатынас құралы. Автомашиналар икемді әрі жүйрік болғандықтан ең түпкірдегі аудандарға оңай бара алады, сонымен қатар олар үнемді әрі жақын жерге жүк тасуға ыңғайлы.
Республикада жақсы жабдықталған автомобиль жолдары желісі бар. Олардың көп бөлігі қатқыл табанды жолдар, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне қарай шығыс аудандарды (Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз-Бақты, Жаңғызтөбе- Зайсан) қамтамасыз ететін автомобиль жолдары (Алматы- Бішкек- Шымкент-Ташкент) өтеді.
Шығыс Қазақстанада ''Шығыс шеңбері'' Кенді Алтайдың өнеркәсіп орталықтарын (Өскемен –Алтай- Самар- Көкпекті –Георгиевка- Өскемен ) байланыстырады. Оның Көкпектіден Зайсан қазаншұңқырына баратын тармағы бар. Әрбір облыс орталығынан аудан, ауылдарға автобус қатынайтын көптеген жеңіл типті жолдар салынған. Жолдардың сапасы, әсіресе Солтүстік Қазақстан аудандарында,оларды жыл бойы пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Қазақстанда тас жол, қара жол желісі қанша жиі болғанымен, олардың 10%-ы ғана қатқыл табанды, бұл автомобиль көлігінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Қиыршық тасты жолдар- қатқыл табанды жолдардың басым типі.
Халық жиі қоныстанған Іле Алатауының етегімен өтетін Алматы-Шелек-Нарынқол (Райымбек) даңғыл жолының рөлі күшті. Маңызы жағынан Қарағанды –Теміртау-Астана, Семей-Павлодар- Омбы, Атырау- Орал жолдарын бөліп атауға болады.
Тасымал көлемі жағынан автомобиль көлігі републикада бірінші орын алады. Бұл салада темір жол көлігіндей емес, ірі тораптар түзілді. Бұлар – Алматы, Өскемен, Қарағанды,Астана, Семей, Қостанай, Ақтөбе.
Қазақстанда дүние жүзілік бес негізгі автокөліктік (коридор) жол қатынасы қалыптасқан, жалпы ұзындығы 7,6 мың шақырым. Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек- Алматы-Харгос;
Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара;
Алматы-Қарағанды-Астана-Қостанай-Екатеринбург-Петропавл;
Астрахань-Атырау-Ақтау;
Омбы-Павлодар-Семей-Майқапшағай;
2001-2005 жылғы Республиканың автомобиль жолдарын дамыту жоспары бойынша бюджеттен 244 млрд. теңге бөлінсе 16,5 мың шақырым жол және 289 көпір салынбақ, ал 194 млрд теңге қаржы бөлінсе 14,5 мың шақырым жол және 141 көпір салынбақшы. 2001 жылы автокөлік құрылысына бөджеттен төмендегідей қарды бөлінген:
Қызыл-Аскер-Киров- 1,9 млрд.теңге (14 км)
Астананың солтүстік бөлігі – 1,85 млрд.теңге (14 км)
Орал өзеніндегі көпір – 330 млн.теңге
Астана-Борабай жолы – 3,4 млн.теңге (260 км)
Лениногор (ШҚО) – Ресей шекарасына дейін –1000 млн.теңге (62 км).
Сороковая-Павловка- 26 млн.теңге (12 км).
Қатты жамылғысы бар автомобиль жолының ұзындығы 115 мың шақырым.Автомобиль көлігінің жұмысын жақсартудың маңызды бағыты – республика жолдарының бүкіл желісін қатқыл табанды жолға айналдырып, жақсартылған магистральды автомобиль жолдарын салу.
Су көлігі
Су көлігі -өзен және теңіз кемелерінен тұрады. Жалпы жүк айналымында су көлігінің үлесі шамалы. Пайдаланудағы ішкі су жолдарының ұзындығы 6 мың шақырымнан астам. Кеме көлігі Ертіс, Жайық, Іле өзендерінде дамыған. Сырдария мен Есіл өзендерінің кейбір бөліктерінде де кеме жүзе алады. Өзен көлігімен тасымалданатын негізгі жүк – минерал,құрылыс, материалдары. Сонымен қатар мұнай мұнай өнімдері, минералды тыңайтқыштар тасымалданады. Ең ірі өзен порттары – Павлодар, Атырау, Орал, Өскемен, Семей.
Каспий теңізінде жүк тасымалдайтын-Каспий пароход шаруашылығы бар. Қазақстан теңіз көлігі арқылы Әзірбайжан, Дағыстан, Еділ бойы, Түркіменстан және Иранмен байланысады. Маңғыстау мұнайын игеруге байланысты теңіз көлігінің рөлі артып отыр.
Құбыр көлігі
Қазақстан аумағында тұңғыш салынған мұнай құбыры- ұзындығы 60 шақырым қарапайым Доссор –Ракушка еді. Ол арқылы мұнай баржаға тасымалданып, одан теңіз кемелеріне тиелетін. Ұзындығы 720 шақырым бірінші магистральды Атырау – Ор мұнай құбыры 1936 жылы салынып бітті. Ол Ембі мұнайын Ор мұнай өңдеу зауытына айдайтын. Маңғыстау мұнайын айдау үшін Өзен- Жетібай- Ақтау және Өзен – Атырау –Самара (1500 км) мұнай құбырлары салынды. Шымкент пен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарына Омбыдан мұнай құбырлары жүргізілген. Тоймазы – Иркутск Транссібір мұнай құбырынан Омбы тұсында құбыр арқылы Павлодар мұнай өңдеу зауытына мұнай кетеді. Қазақстанда мұнай өндіру және өңдеу өнеркәсіптерінің жоғары қарқынмен дамуына байланысты келешекте мұнай құбырларының ұзындығы да, айдайтын мұнай мен мұнай өнімдерінің көлемі де артатын болады. Қазіргі кезде Қазақстан аумағын қуатты Орта Азия-Орталық (Ресей) және Бұхар–Орал газ магистральдары кесіп өтеді.Қазір Қазақстанға газды туысқан Өзбекстаннан ұзындығы 1317 км Мубарек–Ташкент- Шымкент –Тараз -Бішкек- Алматы газ құбыры арқылы тасымалдауда. Сібір газын Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанға жеткізіп беру мәселесі алға қойылып отыр.Қазіргі Қазақстандағы мұнай және газ құбырының ұзындығы 8 мың шақырым, келешекте мұнайды тасымалдау үшін ең тиімді көлік түрі болғандықтан мұнай құбырының ұзындығы да, мұнай өнімінің көлемі де артатын болады.
Мемлекеттік Ұлттық ''ҚазақОйл'' компаниясының мәлімдемесі бойынша жақын арада жаңадан төмендегідей құбыр желісі жүргізіледі:
Қазақстан- Баку-Супса
Қазақстан- Баку –Жейхун (Түркия)
Қазақстан- Түркіменстан- Иран
Қазақстан- Түркіменстан- Ауғанстан-Карачи (Пәкістан)
Қазақстан- Қытай (ұзындығы 3000 шақырым, құны 1,5 млрд. АҚШ доллары).
Бұл жаңадан салынатын мұнай құбырлары Қазақстанның мұнайын дүние жүзілік рынокқа шығаруға бағытталған.
Әуе көлігі
Кең-байтақ аумағы бар Қазақстан үшін, әсәресе жолаушылар тасымалдауда, әуе көлігінің маңызы күшті. Қазақстанда әуе көлігінің жалпы ТМД бойынша және жергілікті, сондай-ақ халықаралық (ҚХР және Түркиямен) маңызы бар тұрақты жолдарының жолдарының кең желісі қалыптасқан.
