- •Дүниежүзілік экономикалық, әлеуметтік және саяси география
- •"Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен зандылықтарын көрсетіңіз.
- •Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық потенциалдың роліне баға беріңіз.
- •Табиғи ресурстардың сарқылуы. Табиғат пайдалану саясатына сипаттама беріңіз.
- •Трансұлттық процестің дамуы. Трансұлттық кешен іс-әрекетінін ерекшелігі және оның дүниежүзі шаруашылығындағы роліне сипаттама жасаңыз.
- •Отын-энергетика кешенінің құрылымын көрсетіңіз.
- •Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •Мүнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары. Саланың географиясына жалпы шолу жасаңыз.
- •Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •Қара металлургия. Ғтр-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы, өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелеріне баға беріңіз.
- •Дүниежүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны түтынушылар, өнімді негізгі экспорттаушыларға сипаттама жасаңыз.
- •Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролін көрсетіңіз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •21. Көліктік-коммуникациялық жүйе. Саланың шаруашылық дамуындағы ролін көрсетіңіз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы роліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы ролі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарынын географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •28. Дүниежүзінің қаржы жүйесі. Қаржының ауысу формалары. Инвестиция, қаржылық көмек беру жағдайларына сипаттама жасаңыз.
- •29. Жеке ұлттық валюталардың қаржының дүниежүзілік нарқындағы жағдайын көрсетіңіз.
- •30. Қаржыны экспорттаушы негізгі мемлекеттерге сипаттама жасаңыз.
Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
Атом электр станциясында электр энергиясын өндіру жылу электр станцияларының сұлбаларымен бірдей дерлік.
Экономикалық көрсеткіштері жағынан атом электр станциялары жылу электр станцияларына қарағанда біршама төмен; алайда оларды жергілікті отын ресурстарымен жабдықтай алмайтын жерлерде салғанда, атом электр станциясындағы 1 кВт сағ энергия құны ЖЭС-тің құнынан артық емес.
Атом электр станцияларының өзіндік мұқтаждары жұмыс барысында асқан сенімділікті талап етеді. Міне, сондықтан көпшілік мақұлдаған жылу электр станцияларының өзіндік мұқтаж қондырғылары резервтеуден басқа, атом электр станцияларында резервті (сенімділік) дизель - генератор қондырғылары, ол кәдімгі өзіндік мұқтажды қамсыздандыру жүйесін шапшаң түрде қосуға қол жетпеген жағдайда іске қосылады. Сонымен қатар, атом электр станцияларында аккумулятор батареясын орнату ісі қарастырылды, ал ірі атом электр станцияларында тұрақты ток қозғалтқыштары бар өзіндік мұқтаждың жауапты тұтынушыларын жабдықтайтын екі батареяны қою ісі жүзеге асырылады.
Атом электр станцияларының бірінші контурының өзіндік мұқтаждар қондырғыларының ерекшеліктері - атом электр станциясы технологиялық процесінің қарастырылған сұлбаларынан корінеді.
Ал, екінші контур бөлігінде өзіндік мұқтаждар кәдімгі отынды қолданып, жұмыс істейтін жылу электр станцияларының механизмдерімен бірдей. Атом элекгр станцияларының ерекшеліктері:
1.Географиялық кез-келген жерде, соның ішінде таулы жерде салынады.
2.Сыртқы қатардағы факторлардан тәуелсіз. Өзіндік режімі автономиялы.
3.Отынның шығыны аз мөлшерде.
4.Тынушылардың ерікті графигімен жұмыс істеуі мүмкін.
5.Режімнің өзгеруіне сезімтал, әсіресе АЭС-ның реакторы жылдам нейтронмен жұмыс істейтін болса.
6.Атмосфераны бәсеңдеу ластайды, радиоактивтік газдары мен аэрозолы шамалы, санитарлық мөлшерден (нормадан) асып түспейді. Осы тұрғыдан қарағанда АЭС-ы, ЖЭС-нан көбірек болып шығуы мүмкін.
Электр энергетикасының дамуы өндірісті қызмет және тұрмыс қажетін өтеу саласын электрлендірумен тығыз байланысты. 20 ғасырдың 80 жылдарының аяғына қарай дүние жүзінде отын-энергетиика ресурстарын тұтынуда оның 1/3 бөлігінен астамын электр энегиясы құрған болса, 20 ғасырдың аяғында электр энергетикасы үлесі барлық тұтынған энергияның 2/5 бөлігін құрды. Сондықтан электр энегиясын өндіру мен тұтыну жалпы алғашқы энергетикалық ресурстарды(мұнай, табиғи газ, көмір) өндіру мен тұтынуға қарағанда тез өскені байқалады. Мысалы:20 ғасырдың 50-70 жылдары әр 10 жыл сайын электр энергиясын өндіру және тұтыну 2 есе өссе, энергетикалық дағадарыстан кейінгі жылдары энергияны үнемдеуге көшкен жылдардан(1980жыл) әлемдегі энергетика шаруашылығынның бұл секторында біршама баяу даму байқалады.
1950 жылы-950 млрд Кватт/сағ
1960 жылы-2трлн Кватт/сағ
1970 жылы- 5трлн Кватт/сағ
1980 жылы- 8 трлн Кватт/сағ
1985 жылы- 9трлн Кватт/сағ
1990 жылы- 11трлн Кватт/сағ
1995 жылы- 13трлн Кватт/сағ
2000 жылы- 14трлн Кватт/сағ
2010 жылы- 18-19трлн Кватт/сағ
2020 жылы- 26-27трлн Кватт/сағ
Әлем бөліктерінде өндірілген электр энергиясының статистикалық көрсеткіштері бойынша олардың реттік орналасуы мынандай:Солтүстік Америка,Шетелдік Еуропа,Шетелдік Азия,ТМД елдері,Латын Америкасы,Африка,Аустралия.
Статистикалық мәліметтер бойынша экономикасы дамыған елдер дүниежүзілік электр энергиясы өнімдерінің 80%, ал дамушы елдер 20% шамасында электр энергиясын өндіретінін есептеп шығаруға болады. 20 ғасырдың 90 жылдар басында әлемнің алғашқы 10 мемлекетінің құрамында болған елдер мыналар:
АҚШ,Ресей,Жапония,Қытай,ГФР,Канада,Франция,Ұлыбритания,Украина,Үндістан
Сол 20 ғасырдың аяғында 2000 жылға қарай осы алғашқы орналасу реті төмендегідей болып өзгерді:
АҚШ,Қытай,Жапония,Ресей,Канада,ГФР,Үндістан,Франция,Ұлыбритания,Бразилия,
Статистикалық мәліметтер бойынша электр энергиясын өн діруден жан басына шаққандағы көрсеткіштер:
1990 жылы - 2140 Кватт/сағ
2000 жылы – 2500 Кватт/сағ
Ал жеке мемлекеттер арасындағы осы статистикалық көрсеткіштің айырмашылығы айтарлықтай: Норвегияда бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 26000 Кватт/сағ құрайды, ал Бангладеште, Суданда, Танзанияда, Эфиопияда бұл көрсеткіш бар жоғы 100 Кватт/сағ болды. Ал халқы көп мемлекеттер Қытай мен Үндістанда бұл көрсеткіштер 350-500 Кватт/сағ құрайды. Электр энергиясын әртүрлі эллектр станцияларында өндіру(ЖЭС, СЭС, АЭС) жөніндегі мәліметтерді пайыздық үлес көрсеткіштерімен келтіретін болсақ, олар мынандай арифметикалық қатынаста екендінін көруге болады-63:20:17 тең. Бұл мәліметтер 20 ғасырдың 90 жылдар соңындығы көрсеткіштер. Бұл қатынастардан көретініміз ЖЭС-де өндіретін электр энергиясының үлесі айқын басым екенін көрсетеді. Ал енді осы ЖЭС-да өндірілетін электр энергиясының отын көздеріне байланыстылығын талдап қарайтын болсақ, онда көмір жағатын ЖЭС-де барлық электр энергияның 39% өндірілсе, газ жағатын ЖЭС-де 15%, ал мазут жа,атын ЖЭС-де 9% тең. Келешекте табиғи газ жағатын ЖЭС-да өндіретін электр энергиясының үлесі 25% көтеріледі деген болжам бар, керісінше мазіт жағатын ЖЭС-ның улесі 6% азаюы мүмкін. Осы жалпы ортақ көрсеткіштерден ерекше атап көрсететін бір жағдай бар, ол Латын Америкасында электр энергиясы СЭС-те өндіріледі. Оның себебі әлемнің осы бөлігінде су ресурстарының молдылығынан және бұл ауданда көмір ресурстарының аздығымен, сонымен қатар көптеген елдерде мұнайдың тапшылығымен байланысты екендігін түсіндіруге болады.Электр энергиясын өндірудің құрылымы жеке елдер арасында айтарлықтай түрде әртүрлі болып келеді. Бұл көрсеткіштер бойынша әлем елдерін В. П Максаковский 4 топқа біріктіруге болады:
Электр энергиясын СЭС-те, АЭС-те, бірақ ЖЭС-те бәрінен көбірек өндіретін елдер кіреді. Бұл ЖЭС негізінен көмір, мазут, табиғи газ жағатын электр станциялары. Бұлар өндірілген электр энергиясын өте жоғары қуатты ЛЭП-термен(линия электро передач) басқа аудандарға тасымалдайды. Бұл топқа АҚШ пен Шетелдік Еуропаның көптеген елдері кіреді, бұған Ресейді де жатқызуға болады.
Барлық электр энергиясын өндіру негізінен тек ЖЭС-терде өндіретін елдер кіреді. Статистикалық мәліметтер бойынша бұл топқа Нидерланды, Польша, ОАР, Румыния, Қытай, Мексика, АУстралия кіреді. Бұл елдердің кей біреуі көмірге бай(Қытай, Польша, ОАР, Аустралия) немесе мұнай мен газға бай(Мексика, Нидерланды, Румыния). Осындай табиғат ресурстары мол болғандықтан бұл елдерде электр станциялары осы отын көздеріне орналасқан.
Электр энергиясын негізінен СЭС-терде өндіретін елдер кіреді. Олар: Норвегия, Бразилия, Канада және Швеция. Бұл мемлекеттер су ресурстарына бай, ондықтан олар электр энергиясын өндіру үшін кеңінен қолданады. Бұл топтағы елдерге сонымен қатар Албания, Гондурас, Непал, Шри-ланка, Парагвай жатады. Бұл елдердегі электр энергиясын 90% СЭС-те өндіреді. Ал Эфиопия, Габонда бұл көрсеткіш 80% құрайды. Ал Аустрия, Колумбия, Перу, Кения, Мадакаскар, Жаңа Зеландияда су энергетикасының үлесі 70% жоғары. Бұл елдерде минеральдік отын қоры өте аз, ал су ресурстарына өте бай. Жалпы СЭС-те өндірілетін барлық электр энергиясының көрсеткіштері жағынан әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекеттер Канада, АҚШ, Ресей, Бразилия. Осы елдерде аса ірі СЭС-тер орналасқан. Соңғы уақытта СЭС-терді салу құрылыстары экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де көптеп салынуда. Жарияланған мәліметтер бойынша соңғы 20-30 жылдың аралығында Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде СЭС қуаты 300млн Кват-қа дейін өсіп, олардың жалпы қуаты Солтустік Америкадағы немесе Еуропадағы СЭС-тердің қуатынан асып түсетін бағыты бар. Электр энергиясын өндіретін жаңа СЭС-тердің басым көпшілігі Бразилияда, Қытайда және Үндістанда салынуда.
