Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazaxtan_geografiasy_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.8 Кб
Скачать
  1. Қазақстан дүниежүзі картасындағы орнын анықтаңыз. Әкімшілік-территориялық бөлінісі. Экономикалық аудандары сипаттамасын, мәселелері мен болашағын қарастырыңыз.

Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. РесейКанадаҚытайАҚШБразилияАустралияҮндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің елімізФранциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания,ГерманияАустрияНидерланд және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұмшөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр.

Экономиканың өсіп, көліктің осы заманғы түрлерінің пайда болуына байланысты Қазақстанда өзінің аумақтық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шарушылықтарды революцияға дейін-ақ байқала бастаған, кейін аумақтық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтарда революцияға дейін-ақ байқала бастаған, кейін аумақтық еңбек бөлінісін күшейтіп, бірте-бірте республикаішілік бес- Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік экономикалық ауданның қалыптасуына себепші болды. Бұл аудандардың әрқайсысының шаруашылықтарындағы жергілікті ауданішілік маңызы бар салалар әдетте республикалық және республикааралық маңызы бар салалармен ұштасқан, олардың әрқайсысының республиканың бүкіл халық шаруашылығын серпінді әрі кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік және ауданаралық экономикалық байланыстары қалыптасқан. КСРО кезеңінде Қазақстанда әкімшілік территориялық бөлінуіне байланысты алғашқы облыстар 1932 жылы қалыптасты. Ол кезде республикада 6 облыс болған: Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік-Қазақстан облыстары. 1936 жылы жаңа конституция қабылдағаннан кейін тағы да жаңа екі облыс қалыптасты – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. 1938 жылы Гурев, Қызылорда облыстары, ал 1939 жылы Жамбыл, Семей және Ақмола облыстары, 1944 жылы-Көкшетау және Талдықорған, 1970 жылы- Торғай, 1973 жылы- Маңгышлақ және Жезқазған облыстары қалыптасты. Қазір Қазақстан республикасында 14 облыс бес экономикалық аудан бар. Экономикалық аймақтардағы шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру түрлері ретінде қарау керек. Экономикалық аймақтар шаруашылықтардың кешенді дамуымен сипатталады. Белгілі ғалым Н.Н. Баранский Қазақстан аумағын бес ішкі экономикалық аймақтарға бөледі: басты нышандар ретінде экономикалық аймақтар шаруашылықтарының мамандануы, өндіріс кешендерінің ішкі бірлігі алынады. Бұл аймақтар шаруашылықты жоспарлауды жетілдіруге, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасуын тездетуге мүмкіндік туғызады.

  1. Солтүстік экономикалық аймағына Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары кіреді.

  2. Орталық Қазақстан экономикалық аймағына Қарағанды облысы кіреді.

  3. Батыс Қазақстан экономикалық аймағына Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді.

  4. Шығыс Қазақстан экономикалық аймағына Шығыс Қазақстан облысы кіреді.

  5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары кіреді.

Алып жатқан жер аумағы бойынша ең үлкен экономикалық аудан- бұл Батыс Қазақстан (736 мың км2), Оңтүстік Қазақстан (712,2 мың км2, Солтүстік Қазақстан (600,9 мың км2), Орталық Қазақстан (428 мың км2), Шығыс Қазақстан (283,3 мың км2. Хылықтардың ең тығыз орналасқан ауданы- бұл Оңтүстік экономикалық аудан. Мұнда бір шаршы шақырым жерде 8,7 халық тұрады. Солтүстік Қазақстанда – 7,8, Шығыс Қазақстанда- 6,3, Орталық Қазақстан –4,3 және халық ең сирек қоныстанған Батыс Қазақстанда –2,8 халық тұрады. Жалпы республика бойынша халықтың орташа орналасу тығыздығы 5,5 адам. Қазақстанда 84 қала, 177 шамасында қала тектес елді мекендер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]