- •Дүниежүзілік экономикалық, әлеуметтік және саяси география
- •"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен зандылықтарын көрсетіңіз.
- •Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың роліне баға беріңіз.
- •Табиғи ресурстардың сарқылуы. Табиғат пайдалану саясатына сипаттама беріңіз.
- •Трансұлттық процестің дамуы. Трансұлттық кешен іс-әрекетінін ерекшелігі және оның дүниежүзі шаруашылығындағы роліне сипаттама жасаңыз.
- •Отын-энергетика кешенінің құрылымын көрсетіңіз.
- •Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •Мүнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары. Саланың географиясына жалпы шолу жасаңыз.
- •Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •Қара металлургия. Ғтр-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы, өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелеріне баға беріңіз.
- •Дүниежүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны түтынушылар, өнімді негізгі экспорттаушыларға сипаттама жасаңыз.
- •Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролін көрсетіңіз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •21. Көліктік-коммуникациялық жүйе. Саланың шаруашылық дамуындағы ролін көрсетіңіз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы роліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы ролі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарынын географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •28. Дүниежүзінің қаржы жүйесі. Қаржының ауысу формалары. Инвестиция, қаржылық көмек беру жағдайларына сипаттама жасаңыз.
- •29. Жеке ұлттық валюталардың қаржының дүниежүзілік нарқындағы жағдайын көрсетіңіз.
- •30. Қаржыны экспорттаушы негізгі мемлекеттерге сипаттама жасаңыз.
19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
Ежелден-ақ өсiмдiк шаруашылығының негізi дәндi дақылдар құрайды.Дәндi дақылдар дүние жүзiндегi еңделетiн жер қорының 1/2-iнен астамын алып жатыр.Олардың егiстiктерi iс жүргізуде адамдардың таралу аймағына (ареал) сайкес келеді. Соңғы 50 жыл iшiнде дәндi дақылдар өнiмдiлiгi 3 есеге артқан, жылына өндiрiлетiн мөлшерi 2 млрд т-дан асып отыр.4)Дәндi дақылдар өнiмдiлiгi егiс көлемiн ұлғайту есебiнен емес,әрбiр гектардан алатын түсiмдi көтеру есебiнен көбеюде. Дәндi дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц]га болса, дамыған елдерде ол көрсеткiш 35—40 ц/га.Дүние жүзі бойынша жылына дәндi дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерiнде, 1/4-i Солтүстiк Америка, ал қалған бөлiгi Еуропа елдерi мен басқа елдер үлесiне келедi. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚПI-ты басып озған Қытай, 3-орында — Үндiстан, 4-орында Ресей болса, 5-орында Франция иеленедi. Дәндi дақылдар тамақ,құрамы жем, спорт және т.б.өндiрiс салаларына шикiзат болып табылады. Дәндi дақылдардың негiзгі басты 3 дақыл — бидай, күріш және жүгерi құрайды. Дәндi дақылдар егiстiгiнiң 32%-ын бидай, 20%—ьш күрiш, ал 18%-ын жүгерi егiстiгi алып жатыр. Бидай — ен басты дақыл.Оның негiзгi шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңiзi аймағы екенi белгiлi. Оны академик Н.И.Вавилов анықтаған.Қазiр бидай адам тұрақты мекендеитін орталық материктерде өсірледі.Бидай солтүстiк жарты шарда көп өсiрiледi. дүние жүзiнде 70-тен астам ел бидай өсiрумен айналысады, бiрак оның жалпы өнiмiлiгі басым бөлiгi тек бiрнеше елге тиесілі.Алдыңғы үштiктi Кытай, АКШ, Үндiстан құрайды.Бидайдың тауарлы өндiрiсi ХIХ ғасырдан басталады дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған.Қазiр олар жоғары маманданған шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы жазыктар, Ресейдің Еуропалық бөлiгiнің оңтүстiгi, Украина, Қазакстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстiгi, Аустралияның оңтүстiгi, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңiрлер жатады. Астықты өлкелердiң бiрi болып саналатьти жер — АКШ пен Кавказдың Орталық жазықтары. Мұндда көбiнесе жоғары сапалы нан пісiруге арналған қатты бидай өсiрiледi. Виниппег каласы «бидай астанасы» деп атайды. Күрiш -тропиктiк дәндi дақыл.Оның негiзгi шыққан жерi — Қытай.Бидай, сияқты басқа жерлерге қоныс аударған. Муссондық климат сипаты.субтропиктiк, тропиктiк және субэкваторлық белдеулерде косымша қолдан су. аркылы өсiрiледі.Егiстiк аумағы бидаймен салыстырғанда екi есе аз болғанына қарамастан,өнім мөлшері бірдей.Оның басты себебi климаттық жағдайына, байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндiстан, Жапония, Индонезия, және т.б.) күрiштен жылына үш рет өнім жинай алады. Күрiш — жылу мен ылғалды күтiмдi көп қажет ететiн дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орнналасқан аймақтарда басым өсiрiледi.Қазiргi кезде күрiш өсiрумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзiлік жалпы өнiмiнiң 9/10-ы Азияның күріш өсiрушi елдерiне келедi.Дүние жүзiндегi суармалы жердің 2/З-сiн күріш алып жатыр.
2. Жүгерi (маис)—Америкалық Колумб саяхатынан кейiн дүние жүзiнің басқа аудандарында таралды. Оның егiстіктерi көбiнесе бидай егiстiгiмен қатар орналасады. Тек дән үшiн ғана емес; Мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсiру сонғы кезде оның таралу аймағының кеңейттi. Басты өндiрушi елдер — АҚш, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан бразилияя мен Мексика Батыс Еуропаның оңтүстiгiндегi елдер. Дүние жүзiндегi жүгерi өсiретiн Бастыы аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерiнен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері. Бұл жер осы дакыл, өсіруге ең қолайлы жер болып табылады.Жүгері өндiруден әсiресе Айова штатының даңқы шыккан.Дамыған елдерде жүгері ‚мал азығы ретiнде, ал дамушы елдерде азьқ-түлiк дақылы ретiнде өсiредi. Өндiрілетiн астықтың дүниежүзiлiк нарыққа 20—15%-ы шығарылады.Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия,Египет жатады. Техникалык Дақылдар.Өсiмдiк шаруашылығының маңызды саласының Бiрi техникалық дақылдар. Олар әр түрлi өндiрiс салаларына шикiзат ретiнде өндірiледi. Аса маңызды техникалық дакылдарға майлы дакылдар, қант ондрілетiн дақылдар, талшықты, крахмалды,сергiтпе және дәм-татымдық дакылдар жатады.Олардың өзi азық-түлiктiк мадызды бар және азық-түлiкке жатпайтын деп ажырылатылады. Майлы дақылдар Жер шары халкының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейiн 2 орын алады. Маңызды түрлерi:соя, жержаңғақ, зәйтүн, күн6ағыс.Бүкiл пайдаланатын майдың 2/З-сi осы өсiмдiктерден алынады.Соя өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бтазилия мен Аргетина. Жержаңғақ өнiруден Үндiстан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсiруден Ресей алдыңғы орында.Азия, Латын Америкасы елдерiнде пальмалардан, мақта өсiретiн елдерде Макта майын алу солға қойылған. Қантты дақылдардың да азық-түлiктiк Маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн-нан астам қант өндiрiледi.Оның 60%-ы қант құрағынан,ал 40%-ы қант қызылшасьшнан алынады.Екеуi де еңбектi өте көп қажет ететiн дақылдар, Бірақ таралу аймағы мүлде бөлек.Қант құрагы – шөптесін,көп жылдық өсiмдiк.Оңтүстік Шығыс Азиядан шыққанымен қазiр Латын Америкасы елдерiнде және баска материктердiң тропиктiк, субтропитік белдеулерде көбірек өсiрiледi.негiзгi өндiрушiлерi - Бразилия, Үндiстан,Қытай. Кант қызылшасы коңыржай белдеуiнде дақылдар, онын басты өндiрушiлерi -Франция, АҚШ, Ресей, Украина т.б басқа қоңыржай белдеу елдерi. Талшықты дақылдардың ең маңыздысы- мақта. Ол жылу мен ығғалды көп қажет етедi.Мақта талшығының дүниежүзілік өндiрiс 20 млы т-ны құрайды. Макта егiсiнің алқабы мен Мақта жинау жөнiнен I-орында ежелден мақта өсiрушiлер — Азия елдерi, 2-орында — Америка, З-орында- Африка елдерi йеленедi. Олардың iшінен Қытай, АҚШ,Үндiстан елдерi ерекшеленедi. Сергiтпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктi беллеулерде өсiрiледi және таралу аймағы айтарлыктай шектеулi. Шайдың отаны — кытай. дүние жүзiнде жиналатын шайдың 4/5-і Үндiстан,Қытай және Шри-Ланка өндiредi.Ал субтропиктерде шай Грузия, жерінде өсiрiледi. Кофеның отаны - Африка,қазiр оньщ түсiмiнің 2/3-сiн Латын Америкасы елдерi,әсiресе Бразилия мен Колумбия бередi. Какао, керiсiнше, Америкада шыққан,қазір оның негiзгi өндiрушілерi Африканың Гвинея жағалаулары елдер. Жетекшi елдер қатарына Котд*идвуар, одан кейiн Бразилия, Гана.Индонезия мен Нигерия жатады.
3. Бақша және жеміс шаруашылығы.Өсiмдiк шаруашылығының маңызды салаларының бiрi — бақша шаруашылығы, дүние жүзi елденiң Барлығыа дерлiк тән. Жылдык өнiмдiлiгі 600 млн т оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсiредi. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған Ал жемiс-жидек шаруашылыгы табиғат, жағдайлары қолайлы және көлiк түрлерiмен жақсы қамтамасыз етілген. Жылдық өнiмдiлiгi 430 млн т,оның 2/5-сi Азия елдерi жинайды, Жемiс-жидектi көп өндiретiн елдер қатарына Қытай,Үндiстан,Бра зилия, АҚШ,Италия жатады. Жүзiм өсiру Жерорта теңiзi жағалаулары елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АКШ көзге түседі.Цитрус өсiру де АҚШ, Бразилия, Испания,Италия,Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән.Банан — азиялық жемiс, бiрак қазiр тек Азияда ғана емес.Орталық және Оңтүстiк Америка, Африка елдерiнде де көптеп өсiрiледi.Жетекшi елдерге Үндiстан, Эквадор, Вразилия, Филяандия ,Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсiруге маманданған шаруашылықта жаппай белең алуда.
20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының маңызды әрi жетекшi саласы. Онда өсiмдiк шаруашылығы тәрiздi ерте ежелден келе жаткан және барлық жерге кең таралған шаруашылық.Оған шабындықтар мен жайылымдық жердiң егiстiк жерлермен салыстырғанда 3 есе артық болуы дәлел. Сонымен қатар өндiрiлетiн дәндi дақылдардың жартысына жуығын және көптеген техникалық дакылдардың қалдықтары малға жем ретiнде пайлаланылады.Қазiргi кезде мал шаруашылығының етгi және сүттi бағыттағы iрi қара, шошқа, қой, құс өсiру сияқты дүниежузiлiк маңызы бар салалары қарқынды дамуда. Iрi қара өсiру қоңыржай белдеудiң табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етiлген орман, орманды дала, дала аймактарында жақсы жолға қойылған.Дүние жүзi бойынша iрi қаракның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр.Өндiрiлетiн суттiң барлығын дерлiк, ал еттiң 35%-ын осы iрi кара малы бередi. Интенсивтi сүттi және еттi-сүттi бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады жене коиипелi мал шаруашьильигы басьим келедi. Дүние жүзіндеттi ең көп өндiретiн елдер катарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Сүт өндiру бағытындағы iрi қара өсiру көбiнесе қала маңы мен халық жиi қоныстанған аудандарда дамыған.Әсiресе Еуропа мен Солтүстiк Американың орман зонасында орналасқан елдерде жаксы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей,Үндiстан, Бразилия және Батыс Еуропа елдерi ерекше көзге түседі Жайылымдық жерлер мен шөптесiн өсiмдiктердiң жеткiлiктi болғанына қарамастан, Африкада,әсiресе, оның тропиктiк аймактарында iрi кара аз. Оның басты себебi — ұйкы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбынының қоздырғышы.Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын iрi қаралар зебу өсiрiледi. Шошқа шаруашылығы дүниежүзiлiк ет өнiмiнiң 40%-ға жуығын бередi. Қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Iрi қарамен салыстырғанда күй талғамайтындьктан және тез есiп-өнетiндiктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүние жүзiндегi шошқа санының жартысына жуығы Азияға,оның ішiнде, ең алдымен,Қытайға келедi.Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жаксы дамыған. Қой шарашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүнді бағытындағы болып бөлiнедi. Ет-жүн бағытындагы қой шаруашыльғы ылғалы жеткiлiктi және климаты бiршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүндi қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған.Дүние жүзi бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетiп отыр.Қой шаруашылығының ет-жүк бағытында тауарлы өнiрiсi Солтүстiк және Оңтүстiк Амерканың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстiк Африканың қоңыржай және субтропиктiк белдеулерiнiң құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн бередi, ол жүк маталарын жасау, кiлем тоқу мен тері былғары өнеркесiбiнде қолданылады.Азия, Орта Азия және Оңтүсiк Африка елдеріде қаракөл елтiрiсін дайындау жолға қойылған. дүние жүзін дегi қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейiн Кытай (112 млн астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2004 жылы 13 млн-нан сәл ғана асатын.Жүн өндiруден жетекшi елдер қатарына Аустралия,Қытай, Жаңа Зеладия Уругвай және Ресей жатады.
Құс шаруашылығы-ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы.Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаа елдерінде бройлер балапандарын өсiретiн iрi құс өсiру кешендерi қалыптаса бастады. Бүгiнгi таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндiруден Кытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндiстан ерекше көзге түседi. Тауарлы құс шаруашлылығы, негiзiнен,қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күшi жеткiлiктi климаты қолайлы аудандарға ауысуда. 2. Балық шаруашылығы — дүниежүзiлiк шаруашылықтық ең ежелгi және ең маңызды саласы.Қазiргi кезде дүие жүзi бойынша ауланатын балық пен өндiрiлетiн тенiз өнiмдерi жылына 100 млн т-га жетiп отыр. Оың 9/10-ын теңiздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлiгi тұщы сулардан ауланады.Балықтың және баска теңіз өнiмдерiнiң маңызды олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшерi мал мен құс етiнен кем түспейтiндiгiне байланысты артып отыр. Сондықтан қазiргi таңда дүниежүзiлiк су айдындарында 20—ЗО мыңға дейiнгi iрiлi-ұсақты балық және басқа да теңiз өнiмдерiн аулайтын кемелер жүiп жүр. Балық аулау теңiз жағалық елдерiнің барлығында таралғанымен, дүние жүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің — Жапония,Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдiд үлесiне тиедi. Балықтар материктiк қайраңдар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйiскен аудандандарында көбiрек ауланады. Бүгiнгi таңда әр елдiң ұлттық өндiрiстерi негiзiнде дүниежүзiлiк бiртұтас тауарлы ауыл шаруашыльғы қалыптасып келедi.Өндiрiлген жалпы,ішкі өнім мөлшерi жөнiнен Кытай, АқШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауыл шаруашылық өнiмдерiмен қамтамасыз етілу дәрежесi жонiнен Батыс Еуропаның дамыған еллерi мен Канада,АҚШ ,Жапония және Аустралия ерекше көзге түседi. дамушы елдерде бұл көрсеткіш өте төмен, тiптi жалпы өнiмдi аса көп өндiретiн Қытай мен Үндiстанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5-6 есе төмен.
