- •Дүниежүзілік экономикалық, әлеуметтік және саяси география
- •"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен зандылықтарын көрсетіңіз.
- •Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың роліне баға беріңіз.
- •Табиғи ресурстардың сарқылуы. Табиғат пайдалану саясатына сипаттама беріңіз.
- •Трансұлттық процестің дамуы. Трансұлттық кешен іс-әрекетінін ерекшелігі және оның дүниежүзі шаруашылығындағы роліне сипаттама жасаңыз.
- •Отын-энергетика кешенінің құрылымын көрсетіңіз.
- •Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •Мүнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары. Саланың географиясына жалпы шолу жасаңыз.
- •Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •Қара металлургия. Ғтр-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы, өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелеріне баға беріңіз.
- •Дүниежүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны түтынушылар, өнімді негізгі экспорттаушыларға сипаттама жасаңыз.
- •Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролін көрсетіңіз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •21. Көліктік-коммуникациялық жүйе. Саланың шаруашылық дамуындағы ролін көрсетіңіз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы роліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы ролі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарынын географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •28. Дүниежүзінің қаржы жүйесі. Қаржының ауысу формалары. Инвестиция, қаржылық көмек беру жағдайларына сипаттама жасаңыз.
- •29. Жеке ұлттық валюталардың қаржының дүниежүзілік нарқындағы жағдайын көрсетіңіз.
- •30. Қаржыны экспорттаушы негізгі мемлекеттерге сипаттама жасаңыз.
Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролін көрсетіңіз.
Түсті металлургия өндірісінің көлемі жөнінен қара металлургиядан 20 есе кем.Мұнда ауыр түсті,легирленген және асыл металдар металургиясы әдеттеоларды өндіретін елдер мен аудандарда дамытылады.Бұл металдар кенінде,әдетте, пайдалы құрамды бөліктерінің мөлшері аз болады.Азияның,Африка мен Латын Америкасының бірқатар елдерінде түсті металлургияның отарлау кезеңінде-ақ пайда болғанын осылайша түсіндіруге болады.
Мыс кенінің дүние жүзіндегі аса ірі аудандарының бірі Орталық Африкада қалыптасты.Бұл Заир мен Замбияның аумағында ежелгі теңіздің жағалау сызығын бойлай 500 шақырымға созылып жатқан мыс белдеуі.Мұндағы мыс кен орны бұдан 600 млн.жыл бұрын пайда болған.Бұл белдеуде мыс өндіріліп,қара және тазаланған мыс дайындалады.
Ауыр металдар кеніне қарағанда жеңіл түсті металдар кені,әсіресе алюминий кені пайдалы құрамды бөлікетерінің мөлшері жөнінен темір кеніне ұқсайды әрі тасымалдауға қолайлы.Алюминий өнеркәсібінің шикізат өндіру мен дайын өнімді тұтыну арасындағы алшақтық күшті байқалатын саланың тағы бір жарқын мысалы бола алатыны,міне,сондықтан.Дүние жүзінде өндірілетін бокситтің 1/3-інен астамы сыртқа шығарылады,ал оларды теңіз жолымен тасымалдаудың орташа қашықтығы 7 мың км-ден асады.Қара металлургия сияқты түсті металлургиясы да ертеден дамыған негізгі салаға жатады. Ғылыми-техникалық революцияның 20 ғасырдың екінші жартысындағы дамуы түсті металлургияның көп саласына үлкен өзгерістер енгізді. Егер 2 дүниежүзілік соғысқа дейін қалайы, қорғасын, мыс, мырыш сияқты ауыр турлі- түсті металдарды бауқыту түсті металлургия өндірісінің алғашқы салалары болып саналса, 20 ғасырдың 60-70 жылдары аллюминиді өндіру 1-ші орынға шықты. Сол кездерде 20 ғасырың металдары атанған кобальт, титан, литий, бериллий сияқты және т.б түсті металдарды өндіру өсе түсті. Қазіргі уақытта түсті металлургия шаруашылыққа қажетті 70-ке жуық әртүрлі металдарды өндірістен шығарып тұтынушыларды қамтамасыз етеді. Түсті металлургияның жаңа салаларының пайда болуы олардың орналасу географиясында біраз өзгерістер енгізді. Жыл сайын түсті металлургия өндірісімен айналысатын мемлекеттер саны көбейіп, одан әрі өсе түсуде. Бірақ тек АҚШ, Канада, Жапония, Ресей, ГФР, Франция, Бельгия, Аустралия және Қазақстан ғана басқа мемлекеттермен салыстырғанда түсті металлургияның өздері маманданған салалары бойынша және шикізат қорымен толық қамтамасыз етілген. Тағы 2-3 елдер түсті металлургияның 1-2 салаларында онім өндірумен ғана айналысады. Олар: Нидерланды, Норвегия, Польша, Венгрия(аллюминий). Шикізат қоры көздерінің мекен-жайлары түсті металлургия өнеркәсіп орындарының географиялық орналасу ерекшеліктерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар ауыр түсті металлургия салалары мен аллюминий балқыту өндіріс орындарын орналастыру арасында үлкен айырмашылықтар бар екенін байқауға болады. Ауыр түсті металлургияға(мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) тән қасиеттердің бірі-ол осы рудалар құрамындағы пайдалы түсті металдардың аз болуы, және өте аз болуы. Мысалы: дүниежүзінде өндірілетін мыс рудаларының басым бөлігінде пайдалы металдардың, яғни мыстың үлесі 0,5-1% қана болып келеді. Ал қалайы рудасында қалайының үлесі бұдан да төмен болады. Осы себептерге байланысты ауыр түсті металлургия саласы негізінен шикізат көзіне бейімделіп орналасады. Мысалы: АҚШ, Канада, Аустралия, Ресей, Қазақстан, Испания, Польша және т.б мемлекеттердегі ауыр түсті металдарды балқыту орталықтары шикізат көздерімен қатар орналасқан.
Осындай жағдай Азия, Африка, Латын америкасы елдеріне де қатысты. Мысалы: мыс өндіру Малайзияда, Индонезияда сонау отаршыл заманында пайда болған және ұзақ уақыт сол елдердегі ауыр өнеркәсіптің негізгі саласы болып қалған. Сондықтанда бұл елдерде түсті металлургияның төменгі немесе бастапқы сатысы, атап айтқанда руда өндіру, оны байыту және отынды көп қажет ететін концентрат дайындау және қара мыс(черновая медь) өндіру стадиялары шоғырланған, ал түсті металлургияның жоғарғы соңғы сатысы немесе дайын өнім алу сатысы Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда шоғырланған.
20 ғасырдың орта кезінде Батыс елдерінің түсті металлургиясы дамушы елдердің шикізатына тәуелді болғандықтан өнеркәсіп орындары теңіз жағалауыларында шоғырлана бастады. Сойтіп «порттық өнеркәсіптің» немесе теңіз айлақтары өнеркәсібі құрамына кірді. Бұл шоғырлану энергетикалық және минералдық-шикізаттық дағдарысқа дейін, яғни 20 ғасырдың 70 жылдарының ортасында басталып(1973-1980жылдар), сол жылдардағы қоршаған ортадағы табиғатты қорғау шараларына арналған белсенді қозғалыстар мен үлкен қарама-қарсы ққайшылықтар барысында жүріп жатты. Осы табиғатты қорғауға арналған қозғалыстардан бастап ауыр түсті металдарды балқытудың өсуі Батыс елдерде қысқара бастады. Сондықтан осы Батыс мемлекеттері ендігі жерде дамушы елдерде өндірілетін байытылған шикізатты сатып алуға көшті. Осы байытылған шикізат қазііргі кезде әлемде өндірілетін мырыш және қалайының ¼ бөлігінен көбін, мыстың 2/5 бөлігін, қорғасын ½ бөлігін өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Осы жылдары ауыр түсті металлургияның орналасу ұстанымдарында шикізат қоры мен жүк тасымалдайтын көліктерден гөрі, дайын өнімдер тұтынушы аудандарға бейімдеп орналастыру ұстанымдары күшейе түсті. Ал жаңа өндіріс қуатын іске қосуда қоршаған ортаны ластаушы өнеркәсіптің қатарына кіретін ауыр түсті металлургия өндірісінің мекен-жайы негізінен дамушы елдерге қарай ауысты. Қазіргі кезде дамушы елдерде де түсті металлургия өндірісінің жоғарғы сатысы дами түсуде. Бірақта экономикасы дамыған елдер және дамушы елдер арасындағы аумақтық ара-қашықтық, яғни өндіріске дайын өнімдерді тұтынушылар арасындағы ара-қашықтық әлі де сақталып отыр. Сондықтан да Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде өндірілетін ауыр түсті металдар бұрынғысынша Батыс елдерде пайдаланылады.
Түсті металлургияның ҒТР-дің жетістіктерін таратудағы негізгі маңызы. Дүниежүзі шаруашылығындағы маңызды роліне сипаттама берініз.
Түсті металлургия өндірісінің көлемі жөнінен қара металлургиядан 20 есе кем.Мұнда ауыр түсті,легирленген және асыл металдар металургиясы әдеттеоларды өндіретін елдер мен аудандарда дамытылады.Бұл металдар кенінде,әдетте, пайдалы құрамды бөліктерінің мөлшері аз болады.Азияның,Африка мен Латын Америкасының бірқатар елдерінде түсті металлургияның отарлау кезеңінде-ақ пайда болғанын осылайша түсіндіруге болады.
Мыс кенінің дүние жүзіндегі аса ірі аудандарының бірі Орталық Африкада қалыптасты.Бұл Заир мен Замбияның аумағында ежелгі теңіздің жағалау сызығын бойлай 500 шақырымға созылып жатқан мыс белдеуі.Мұндағы мыс кен орны бұдан 600 млн.жыл бұрын пайда болған.Бұл белдеуде мыс өндіріліп,қара және тазаланған мыс дайындалады.
Ауыр металдар кеніне қарағанда жеңіл түсті металдар кені,әсіресе алюминий кені пайдалы құрамды бөлікетерінің мөлшері жөнінен темір кеніне ұқсайды әрі тасымалдауға қолайлы.Алюминий өнеркәсібінің шикізат өндіру мен дайын өнімді тұтыну арасындағы алшақтық күшті байқалатын саланың тағы бір жарқын мысалы бола алатыны,міне,сондықтан.Дүние жүзінде өндірілетін бокситтің 1/3-інен астамы сыртқа шығарылады,ал оларды теңіз жолымен тасымалдаудың орташа қашықтығы 7 мың км-ден асады.Қара металлургия сияқты түсті металлургиясы да ертеден дамыған негізгі салаға жатады. Ғылыми-техникалық революцияның 20 ғасырдың екінші жартысындағы дамуы түсті металлургияның көп саласына үлкен өзгерістер енгізді. Егер 2 дүниежүзілік соғысқа дейін қалайы, қорғасын, мыс, мырыш сияқты ауыр турлі- түсті металдарды бауқыту түсті металлургия өндірісінің алғашқы салалары болып саналса, 20 ғасырдың 60-70 жылдары аллюминиді өндіру 1-ші орынға шықты. Сол кездерде 20 ғасырың металдары атанған кобальт, титан, литий, бериллий сияқты және т.б түсті металдарды өндіру өсе түсті. Қазіргі уақытта түсті металлургия шаруашылыққа қажетті 70-ке жуық әртүрлі металдарды өндірістен шығарып тұтынушыларды қамтамасыз етеді. Түсті металлургияның жаңа салаларының пайда болуы олардың орналасу географиясында біраз өзгерістер енгізді. Жыл сайын түсті металлургия өндірісімен айналысатын мемлекеттер саны көбейіп, одан әрі өсе түсуде. Бірақ тек АҚШ, Канада, Жапония, Ресей, ГФР, Франция, Бельгия, Аустралия және Қазақстан ғана басқа мемлекеттермен салыстырғанда түсті металлургияның өздері маманданған салалары бойынша және шикізат қорымен толық қамтамасыз етілген. Тағы 2-3 елдер түсті металлургияның 1-2 салаларында онім өндірумен ғана айналысады. Олар: Нидерланды, Норвегия, Польша, Венгрия(аллюминий). Шикізат қоры көздерінің мекен-жайлары түсті металлургия өнеркәсіп орындарының географиялық орналасу ерекшеліктерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Шикізат қоры көздерінің мекен-жайлары түсті металлургия өнеркәсіп орындарының географиялық орналасу ерекшеліктерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар ауыр түсті металлургия салалары мен аллюминий балқыту өндіріс орындарын орналастыру арасында үлкен айырмашылықтар бар екенін байқауға болады. Ауыр түсті металлургияға(мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) тән қасиеттердің бірі-ол осы рудалар құрамындағы пайдалы түсті металдардың аз болуы, және өте аз болуы. Мысалы: дүниежүзінде өндірілетін мыс рудаларының басым бөлігінде пайдалы металдардың, яғни мыстың үлесі 0,5-1% қана болып келеді. Ал қалайы рудасында қалайының үлесі бұдан да төмен болады. Осы себептерге байланысты ауыр түсті металлургия саласы негізінен шикізат көзіне бейімделіп орналасады. Мысалы: АҚШ, Канада, Аустралия, Ресей, Қазақстан, Испания, Польша және т.б мемлекеттердегі ауыр түсті металдарды балқыту орталықтары шикізат көздерімен қатар орналасқан.
20 ғасырдың орта кезінде Батыс елдерінің түсті металлургиясы дамушы елдердің шикізатына тәуелді болғандықтан өнеркәсіп орындары теңіз жағалауыларында шоғырлана бастады. Сойтіп «порттық өнеркәсіптің» немесе теңіз айлақтары өнеркәсібі құрамына кірді. Бұл шоғырлану энергетикалық және минералдық-шикізаттық дағдарысқа дейін, яғни 20 ғасырдың 70 жылдарының ортасында басталып(1973-1980жылдар), сол жылдардағы қоршаған ортадағы табиғатты қорғау шараларына арналған белсенді қозғалыстар мен үлкен қарама-қарсы ққайшылықтар барысында жүріп жатты. Осы жылдары ауыр түсті металлургияның орналасу ұстанымдарында шикізат қоры мен жүк тасымалдайтын көліктерден гөрі, дайын өнімдер тұтынушы аудандарға бейімдеп орналастыру ұстанымдары күшейе түсті. Ал жаңа өндіріс қуатын іске қосуда қоршаған ортаны ластаушы өнеркәсіптің қатарына кіретін ауыр түсті металлургия өндірісінің мекен-жайы негізінен дамушы елдерге қарай ауысты. Қазіргі кезде дамушы елдерде де түсті металлургия өндірісінің жоғарғы сатысы дами түсуде. Бірақта экономикасы дамыған елдер және дамушы елдер арасындағы аумақтық ара-қашықтық, яғни өндіріске дайын өнімдерді тұтынушылар арасындағы ара-қашықтық әлі де сақталып отыр. Сондықтан да Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде өндірілетін ауыр түсті металдар бұрынғысынша Батыс елдерде пайдаланылады.
16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз.
Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицуи", "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді.
Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және FTP жетістіктерімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, кымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық, электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған. Көлік маишналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45—50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты есу үстінде. Жалпы, автомобиль өндірісінің 3/4-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі (43-сызбанұсқаны қараңдар).
Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды). Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары — Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын (өнімнің 1/3-ін береді) алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылған өнімнің 75%-ы өндірілген елден сыртқа сатылады.
Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9—10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүниежүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі. Әдетте, әр елдің өзіндік "автомобиль астанасы" бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт (АҚШ), Вольфсбург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио (Жапония) жатады. Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында. Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және мұзжарғыш кемелерге, туристік және ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы кемелерге сұраныс артып отыр. Ұшақ өндірісінде Сиэтл мен Лос-Анджелес қалаларындағы (АҚШ) "Боинг" зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) "Конкорд" зауыты көзге түседі.
Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған.
Машина жасау өнеркәсібі осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 миллионан астам) және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Дүниежүзілік экономика картадан, жалпы алғанда, машина жасайтын төрт аймақты бөліп көрсетуге болады. Олар — Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңттүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері. Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау — халықар. маманданудың басты саласы болып табылады. Дамушы елдер дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді. Дүниежүзілік химия өнеркәсібі де төрт аймақта қалыптасты: АҚШ, Бат. Еуропа, ТМД және Жапония. Олардың әр қайсысында кен-химия өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдері өндірісі, әсіресе, органикалық синтез және полимер материалдар өндірісі дамыған. Дамушы елдерде бұл сала таяу уақытқа дейін, негізінен, шикізат көзі ретінде ғана қалыптасты. Алайда 1970 жылғы энергетикалық дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде, әсіресе, мұнай мен газ мол өндірілетін елдерде тез өсе бастады. Қазақстанда ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, көбінесе, орман байлықтарының таралуына байланысты. Солтүстік орман белдеуі шегінде, негізінен, қылқан жапырақты ағаш сүрегі дайындалады да, ол тілуге дайын ағаш, ағаш тақта, целлюлоза, қағаз, картон болып өндіріледі. Ресей, Канада, Швеция, Финляндия үшін ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі — халықаралық маманданудың маңызды салалары. Канада ағаш өнімдерін сыртқа шығару жөнінен дүние жүзінде 1-орынды алады. Оңтүстік орман белдеуі шегінде жапырақты ағаш сүрегі дайындалады. Мұнда ағаш өнеркәсібінің басты үш ареалы қалыптасқан. Олар: Бразилия, Тропиктік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия. Дайындалатын ағаш сүрегі теңіз жолымен Жапонияға, Батыс Еуропаға шығарылады, ал қалған бөлігі, негізінен, отынға пайдаланылады. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі және жетекші саласы — тоқыма өнеркәсібі. 20 ғасырдың 90-жылдарының басында дүние жүзінде табиғи және химиялық талшықтардан 115 миллиард/м2 шамасында мата өндірілді. Егер қолөнер өндірісін есепке алса, бұл сала дүние жүзінің барлық елдерінде дамыған. Дүниежүзілік тоқыма өнеркәсібінде басты бес аймақ қалыптасқан. Олар: Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Еуропа және АҚШ. 1950 жылдардан бастап экономикасы дамыған батыс елдерінің дүниежүзілік мата және киім өндірісіндегі үлесі барған сайын кеміп келеді. Бұрын мата өндіруден дүние жүзінде 1-орын алатын Ұлыбритания енді 20-орынға түсті. Бұл сала, әсіресе, Қытайда жақсы дамып келеді, өйткені тоқыма және тігін өнеркәсібі ең алдымен арзан жұмыс күшіне бағдарланған. Мұнда өндірілетін матаның едәуір бөлігі сыртқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.
17. Әртүрлі типтегі елдердегі шаруашылықты химиялау процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктеріне сипаттама берініз.
Химия өнерәісібі өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел еенгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
1)алуан түрлі, құрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдалануы;
2)құрылымы жағынан өте күрделі болуы;
3)энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуц;
4)кейбір салларының суды көп мөлшерде пайдалануы;
5)ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;
6)қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
7)шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
Химия өнеркәсібінің орналасуы дүние жүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи,экономикалық,тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Соныдқатн оның құрылымына тоқталайық. Мұндағы салаларды шартты түрде 3 топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс (бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке-техникалық бұымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі.
Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтың басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуды. Шикізат ретінде мұнай химиясының жартылай дайын өнімдері пайдалынады.Ғылымды көп қажет ететін бұл өндіріс жоғары дамыған елдерде және Азияның жаңа индустриялық елдерінде шоғырланған. Дүние жүзі бойынша өндірілетін пластмассаның 75%-ын бар болғаны он ел, ал жартысынан астамын 3 жетекші ел (АҚШ,Жапония,ГФР) береді. Негізгі химия шығаратын полимер арасында жасанды каучук бар. Қазіргі кезде ҒТР жетістіктерін кеңінен пайдалану нәтижесінде жасанды каучук өзінің сапасы (температураның ауытқулары мен отқа төзімділігі) жөнінен табиғи түрінен асып түседі. Жасанды каучук өндірісі автомобиль жасайтын жетекші елдерде күшті дамыған. Полимер өндірісінде химиялық талшықтар жасау да айрықша орынға ие. Қазргі кезде жасанды талшықтар өндіру тіпті табиғи талшықтар өндірісін басып озды. Химиялық атлшықтар жеңіл өнеркәсіпте ғана емес, шаруашылықтың көптеген саласында техникалық мақсатта кеңінен пайдалынады. Химиялық талшық өндірісі де аумақтық шоғырлануымен көзге түседі; бұл сала өнімнің 2/5 бөлігі Қытай, АҚШ және Тайваньға тиесілі.
Минералды тыңайтқыштар өндірісі көп жағдайда елдегі ауыл шаруашылығының даму дәрежесін анықтайды. Әсіресе азот тыңайтқыштарын жасауға көп көңіл бөлініп, мұнда ши кізат ретінде табиғи газ пайдалынады. Азот тыңайтқыштарына сұраныстың өсуіне байланысты оның өндірісі ауыл шаруашылықты аймақтарда (Азия, Солтүстік Америка мен Шығыс Еуропа) шоғырланған. Қытай, АҚШ және Үндістанда тыңайтқыштың бұл түрінің жартысынан астамы өндіріледі. Тыңайтқыштың басқа түрлеріні ( фосфор және калий) өндірге арнайы шикізат қажет болғандықтан, олардың өндірісінің орналасуына шикізат көзімен тығыз байланысты. Қазақстанда жергілікті шикізат негізінде өндірілетін фосфор тыңайтқыштары басқаларына қарағанда басымырақ; ХХ ғасырдың соңында оның көлемі 25 мың т-ға жетсе, азот тыңайтқыштары бар болғаны 10 мың т шамасында өндіріледі.
Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғарланған. Дүние жүзінде өндірілетін дәрі-дірмектің ¾ бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Жапония шығарады.
