- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
Шетелдік Азияның территориясында ендік зоналықтың қалыптасуы азональді факторлармен және климатпен байланысты. Климат белдеуінің және табиғи зоналардың шегі орографиялықбарьер арқылы өтеді. Парапамиз, Гиндукуш, Гималай, Тавр, Понт тауларының су айрығы екі табиғи зонаның шегі болып табылады (субтропикалық сирек ормандар, саванналар және құрғақ дала (Тавр, Понт және т.б.), шөлейт және тропикалық ормандар (Сүлеймен тауы, Кухруд және т.б.). Осындай биік таулы табиғи комплекс биік белдеулермен анықталады да төменгі белдеулерде зоналық сипатқа ие болады. Басымды табиғи кешендерінің қалыптасуы ылғалдылықтың шамадан тыс көп және аз болуына байланысты.
Шетелдік Азияның Шығыс Азия немесе Қиыр Шығыс аймағы Шығыс Қытай, Солтүстік-шығыс Қытай, Корей түбегі және Жапон аралдарын қамтиды. Осы физико-географиялық аймақты біріктіретін табиғаттың белгісіне - материктің шығыс бөлігіндегі географиялық орны, табиғи кешендердің дамуы мен қалыптасуы, муссондық циркуляция мен арктикалық ауа ағымының әсері, қыс мезгіліндегі Азия антициклоны мен Алеут минимумының әсерлері жатады.
Шығыс Қытайдың бөлінуі:
Ұлы Қытай жазығы (Шығыс және Батыс ауданы).
Шаньдунь таулы массиві.
Оңтүстік Қытай таулары (Оңтүстік Қытай және Примор).
Сычуань қазаншұңқыры (Қызыл бассейн).
Циньлинь (Солтүстік Циньлинь, Оңтүстік Циньлинь).
Жайылмалы-Синзян (ылғалды тропикалық)
Оңтүстік-батыс таулы қыраты (Гуйчысоу үстірті, карсты Юньнань)
Тайвань аралы (шығыс-таулы және батыс жазықты).
Жапон аралдары (Солтүстік Жапон, Рюкю).
Шығыс Қытай - бұл кең аймақ Янцзы және Хуанхэ өзендерінің бассейнінде 18 және 410 с.е. орналасқан. Шығыс Қытайдың жер бедеріне орташа биіктіктегі және үлкен ойпаңдары бар аласа эпиплатформалық таулар тән. Олар ежелгі массивтерде құрылған және аймақ аккумулятивті жазықтар мен жақпарлы-қатпарлы жартастармен де сипатталады. Таулар ұзақ континентальды режимдердің жүргенін байқатады (үгіліп, жазықтанған төбелердің кең таралуы) және неотектоникалық қозғалыстар, бастысы вертикальды (жоғары қарай) көтерілулер мен опырылулар, «жас» бедерлердің түзілуі, жанартаулардың атқылауы (вулканизм) мен мұз басу процестерінің болғаны анық. Ең ерекше байқалатыны Цинлинь жотасы (биіктігі 400 м астам) – ол маңызды климаттық және ландшафттық ерекше жер, негізі Хуанхэ мен Янцзы өзен бассейндерінің суайрығында орналасқан. Осы Цинлиньнен оңтүстікке қарай аласа және орта таулардың Наньлин деп аталатын «лабиринт» жалғасады. Аймақтан оңт.батысқа қарай Гуйчжоу және одан биігірек саты – Юньнан тау үстірті орналасқан. Соңғысы кристалды әктастардан құралады және тропикалық карсттың кең таралуымен сипатталады. Енді солтүстікке қарай үш ждағы аласа таулармен қоршалған, шығысқа қарай ашылатын Ұлы Қытай жазығы орналасқан. Ол жас аккумулятивті жазық болып есептеледі, қалыптасуы неоген кезінде Қытай платформасы кең синеклезасының Хуанхэ өзенінің аллювиалды шөгінділерімен толуымен пайда болады. Оңтүстікке қарай Янцы өзені ойпатының орта және төменгі ағысында Ұлы Қытай жазығынан бөлінген, денудацияланған, бірақ тамаша бейнелі Шаньдунь массиві орналасады. Янцзы ойпатының тағы бір керемет ерекшелігі мұнда тектоникалық көлдердің көп таралуы, мысалған Дунтинху мен Поянху. Сонымен қоса ұсақ, батпақтармен қоршалған көлдер бар. Янцзы өзенінің орта ағысында Қызыл бассейн мен Сычуань қазаншұңқыры орнласады. Бұл бассейнің атауы оның түбіне қызыл іріконтинентті шөгінділердің жиналып қабать түзуіне байланысты аталған. Қызыл бассейн мен Хуанхэ, Янзы, Сицзян ойпаттары ҚХР-дің тығыз қонытанған және жан-жақты игерілген аймағы болып табылады.
Шығыс Қытай үш клитматтық белдеуде орналасқанмен (көп бөлігі субтропикалық белдеуде, Ұлы Қытай жазығының солт. Бөлігі – қоңыржай белдеуде, Оңт Қытай жағалауы – тропикалық белдеуде), жалпы муссонды климат тән. Жауын шашынның 70%-ы жазда түседі. Бірақ Янцзы аңғарының аймағында жаңбыр қыста көп жауады, себебі бұл тынықмұхиттық теңіздік және континеттік ауа массаларының өзара әсерінен фронтта циклондық климат орнайды. Климаттық ерекшеліктер қысқы температуары көрсеткіштерінің айырманһшылығымен есептеледі. Қаңтар айында солтүстіктегі температура теріс (-40), оңтүстікте осы уақытта +180 болады. жалпы аймақтың климаттық ерекшеліктері қыста территорияның ендігіне тәуелділікте болса, жазда оның ұзақтығымен ерекшеленеді. Жалпы мұхит жағалауынан алыстаған сайын батысқа қарай жазғы температура өсіп, жауын шашын көлемі азая түседі.
