Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.02 Кб
Скачать

23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы роліне сипаттама беріңіз.

Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон” желісінде қатынады. Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті.

Темір жолдары ең ұзын ел – АҚШ , алайда жолдардың барынша жиілігі жөнінен Батыс еуропа елдері алда; мұнда 100 шаршы километрге 10 км – ден астам темір жол келеді.

Дамушы елдерде темір жолдар желісінің жиілігі анағұрлым аз. Осының өзінде көптеген жолдар өзара мүлдем байланыспайды және жол табанының ені әр түрлі ; мұның өзі ауданаралық және мемлекет

24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.

Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.

Соңғы жылдары құбыр желісі автомобиль көлігінен де гөрі қауырт дамыды. Дамыған елдердегі құбырлар мұнай мен газ өндірілетін аудандарды олар ұқсатылатын аудандармен жалғастырылады. Дамушы елдерде олар шикізат өндірілетін жерден теңіз порттарына жетеді, ол жерден мұнай көбіне ұқсатылмаған күйінде әкетіледі. Дүние жүзінде ең ұзын құбырлар Ресейде, Канада мен АҚШ – та тартылған.

25. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы ролі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігін көрсетіңіз.

Дүние жүзінде автомобиль көлігі өте қауырт дамып келеді. Оның үлкен бір артықшылығы жүкті әкеліп бере алатындығында. 90 – шы жылдардың басында дүние жүзінің автомобиль паркінде шамамен 0,5 млрд. автомобиль болды, мұның 80 пайызы Батыстың дамыған елдерінде болған еді.

Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.

Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.

Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]