- •Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- •Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
- •Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
- •Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
- •Евразия табиғатының ерекшеліктері – оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
- •Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
- •Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
- •Өзендер жүйесінің қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсерін сипаттаңыз. Су ресурстары. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалануына баға беріңіз.
- •Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
- •Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясын сипаттаңыз, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдарына баға беріңіз.
- •Азияның геологиялық құрылымы мен дамуы және жер бедеріне сипаттама беріңіз. Аравия, Үндістан, Қытай, Сібір платформалары, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділігін көрсетіңіз.
- •Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары мен ішкі суларын қарастырыңыз.
- •Азияның аса ылғалды және қуаңды облыстарына сипаттама беріңіз.
- •Солтүстік Шығыс Сібір мен Батыс және Орталық Азия шөлді аймақтарындағы көлдердің шоғырлану себептеріне баға беріңіз.
- •Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің мәселелерін қарастырыңыз. Гидроресурстарды пайдалануына баға беріңіз.
- •Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әртүрлі табиғат зоналарындағы жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеруне сипаттама жасаңыз.
Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарының сипаттамасына шолу жасаңыз.
Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады. Оңтүстігі Палеотропика флоралық және Үнді-Малай фауналық облыстарына кіреді. Топырақты-өсімдікті жамылғысы мен жануарлар дүниесі, негізінен, 2 бағытта — ендік бойынша және мұхит жағалауынан құрлықтың ішіне қарай өзгереді, тауларда олар биіктік бойынша таралған. Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан. Олар: тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт белдемдер. Мұхиттарға жақын бөлігінде олардың шекаралары ендіктен біраз ауытқиды. Қоңыржай белдеудің оңтүстік шетінде жазықтық белдемдер батыстан шығысқа қарай алмасып отырады. Атлант мұхиты маңында орман, Карпат таулары маңында орманды дала, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігінде дала мен шөлейт, Қазақстан мен Орталық Азияда шөлейт пен шөл, Моңғолияда дала мен орманды дала, Манчжурия мен Жапонияның солтүстігінде қайтадан орман белдемдері орын алған. Белдемдер субтропиктік белдеуде де батыстан шығысқа қарай алмасады (Жерортатеңіздік қатты жапырақты ормандар мен бұталар, Кавказ сырты мен Кіші Азияның субтропиктік далалары мен шөлейттері, Иран таулы қыраты және Орталық Азияның оңтүстігінің субтропиктік шөлдері). Бұл белдеудегі құрлықтың ішкі бөлігінде шөлейт, Памир мен Тибет тау қыраттарында биік тау шөлі таралған. Тропиктік белдеуге жататын Араб түбегі, Месопотамия және Инд өзенінің алабында тропиктік шөлейт пен шөл орын алады. Шығысындағы тропиктік ендіктерден солтүстік субэкваторлық белдеу өтеді (ауыспалы ылғалды субэкваторлық ормандар мен саванна белдемдері). Экваторлық белдеу Малакка түбегі мен Филиппин аралдарының оңтүстігін, Цейлонның оңтүстік-батысын, Үлкен Зонд аралдарын қамтиды (мұнда ылғалды экваторлық орман — гилея таралған). Кіші Зонд аралдарын оңтүстік экваторлық белдеудің ормандары мен саванналары алып жатады. Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлардың белдемдік таралуына таулар күрделі өзгеріс енгізеді. Еуразияның қоңыржай белдеуінің ішкі үлкен бөлігін қамтитын тау жүйелерінде ендік белдемдік биіктік белдеулердің құрамына кіреді. Құрлықтың жеке бөліктерінің табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзгерген. Бір жағынан, қалалар мен өнеркәсіп көп шоғырланған (Батыс Еуропа), екінші жағынан, егіншілікке ертеден пайдаланылып келе жатқан, әрі ауыл халқы тығыз қоныстанған (Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия) аудандар өзінің табиғи қалпынан мүлде айырылған. Ондай жерлерде антропогендік ландшафт қалыптасқан. Оған керісінше, Орталық Азия мен Тибеттің шөлдік таулы үстірттері, экватор маңындағы ылғалды орман жауып жатқан кейбір аралдардың табиғаты алғашқы қалпынан өзгермеген. Морфотектоник. құрылымның бірлігіне, жаңа тектоникалық қозғалыстардың ұқсастығына, климат түзуші факторлардың және климатының ерекшеліктеріне, табиғат белдемдерінің жиынтығына байланысты Еуразияны мынадай ірі табиғи аумақтық кешендерге бөлуге болады: Арктиканың Еуразияға қарасты бөлігі — Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Азия, Жерорта теңізі маңы және Алдыңғы Азия таулы қыраттары, Оңтүстік-батыс Азия, Орталық Азия, Биік Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия.
Орографиялық құрылымы жағынан күрделі және әртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысқан орталығында орналасқан таулы системалардың биіктік белдеулері күрделі, дегенмен мұндай жағдайда да бір ландшафттық зонаға сәйкес келетін биіктік белдеулер спектрін анықтауға болады. Мысалы, Кавказ тауларында 6-7 негізгі биіктік белдеулерді бөлуге болады.
Климаттың континентальдығына, ылғалдың режимі мен қарқындылығына байланысты әрбір физгеографиялық сектордағы биіктік белдеулердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, мұхит маңына жақын орналасқан секторларға альпі шалғынды белдеуі тән, ал континенталды аймақтарда оның орнына таулы тундра белдеуі қалыптасады. Керісінше таулы далалық белдеу тек континентальдық секторларда қалыптасады. Әсіресе төменгі ендіктерде орналасқан секторларда биіктік белдеулердің толық жиынтығы қалыптасып, біртіндеп жоғарғы ендіктерге жылжыған сайын төменгі белдеулер жоғалып, белдеулердің шекаралары төмендейді, мысалы, Қиыр Шығыстың жалпақ жапырақты зонасында орналасқан Сихоте-Алинь тауының оңтүстік бөлігінде 500 м дейін жалпақ жапырақты орман, аралас орман 800—900 м , таулы қылқан жапырақты тайга 1300-1500 м, ал ең жоғарғы биіктіктерінде таулы тундра мен тас қайыңнан тұратын сирек орман белдеулері орын алған. Ал таулы қыраттың орталық бөлігінде (470 с.е. шығыс беткей) төменгі белдеу жоғалып, биіктік белдеу қатары аралас орман белдеуінен басталады. Сихотэ-Алиннің солтүстігінде белдеулер – таулы қылқан жапырақты тайгадан басталады. Ал Камчаткада жоғарыда аталған белдеулердің үшеуі де жоғалып, биіктік белдеудің “1-қабаты” тас қайыңды белдеуден басталса, оның солтүстік бөлігінде биіктік белдеу негізі – төсеніш бұтадан басталады, жалпақ жапырақты орман зонасында бұл белдеу таудың ең жоғарғы ярустарына сәйкес.
