Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.02 Кб
Скачать
  1. Табиғи ресурстардың сарқылуы. Табиғат пайдалану саясатына сипаттама беріңіз.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолда-нылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Сарқылатын ресурстарғажақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы  салыстырмалы   ұғым.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.

Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың  артуына  байланысты.

Б. Скиннердің 1989 жылғы мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

Көміртегініңқосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударылады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның  ластануымен  тығыз  байланысты.

Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір — 70—80 жылға жетеді.Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий)

Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотыгымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты.

Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат — бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте кең мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Табиғат  қорлары  сарқылмайтын  және  сарқылатын  болып  екіге  бөлінеді.Сарқылмайтын  қорлар  адам  баласына  тәуелсіз  болып  келеді. Соның  бірі-су. Жер  шарындағы  судың  үлесі  барлық  жердің  2\3  алып  жатыр. Сондықтан  оның  қоры  үздіксіз  айналымға   түсіп, қалпына  келіп  отырады. Ал  экожүйелердің  таралуы  уақыт  пен  кеңістікке  қатысты  салыстырмалы  түрдегі  айлағаны  объектілер.

     Сарқылатын  қорлар  өз  кезегінде  қалпына  келетін  және   қалпына  келмейтін  деп  жіктеледі. Мысалы, қазба  байлықтар, мұнай, көмір  қорлары  қалпына  келмейтін  байлық  көзіне  жатады. Сарқылатын  қорларды  адам  баласының  өте  ұқыпты  түрде  пайдалануы  болашақ  ұрпақтың  қамын  ойлағаны.

     Соңғы  жылдары  жер  шарындағы барлық  табиғат  қорлары  бұрын-соңды  болмаған  антропогендік  өзгерістерге  ұшырап  отыр. Олардың  ең  бастысы - әлімдік  климаттағы  өзгерістер. Күн  мен  жел  энергиясы  сарқылмайтын  қор  болғанымен, өнеркәсіптің  қарқындап  дамуына  байланысты  ауаға  зиянды  газдар, шаңдар  көтеріп, адамдардың  денсаулығына  қауіп  төндіруде. Бұл  апатты  құбылыстар  өнеркәсібі  шоғырланған  ірі  қалаларда  өріс  алып  отыр. Ауа  кеңістігінің  ластануы  дүниежүзілік  мұхиттар  мен  теңіздерге  де  өз  ықпалын  тигізуде.

Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосферагидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]