- •Дүниежүзілік экономикалық, әлеуметтік және саяси география
- •"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен зандылықтарын көрсетіңіз.
- •Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың роліне баға беріңіз.
- •Табиғи ресурстардың сарқылуы. Табиғат пайдалану саясатына сипаттама беріңіз.
- •Трансұлттық процестің дамуы. Трансұлттық кешен іс-әрекетінін ерекшелігі және оның дүниежүзі шаруашылығындағы роліне сипаттама жасаңыз.
- •Отын-энергетика кешенінің құрылымын көрсетіңіз.
- •Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •Мүнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары. Саланың географиясына жалпы шолу жасаңыз.
- •Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •Қара металлургия. Ғтр-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы, өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелеріне баға беріңіз.
- •Дүниежүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны түтынушылар, өнімді негізгі экспорттаушыларға сипаттама жасаңыз.
- •Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролін көрсетіңіз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •21. Көліктік-коммуникациялық жүйе. Саланың шаруашылық дамуындағы ролін көрсетіңіз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы роліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы ролі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарынын географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •28. Дүниежүзінің қаржы жүйесі. Қаржының ауысу формалары. Инвестиция, қаржылық көмек беру жағдайларына сипаттама жасаңыз.
- •29. Жеке ұлттық валюталардың қаржының дүниежүзілік нарқындағы жағдайын көрсетіңіз.
- •30. Қаржыны экспорттаушы негізгі мемлекеттерге сипаттама жасаңыз.
Мүнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
Дамушы елдерде өндірілетін отын-энергетика байлықтары, оның ішінде негізгі мұнай өнімдері АҚШ, Батыс Еуропа елдеріне, Жапонияға, Қытайға экспортқа шығарылады.Мұнай өнеркәсібі-дүние жүзілік шаруашылыққа әсер ететін отын-энергетикалық өнеркәсібінің жетекші саласы. Бұл саланың әр жылдағы дамуы және оның әлем елдері бойынша географиялық таралуы бойынша мынадай мәліметтер бар: 1-ші рет мұнайды жер астынан бұрғылау скважинасы арқылы өндіру АҚШ-тың, Пенсильвания штатында 1859 ж іске асқаны ресми түрде тіркелген. Сол кезден бастап ешқандай өндіру тез қарқынмен дамыды.Мұндай өндіру 20 ғ.басында 1900 ж тек 20-ға жуық мемлекеттерде ғана өндірілетін олардың ішінде ең ірі табысқа әкелгендері: АҚШ, Венесуэла, Ресей. 2000 жылдың соңына қарай жылына 100 млн тоннадай астам мұнай өндіретін елдер саны 14-ке жетті.
Сауд Арабиясы 440 млн тонна
АҚШ 355 млн т
Ресей 325 млн т
Иран 185 млн т
Мексика 170
Венесуэла 160
Қытай 160
Норвегия 155
Ирак 130
Ұлыбритания 125
Канада 125
БАӘ 115
Нигерия 105
Кувейт 105
Аталған 14 мемлекеттің 7-еуі әлемдік мұнай экспорттаушы, мемлекет Опек ұйымының мүшесі, 4-еуі өте дамыған мемлекетке жатады.
Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.
Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар). Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.
Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған. Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.
Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.
