Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.02 Кб
Скачать

Дүниежүзілік экономикалық, әлеуметтік және саяси география

  1. "Әлем шаруашылығы" түсінігі, маңызы, дамуының негізгі тенденциялары мен зандылықтарын көрсетіңіз.

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты. Сайып келгенде әлемдік шаруашылық өндірістің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінің артуы, осындай процестерге көптеген жаңа мемлекеттердің кіруі, дүние жүзі сауданың экономика өрлеудің басты нысанына айналуы, халықтың және ұлттық шаруашылықтардың әр түрлі тауарларға сұранысын қамтамасыз ету заңдылықтарынан туындады. Мұнда өндіріс және банк құрылымдары үлкен рөл атқарды, солардың негізінде экономика мен саясаттың үстемдігін орнатушы қаржы капиталы пайда болды.

Әлемдік шаруашылықтың одан әрі дамуы капиталды үдемелі түрде сыртқа шығарумен, трансұлттық компаниялардың құрылуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, әлемдік шаруашылықтың даму процесі үкіметаралық және үкіметтен тыс халықаралық ұйымдардың өркен жаюымен де сипатталады. Ондай ұйымдар XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап құрылып, қазіргі кезде оның саны 20 мыңға жуықтады. Атап айтсақ Халықаралық телеграф одағы (1865 жылы), Дүние жүзі сауда ұйымы (ЮНКТАД),Дүние жүзі кеден одағы, Шикізат өндіруші елдер одағы (ОПЕКАПЕФ т.б.), Энергетикалық ресурстармен сауда (Еуропалық энергетикалық хартияМИРЭС т.б.) және т.б. кіреді.

Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әрқилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалык қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШГерманияФранцияҰлыбританияЖапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялдық елдерге БразилияМексикаАргентинаОңтүстік КореяТайвань т.б. жатады.

Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзі сауда ұйымы, Дүние жүзі сауда ұйымы, әр түрлі банкілер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Қазақстанның әлемдік шаруашылықтары мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.

Әлем шаруашылығы – бұл халықаралық географиялық еңбек бөлісуінің нәтижесінде бір — бірімен экономикалық қатынастар арқылы байланысқан және тарихи қалыптасқан барлық елдердің ұлттық шаруашылықтарының жүйесі. Ол өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Адамзат қоғамы негізгі даму кезеңдерінде 3-кезеңнен өтті. Олар: аграрлық (осы кезеңде негізінен ауыл шаруашылығы мен соған байланысты шаруашылықтар дамыды), индустриалды (өнеркәсіптік революцияның XVIII-XIX ғасырдағы нәтижесі. Осы кезеңде әлем шаруашылығының құрылысында өнеркәсіп жетекші рол атқарды. Ал XX ғасырдың 2-жартысында ҒТР-ның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа типі –постиндустриалды тип қалыптаса бастады.

ҒТР-ның негізгі әсері қызмет көрсету саласының дамуы. Нәтижесінде соңғы уақытта әлем шаруашылығында жекелеген елдерде де шаруашылықтың салалық құрылымдарында нақты 3-деңгей қалыптасты деуге болады. Осы заманғы әлемдік өнеркәсіп күрделілігімен және аса диверсификацияланған құрылымымен ерекшеленеді. БҰҰ жіктеуі бойынша әлем шаруашылығында 300-ден аса салалар мен сала ішіндік құрылымдар бар. Кез келген елдің әлем шаруашылығына байланысы осы елдің индустриализациялануы деңгейіне өнеркәсіптің қуатына, ішкі нарығының сыйымдылығына байланысты.

Өнеркәсіп өнімінің құрамы мен номенклатурасы (өнімнің түрлері) бойынша АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған елдер кіреді. Интеграция-шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғарғы формасы. Ол жоғарғы дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі мен корпорациялық байланыстардың нәтижесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]