Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.02 Кб
Скачать
  1. Қара металлургия. Ғтр-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы, өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелеріне баға беріңіз.

Қара металлургия өнеркәсібі ауыр индустрияның басты негізгі салаларының бірі. Өйткені бұл салада өндірілетін темір прокаты шаруашылықта қолданылатын негізгі құрылымы, әрі үйлестіру материалы болып табылады.Металл қорыту көлемі ұзақ уақыт бойы кез келген елдің ең алдымен экономикалық қуатын көрсетіп келеді.Энергетикалық және шикізат дағдарыстарынаң ықпалымен 70-жылдары ескі салалардың бірі болып табылатын металлургияның даму қарқыны күрт баяулады.Ең алдымен,бұл қара металлургияға қатысты. 70-жылдардың ортасына дейін бұл сала жылдам қарқынмен дамыды.Одан кейін олар күрт баяулап,ал XX және XXI ғасырлар шебінде дүниежүзілік болат өндірісі 800 млн.т.асты.Мұндай баяулау ҒТР дәуіріндегі металды көп қажет ететін өндірістің төмендеуі,қоршаған ортаны ластанудан қорғау шаралары сияқты түсіндіріледі.Бір мезгілде Солтүстік және Оңтүстік елдері арасындағы пропорция (қатынас) өзгере бастады.Қазір бүкіл дүниежүзілік болат балқытудың 2/5 Оңтүстік елдеріне (Қытаймен қоса) тиесілі.Қара металлургияның мұндай дамушы елдерге «көшіп-қонуы» бір жағынан,олардың индустрияландыруының қажеттілігімен,екінші жағынан- «лас» өндірістерді Жапония,Батыс Еуропа,АҚШ-тан бұл елдерге көшіру саясатымен түсіндірілді.Дүние жүзінің кейбір аймақтарының ішінде болат балқыту көлемінен шетелдік Азия ерекшеленеді,мұнда Қытай,Жапония,Корея Республикасы,Үндістан ірі өндірушілер болып табылады.Қара металлургия,әсіресе Қытайда тез дамуда.1949 ж. Қытай Халық Республикасын жариялау қарсаңында мұнда қара металлургия тіптен болмады.1970 ж.болат балқыту 18, 1980 ж-37, 1990 ж-85 млн.т. жетті.Ал,1996 ж. 100 млн.т.асты.Қазір бұл көрсеткіштен Қытай дүние жүзінде бірінші орын алады.

Шетелдік Еуропа (әсіресе ГФР,Италия,Франция,Ұлыбритания),Солтүстік Америка (АҚШ,Канада),ТМД елдері (Ресей,Украина) ірі болат балқыту аймақтары.

Дүниежүзілік қара металлургия географиясы тарихи тұрғыдан алғанда әр түрлі бағдардың ықпалымен қалыптасты.Бір жарым ғасыр бойы оның тас көмір алаптарына бағдары басым болды; АҚШ-тағы,шетелдік Еуропадағы,Ресейдегі,Украйнадағы,Қытайдағы басты металлургия базалары осылайша пайда болды. «Тарту күші» жөнінен екінші орынды темір кен алаптар алады.Алайда ,ҒТР дәуірінде саланың бұрынғы отын-шикізат бағдары жаппай әлсірей береді.Алғашында кокстелетін тас көмір мен темір кенін тасымалдау бағдары басым бола бастады.Осының нәтижесінде Жапонияның,Батыс Еуропа елдерінің,ішінара АҚШ-тың қара металлургиясы барған сайын теңіз айлақтарына (порттарына) жақындай бастады.Соңғы уақытта тұтынушыларға бағдар ұстау ерекше күшейді.Бұл көп жағдайда орасан зор комбинаттар салудан айтарлықтай еркін орналасатын маманданған минизауыттарды салуға көшуге байланысты.

Халқаралық нарыққа жыл сайын 200-250 млн.т. қара металл прокаты келіп түседі.Оны басты экспорттаушылар Еуропалық Одақ елдері,Жапония,ал импорттаушыларға – АҚШ,Қытай, жатады.

Соңғы 20-30 жылда АҚШ-та,Батыс Еуропада,Жапонияда қара металлургияның дамуы да күрт баяулады.Дамушы елдерде бұл сала,керісінше,айтарлықтай тез өсе бастады.Бұл жаңадан игерілген бірқатар аудандардың пайда болуына байланысты.Әрине,бұл-осы елдерді индустрияландыру белгілерінің бірі.Сонымен қатар,бұл экономикасы дамыған елдерде табиғат қорғау саясатының едәуір қатаң жүргізілуінің нәтижесі,олар «лас» өндірістің экологияға зиянды әсерін осындай жолмен азайтуға тырысады

Темір рудасын өндірушойын өндіруболат қорытупрокат(слябі) алу. Дәл осындай ұстанымдар 18 ғасырдың шегінде өнеркәсіп төңкерісінің барысында Англияның қара металлургиясы дамығанын Н.Н. Баранский ерекше атап көрсеткен болатын. Біздің заманымызда осылай отын көзі де, шикізат көзі де қатар кездесетін қара металлургия өндіріс орындары Қытайда, Үндістанда, Ресейде, ОАР-да, Украинада, Қазақстанда кездеседі. 19 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін басты ұстаным шарттардың бірі болып келді. Оның себебі 1 тонна шойын қорытуға кететін темір рудасының мөлшері, көмір шығынының мөлшерінің көптігіне байланысты. Бұған мысал ретінде Ресейдің, АҚШ-тың және көптеген шет елдердің қара металлургия өндіріс орындарын айтуға болады.қазіргі кезде әлем елдері бойынша кокстелетін көмір алабына бейімделіп орналасқан металлургия өндіріс орындарындадүниежүзі бойынша өндірілетін қара металлдың ½ бөлігі өндіріледі. Осыған байланысты Еуропада кокске деген сұраныс көбейіп кетті. қара металлургияға қажетті кокс өндіруде алдыңғы қатарда Шетелдік Еуропа, ТМД елдері, Жапония және Қытай жатады.Қара металлургия өндірісін темір рудасының алаптарына бейімдеп орналастыру ұстанымдары да өнеркәсіп төңкерісі жүрген кезде пайда болған тәсіл. Бәрақ көп жылдар бойы негізінен отын көзіне бейімдеп орналастыру тәсілінің панасында қалып келген болатын. Көп жылдар өте домна өндірісінің технологиясын жетілдіру нәтижесінде 1 тонна шойын қорыту үшін жұмсалатын темір рудасы кокстың шығынынан 2-3 есе асып түсетін болды, сондықтан қара металлургия өндірісін шартты түрде темір рудасы көздеріне тартып орналастыру тәсілі жүззеге аса бастады. Осындай зауыттар Ресей, Украина, Қытай, Бразилия, Мексика және басқа елдердің қара металлургия өнеркәсібінің орналасуына мысал бола алады. Темір рудасының көзіне дейін келіп орналасқан металлургия зауыттары дүниежүзі бойынша өндірілетін өнімінің 1/7 бөлігін береді. Ғылыми-техникалық революция дәуірінде қара металлургия мекемелері орналасуында басқа жаңа тәсілдерде орналаса бастады. Ол әдіс кокстелетін көмір мен темір таситын немесе қарама-қарсы маятник қозғалысы бағытында тасымалдау жолдарының бойында орналастыру тәсілдері. Мысалы:Ресейдегі Ора-Кузнецк комбинатын айтуға болады. Соңғы жылдардағы жаңалық қара металлургия мекемелері өндірген өнімде тұтынушылардың қоныстанған жеріне бейімдеп орналастыру кең таралуда. Бұл жаңа шешім ғылыми-техникалық революция дәуірінде пайда болған мини-зауыттырды металл өнімдерін көптеп пайдаланатын аудандарға орналастыру мүмкіндігі туды. Мұндай мини-зауыттарды көп салған мемлекеттер АҚШ, Жапония, Италия, Испания және азда болса да Бразилия мен Мексика, Корея Республикасы, Тайвань және мұнайды көптеп өндіретін бірқатар араб мемлекеттерінде бар.

Ғылыми-техникалық революция дәуірінде темір рудасын немесе шикізаттарды теңіз көліктерімен тасу бұрыңғыдан да көп есе артты, соның арқасында қара металлургия өндірісі теңіз жағалауларындағы портты қалаларда орналасуда.осындай зауыттар Батыс Еуропа елдерінде(Испания, Италия), Жапонияда, АҚШ-та кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]