Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179__1201_rly_1179_tar_men_m_1201_khittardy_11...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.2 Кб
Скачать
  1. Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.

Ф.Н.Мильков басқарған Воронеж университеті ғалымдарының еңбектері антропогендік ландшафтар модификациясын картаға түсіру мен оны жіктеуге бағытталған.Қазақстан территориясы бойынша геожүйелердің табиғи даму тенденциясына техногенез факторларының әсер ету ерекшелігі мен оның салдарына талдау жасап, табиғи ландшафтарды тиімді пайдалану мен оның экологиялық ахуалын жақсарту шараларына арналған ғылыми, комплекстік еңбектер жоқтың қасы.

А.И.Перельманның антропогендік ландшафтарды белгілі бір жүйеге келтіруде пайдаланған геохимиялық принципі материяның қозғалыс формасына негізделді және ландшафтардың дамуын төмендегідей кезеңдерге жіктеді: абиогенді (тек механикалық және физикалық - химиялық миграция), биогендік (биологиялық миграция қосылады), техногендік (техногендік миграция қосылады). Біздің түсінігімізше техногендік комплекстердің пайда болуы ең алдымен техногендік заттардың шоғырлану қарқындылығына, яғни техногендік миграция көлеміне байланысты; кейіннен ландшафт шеңберіндегі техногендік заттардың миграциялық сипаты зоналық және региональдық факторларға, әсіресе техногендік, механикалық және биологиялық миграциялардың қарқындылығының қарым - қатынасына тікелей байланысты.

Ландшафттардың антропогендік модификациясы террасты тау беткейлерінде жиі орын алады. Осы себептерге байланысты биота мен геома элементтерінің өзгеруінен климат жағдайы да өзгереді.

  1. Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.

Берілген аймақ екі климаттық белдеуді (тропиктік және субэкваторлық) қамтып, екі орогенезде (докембрийде) - Үндістан платформасы мен альпілік - Гималай тауы мен Үнді-Ганг жазығының тау аралық ойысында қалыптасқан. Аймақ ландшафттарының дамуы мен дифференциациясына мынадай табиғат факторлары: ылғалды муссонды климаттың континентальды климатқа ауысуы; ауа ағымына Гималай тауының орографиялық кедергісі; көне-вулканды, сулы эрозиялы, криогенді және батыстағы-дефляциялық процестер әсерін тигізеді.

Биотасының реликтілігі жағынан Үндістан түбегі ерекше аймақ түзеді. Басымды биоталар (жерортатеңіздіктен азиаттық, тропиктік және субэкваторлық) әртүрлі генезиске ие. Топырақ пен өсімдіктер жамылғысының барлық элементтері жауын-шашынның түсу мөлшері мен режиміне бағына отырып табиғат комплекстерінің құрғақ саванналы түрінен ылғалды саванна құрылысына ауысады, яғни алғашында желге қарсы тау беткейлерінің субэкваторлық ормандар сипатынан мәңгі жасыл субэкваторлық ормандардың муссонды типіне ұласады. Міне, осы зоналы табиғат кешендерінің даму жағдайы 500-800 мм-ден (саваннада) 1000-2500 мм дейінгі (ормандарда) жауын-шашынның алмасуымен сипатталады. Табиғат комплекстерінің кеңістікте таралу сипаты биіктік белдеуге де, яғни оның қалыптасуы - беткей экспозициясына, абсолюттік және салыстырмалы биіктігіне, ылғал әкелетін басым желдердің бағытына байланысты.

Гималай тауы төмендегідей физико-географиялық облыстарға бөлінеді: Шығыс, Орталық және Батыс Гималай. Бұлардың әрқайсысы жеке тау бөктерінен (Сивалик атты), Үлкен және Кіші тау үстірттерінен тұрады.

Гималай жүйесі Тетистің геосинклинальдық бассейнінен Оңтүстік Еуропа және Батыс Азия тауларымен бір мезгілде пайда болған. Оның қалыптасуы оргенездің үш негізгі фазасы кезінде, олигоценде ежелгі кристалдық ядро мен тұнба жыныстардан тұратын орталық зона пайда болған кезде, миоценде және антропогеннің басында өткен. Гималайдың көтерілулері қазіргі уақытта да аяқталған жоқ, бұл туралы біршама жиі жерсілкінулер және ерте төрттік шөгінділерінің теңіз деңгейінен жоғары жатқан орны куә бола алады. Таулардың құрылысында архейден төрттік дәуірге дейінгі әртүрлі жастағы кристалдық, метаморфтық, шөгінді және фулкандық жыныстар қалыптасады. Олар орталық бөліктерінде қуатты жоғарғы ығысулар мен жырылулардың нәтижесінде күрделенген күшті қатпарларға жинақталған. Гималайдың геологиялық құрылысының ерекшелігі – Үнді платформасының комплекстеріне ұқсайтын кембрийге дейінгі жыныстардың басым келуі, геосинклинальдық типтегі теңіздік қалың шөгінділердің өте аз таралуы, неоген-антропоген кезінде тектоникалық жандануға ұшыраған Үнді платформасы шетінің орнында пайда болған тау жүйесі деп қарауға негіз береді.

Гималай – Азияның аса ірі климат айрығы. Одан солтүстікке қарай қоңыржай ендіктің континенттік ауасы, оңтүстікке қарай тропиктік ауа массалары басым келеді. Гималайдан оңтүстікке қарай муссондық циркуляция, ал солтүстікке қарай шұғыл континенттік жағдайлар қалыптасады. Сондықтан Гималайдың солтүстік және оңтүстік беткейлерінің климаты әртүрлі болып келеді.

Үнді-Ганг ойпаты азияның аса зор аллювиалды жазықтарының бірі болып саналады. Бенгал шығанағының жағалауынан Аравия теңізіне дейінгі ұзындығы 3000км, ал ені 250-300км-ге созылып жатыр. Ойпаттың солтүстік пен батыс шекарасын Гималай мен Белуджистан таулары түзеді, оңтүстікте Үндістан түбегінің таулы үстірті бой көтеріп тұр.

Кайнозой бойы қалыптасқан теңіз бассейні таудан келген шөгінділермен толды. Бұл толу теңіз түбінің шөгуімен қатар жүрді, сондықтан ойпатты бұзатын ежелгі аллювиалды қабаттардың қалыңдығы 2500м-ге жетеді. Олар негізінен таудан өзен сағаларына қарай барған сайын жұқара беретін құм саз шөгінділерінен тұрады. Өзен аңғарлары ежелгі аллювиалды қабаттарына тіліп түскен және жыл сайын өзендер жайылғанда жиналған қазіргі аллювиалды материалдарға толған.

Үнді-Ганг ойпаты қазіргі кездегі ландшафт құрушы факторларына қарай екі физико-географиялық облысқа бөлінеді: Үнді, Ганг ойпаттары және Тар шөлі. Үндістан түбегіне Батыс және Шығыс Гаты таулары, Декан таулы үстірті және Цейлон аралы кіреді. Физико-географиялық аудан болып Майсор таулы үстірті, Чхота-Нагпур таулы үстірті, Нилгир, Ангималай, Кардамонов, Шығыс-Гат, Таулы-Малабар, Құмды-Коромандель, Солтүстік-жазықты Цейлон, Оңтүстік-Цейлон жатады.Үндістан территориясының үлкен бөлігі жер бетіне шығып жатқан кейінгі қозғалыстармен ыдыраған және эрозиямен тілімделген пенепленденген үстірт түзеді. Өзен аңғарлары үстіртті беткейлері тік, жиі сатылы және беті белесті келетін жекелеген учаскелерді бөліп тұрады. Шығыста ежелгі тектоникалық депрессияларда тас көмірдің аса бай қоры бар, жасы пермь карбоннан бор дәуіріне дейінгі Гондван Сериясы деп аталатын континенттік және лагуналық шөгінділердің қалың қабаттары жатыр. Үндістанның солтүстік батыс бөлігін мезозойдың аяғы мен кацнозойдың басында шығып төгілген базальттық қабаттар жапқан. Бұл лавалар тік кемерлермен шектелетін төрткүл үстірттер түзеп, үлкен кеңістікте таралып жатыр. Үндістанның климаты құрғақтау, бірақ төменгі Үнді бассейніне қарағанда ылғалды болып келеді. Облыстың барлық аймақтарына дерлік оңтүстік батыс муссонның әсеріне байланысты жазғы максимум айқын көрінеді. Түбектің батысында жауын шашынның мөлшері 2500мм-ге, ал шығысы мен солтүстік шығысында 1000-1300мм-ге жетеді. Ең құрғақ климат, Үндістанның оңтүстік батыс және оңтүстік шығыс муссондарынан Батыс және Шығыс Гат тауларымен қоршалып жатқан ішкі аудандарына тән. Бұл аймаққа бүкіл жыл бойы жоғары температура тән. Ең ыстық күндер ылғалды муссон басталар алдында болады. ол кезде орташа температура С болады. Сонымен бірге температураның С және одан да жоғары көтерілуі байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]